Жел 20, 2016 20:51 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 348-ші бөлім, 90-95 аяттар

«Һуд» сүресінің сүресінің 90-шы аяты:

« واستعفروا ربکم ثم توبوا اليه ان ربٌي رحيم ودود » 

“Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Шынында менің Раббым ерекше мейірімді, өте сүйгіш....” (90).

Алдыңғы бағдарламаларда Мадян қаласының халқы хазірет Шұғайыптың шақыруын қабылдауға дайын болмай, онымен қарсыласып, қырсықтық танытты деген болатынбыз. Бірақ хазірет Шұғайып жанашырлық пен жақсылық тілеп, оларға: «Егер осы қылықтарыңа абай болмасаңдар, Алланың қаһары мен жазасына ұшырайсыңдар» деген кеңес берді. Осы аят та хазірет Шұғайыптың қауымын тәубеге келу мен оның тура жолға шақыруына оралу туралы сөздерінің жалғасында Пәруәрдігерді «тәубені қабылдаушы» және «мейірімді» деп атайды.  Әлбетте, тәубе – Алланың пенделеріне оралу үшін берген жолы мен Оның шексіз рақымының белгісі.Осы аяттан үйренетініміз:1.    Күнәһарларға ескерту және құлаққағыс жасаумен бірге оларға оралу мен түзелу  жолын да көрсету керек. 2.    Алла Тағала тәубені қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар тәубеге келушілерді жақсы көреді. 

«Һуд» сүресінің 91 аяты:

« قالوا يا شعيب ما نفقه کثيرا مما تقول و انٌا لنريک فينا ضعيفا و لولا رهطک لرجمناک و ما انت علينا بعزيز»

Олар: “Әй, Шұғайып! Біз сенің айтқандарыңның көбін түсінбейміз. Әрі сені ішімізде әрине төмен көреміз. Егер ағайының болмаса еді, әлбетте таспен атып өлтірер едік. Сондай-ақ сен бізге қадірлі емессің” деді (91).

Бірақ қырсық кәпірлер хазірет Шұғайыптың өз қауымына жетекшілік ету үшін көрсеткен барлық мейірімі мен жанашырлығының алдында қырсықтықтары мен қыңырлықтарын арттырып, ол хазіретке өлтіру туралы қоқан-лоққы жасады. Пайғамбарлардың ерекшеліктерінің бірі халыққа анық сөздер айтып, өздерінің шақырулары үшін анық дәлелдер мен мұғжизалар көрсету екендігіне қарамастан, кәпірлер Шұғайыпты «сөздері түсініксіз әрі қабылдауға лайық емес» деп айыптады. Кәпірлер хазірет Шұғайыпты қорлап, кемсітіп, оның күшін түкке тұрғысыз әрі шектеулі деп санап, тіпті оның қауымы мен тайпасы үшін құны жоқ десті.  Осы аяттан үйренетініміз:1.    Пайғамбарлар халыққа жетекшілік ету жолында ең көп қорлаушылықтар мен тілмен шағып сөйлеген сөздерге шыдады.2.    Пайғамбарлардың қарсыластары дәлел мен қисынға ие емес. Олардың қисыны – қорлау, азаптау және өлтіру. 

«һуд» сүресінің 92-93 аяттары:

Шұғайып (Ғ.С.): “Әй, халқым! Сендерге Алладан ағайыным қадірлі ме? Алланы мүлде арқаларыңның артына тастадыңдар. Расында, Раббым не істегендеріңді толық білуші” деді. (92) “Әй, халқым! Қолдарыңнан келгенін істеңдер, мен де істеймін. (Міндетімді атқарамын.) Жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін білесіңдер. Енді бақылаңдар! Әрине мен де сендермен бірге бақылаушымын” деді (93).

« قال يا قوم ارهطي اعزعليکم من الله واتخذتموه وراء کم ظهريٌا انٌ ربٌي بما تعملون محيط » ، « و يا قوم اعملوا علي مکانتکم انٌي عامل سوف تعلمون من ياتيه عذاب يخزيه و من هو کاذب و ارتقبوا انٌي معکم رقيب »

Қарсыластар мен кәпірлер өздерінің соңғы сөздерін айтып, хазірет Шұғайып оларға жетекшілік етуден үмітін үзген кезде оларға қаратып: «Не істегелерің келсе, соны істеңдер! Мен де өз жолыммен жүремін. Жақында біздің қайсымыздың бақытқа жететініміз анықталады. Сендер «Егер солар болмағанда сені өлтіріп тастар едік» дейтіндей мен өзімнің қауымым мен тайпама арқа сүйемеймін. Мен Аллаға тәуекел етіп, Соған үміт артамын. Менің туыстарымды Алладан артық санайтын ол сендерсіңдер. Алланың сендердің барлық жағдайларыңнан хабардар екендігін білмейсіңдер» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Уағыз бен насихат іске жарамайтын кезде істің салдарына қатысты ескерту жасау қажет2.    Егер басқаларды тура жолға нұсқаудан үміт үзсеңдер, өздеріңнің жолдарың мен тәсілдеріңнен қол үзбей, табандылық танытыңдар. 

«Һуд» сүресінің 94-95 аяттары:

« و لمٌا جاء امرنا نجٌينا شعيبا والذين آمنوا معه برحمة منٌا و اخذت الذين ظلموا الصيحة فاصبحوا في ديارهم جاثمين » ، « کان لم يغنوا فيها الا بعدا لمدين کما بعدت ثمود

Әміріміз келген заманда Шұғайып (Ғ.С.)-ды және онымен бірге иман келтіргендерді мәрхаматымызбен құтқардық. Сондай-ақ залымдық қылғандарды бір ащы дауыс қолға алды да жұрттарында етбеттеген бойда жоққа айналды; (94) Тіпті ол жерде отырмағандай. Естеріңде болсын! Сәмүд елі мәрхаметтен алыстатылғандай Мәдян елі де алыстатылды (95).

Мадян қаласының қырсық, Алланың әмірін қабылдамаған қауымының соңы да бұрынғы басқа кәпір қауымдар сынды осы дүниеде Алланың жазасына ұшырап, жер бетінен жойылумен аяқталды. Жер бетінің барлық тұрғыны табиғи түрде, болмаса апатқа ұшырап өмірден озады. Алайда Алланың рақымынан алыстағандарының салдарынан ажал құшу хақты қабылдап, Алланың шексіз мейіріміне кенелуге дайын болмаған адамдардың ғана маңдайларына жазылған. Әйтпегенде Алланың рақымы кең әрі шексіз. Оның қаһарының күшті әрі алапаттығы соншалықты, тіпті егер бір аймақты қамтыса ол жерді ешкім бұрын қоныстанбағандай, тып-типыл етіп, астын-үстіне келтіріп, құтқарылу мен құтылуға жол қалдырмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:   1.Алланың қаһары ерте ме кеш пе, бәрібір болады.2. Иман – құтқарылу мен күпірліктің кілті, жойылу мен құрдымнан құтқаратын мәйек. 3. Залымдардан бойды аулақ салу және оларды жеккөру –  илаһи және құрани жол.