Жел 20, 2016 20:53 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 347-ші бөлім, 87-89 аяттар

«Һуд» сүресінің сүресінің 87-ші аяты:

« قالوا یا شعیب اصلوتک تامرک ان نترک ما یعبد آباؤنا او ان نفعل فی اموالنا ما نشاء انک لانت الحليم الرشید »Олар: “

Әй, Шұғайып! Біздің аталарымыздың табынғанын тастауымызды немесе малдарымызды қалауымызша істетуден тыйылуымызды саған намазың әмір ете ме? Тіпті сен өте жұмсақ, аса есті көрінесің” деді (87)

7Өткен бағдарламада хазірет Шұғайыптың халықты экономикалық істерде халал мен харамды сақтауға шақырып, сатқан кезде кем беруден аулақ болуға үндегенін айттық. Ол: «Алла сендер үшін саудада анықтаған халалдың мөлшері адамдарға сатқан кезде кем беру арқылы сендер табатын харам дүниеден артық» деді. Бірақ Мадян халқының өздерінің пайғамбарларының сөздерін тыңдауға дайын болмағаны былай тұрсын, тіпті оған: «Біз сені тақуа, түсінігі бар адам деп білетінбіз. Сенен мұндай таңқаларлық сөздерді естиміз деп күтпеген едік. Сен бізді өзіміздің мал-мүлкімізге иелік етуден бас тартқызбақсың ба? Немесе ата-бабаларымыздың әдісінен қол үздірмексің бе? Айтып тұрған сөздерің не?» десті.  Бір қызығы, барлығы хазірет Шұғайыптың талаптарын оның намазымен байланыстырып: «Намаз осындай бұйрықтар береді ме?» деп сұрайтын. Намаз, егер нағыз намаз болса, һәм адамды басқа пұттарға көңіл аударудан тежеп, һәм күнделікті өмірде оған заңсыз кәсіп пен істе немесе харам табыс табуда бөгет болатындығы белгілі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Намаз бен жалбарыну Алланың барлық діндерінде болған. Барлық діндердің ізбасарлары намаз арқылы Алламен байланыста болған.2. Ата-бабалардың пікірі мен сенімдеріне еру пайғамбарлардың қисынды сөздері және олардың жолдары мен рәсімдері алдында дәлел бола алмайды.  3. Қожалық мал-мүліктегі қандай да болмасын  иелікке дәлел болмайды. Тұтыну Алланың заңдары аясында орындалуы керек.

«Һуд» сүресінің 88 аяты:

« قال یا قوم ارایتم ان کنت علی بينة من ربی و رزقنی منه رزقا حسنا و ما ارید ان اخالفکم الی ما انهيكم عنه ان ارید الا الاصلاح ما استطعت و ما توفیقی الا بالله علیه توکلت و الیه انيب » 

(Шұғайып Ғ.С.): “Әй, халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстінде болсам және өз қасынан маған көркем ризық берген болса, сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын. Шамам келгенше түзелтуді ғана қалаймын. Табысты болуым Аллаға ғана байланысты. Оған тәуекел еттім әрі Оған бойсұнамын” деді (88).

Хазірет Шұғайып осы аятта қауымының орынсыз сұрағына жауап беріп, былай дейді: «Егер мен сендерді өздеріңнің мал-мүліктеріңе жөн-жосықсыз иелік етуден тыйсам, ол қызғаныш немесе көре алмаушылықтан емес, сендердің өмірлерің мен қоғамдарыңды түзету мақсатында.  Алла Тағала мені анық дәлелдермен сендерді Оның бұйрығымен қарсыласудан тыю үшін пайғамбарлыққа таңдады. Мен пайғамбарлық міндетімді жариялау жолында Оған тәуекел етіп, Оның жолында әрекет етемін. Сендер қабылдасаңдар да, қарсылассаңдар да мен  ешқашан Алла тыйым салған нәрсемен қарсыласпаймын. Осы аяттан үйренетініміз:1.     Харам жолмен тапқан байлық бақытты өмірге жеткізбейді. Пенделері үшін Алла Тағала тағайындаған халал жолмен табылатын ырзыққа қол жеткізейік.2.     Пайғамбарлардың мақсаты – адамдар мен адамзат қоғамдарын түзету. Олар осы жолда барлық талпыныстарын іске жұмылдырып, Аллаға деген тәуекелмен әрекет етті.

«Һуд» сүресінің 89 аяты:

« و یا قوم لایجرمنکم شقاقی ان یصیبکم مثل ما اصاب قوم نوح او قوم هود او قوم صالح و ما قوم لوط منکم ببعید »

“Әй, халқым! Маған қарсы келулерің өздеріңе Нұх қауымы не Һұд қауымы немесе Саліһ қауымына келген тәрізді ауыртпашылық келтірмесін! Сондай-ақ Лұт елінің тарихы сендерден ұзақ емес” (89).

Хазірет Шұғайып өзінің дәлелдерін баяндаудың жалғасында халыққа бағдар беріп, шақыру үшін оларды Алланың азабымен қорқытып, ескерту әдісі негізінде былай деді: «Сендердің уақыттарың Лут қауымының уақытынан онша алыс емес. Тым болмаса осы қауымның немесе олардан бұрынғы қауымдардың тарихын зерттесеңдер олардың өздерінің пайғамбарларымен қарсылықтарының олар үшін қалай аяқталғанын көресіңдер.  Неге өткеннен ғибрат алмайсыңдар? Сендер Алланың азабы осы дүниеде түсетіндей іс жасап жатырсыңдар. Сендердің менімен ққарсыласуларың сендердің мүдделерің үшін деп ойламаңдар. Керісінше менімен жауластық ауыр жазаға ұшырататын Алламен жауластық сынды.Осы аяттан үйренетініміз: 1. Адамзат қауымдарының тарихы бір-бірімен ұқсас әрі байланысты. Сондықтан өткен қауымдардың тарихын айтып отыру болашақ ұрпақ үшін ақыл мен ғибраттың мәйегі болады. 2. Алланың қолы қаһар мен азап үшін ашық. Әрбір қауымды қандай түрде қаласа солай өлтіреді. Нұхтың қауымын суға батырды, Һуд қауымы дауылға ұшырады, Салеһтің қауымы аспандық гүрілден, Лут қауымының ойраннан көздері жойылды.