Һуд сүресі, 346-шы бөлім, 84-86 аяттар
Һуд сүресі, 346-шы бөлім, 84-86 аяттар
"Һуд" сүресінің 84-ші аяты:
« و الي مدين اخاهم شعيبا قال يا قوم اعبدوا الله ما لکم من اله غيره و لاتنقصوا المکيال و الميزان اني اراکم بخير و اني اخاف عليکم عذاب يوم محيط
Мәдянға туыстары Шұғайыпты жібердік: “Әй, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшеуді, таразыны кемітпеңдер. Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін. Күдіксіз мен сендерге байланысты тырп еткізбейтін күннің азабынан қорқамын” деді (84).
Нұх пен Һуд қауымдарының тағдырларынан кейін Құран Кәрім Ақабе шығанағының шығысындағы Мадян аймағында пайғамбарлыққа таңдалып, сол қала халқын Аллаға табынуға шақырып, оларды сауда жасағанда кемітіп сатудан сақтандырған хазірет Шұғайыптың тарихын баяндауға кіріседі. Негізінде Алла пайғамбарларының барлығының шақыруы таухид пен бірқұдайшылыққа негізделген. Оны қабылдаған жағдайда адам ішкі қалауы мен сыртқы тілектерінен босап, әлемнің Пәруәрдігерінің бұйрықтарына бойұсынушылық танытады. Мұндай адам шектен шығушылық танытпайды, басқалардың құқықтарын сақтайды. Аллаға табынушылық деген тек қана ғибадат ету мен жалбарыну ғана емес, сонымен қатар Алланың заңдарын жеке және қоғамдық өмір мен өмірдің барлық аспектілерінде сақтау, соның ішінде экономикалық істерде Аллаға деген иман қажет. Сондықтан хазірет Шұғайып Аллаға табынуға шақырудың соңында адамдарды саудада кемітіп сату сынды лайықсыз істерді орындаудан тартындырып, оның соңы Алланың азабына душар болу екендігін ескертті. Әрбір кезеңде немесе әр аймақта адамдардың арасында ахлақ пен бейбастақтықтың өзінше бір түрінің көбірек көзге түсетіндігі белгілі. Осы мәселеге көңіл аудара пайғамбарлар сол бейбастақтықтың түрімен күресуді өздерінің басты бағдарламасы етіп қойды. Лут қауымы арасында жыныстық азғындық, ал Шұғайып қауымы арасында экономикалық бұзылушылық кең таралған болатын. Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар тек сенім мәселелері немесе ахлақтық кеңес берулермен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар экономикалық теңсіздіктер мен әлеуметтік қиындықтарға да толық көңіл аударды. 2. Қиямет пен ақыретке көңіл аудару жаман әрекеттер мен бейбастақтыққа душар болудың алдын алады.
«Һуд» сүресінің 85 аяты:
" و يا قوم اوفوا المکيال و الميزان بالقسط و لاتبخسوا الناس اشياءهم و لاتعثوا في الارض مفسدين " “
Әй, елім! Өлшеуді, тартуды толық орындаңдар, адамдардың нәрселерін кемітпеңдер! Сондай-ақ жер жүзінде бұзғыншы болып жүрмеңдер.” (85).
Хазірет Шұғайып адамдарды кемітіп сатудан тоқтатып, саудада ынсапты сақтауды да қуаттап, былай дейтін: «Саудада кем беру жер бетіндегі бұзылушылықтың бір түрі. Кем сататын адам шын мәнінде азғын. Өйткені оның ісінің әсері жер бетінде етек жаяды. Негізінен адам жасайтын күнәлар екі түрлі болады: зияны тек адамның өзіне ғана тиетін, басқаларға әсері аз бір топ; алайда кейбір күнәлар басқаларға зұлымдық жасауға себеп болғандықтан, олардың құқықтары бұзылады. Бұл Алланың алдында өте үлкен күнә деп саналады. Алла Тағала былай деген: «Егер мен бірінші топты кешірсем де екінші топты кешіре алмаймын, егер жәбірленген адамдар риза болса, жағдай басқаша». Осы аяттан үйренетініміз:1. Қоғамның экономикасының негізі әділет бойынша қалануы тиіс. Қоғамның барлық адамдарының құқығы толық түрде сақталуы керек. 2. Жемқорлық жайлаған экономика қоғамды бұзылушылық пен құрдымға тартады. Сондықтан оған қоғамның жетекшілері жауапты.
«Һуд» сүресінің 86 аяты:
« بقيت الله خير لکم ان کنتم مؤمنين و ما انا عليکم بحفيظ »
“Егер нанатын болсаңдар, сендерге Алланың қалдырған халал нәрсесі хайырлы. Мен сендерге күзетші емеспін” (86).
Хазірет Шұғайып кемітіп сатуға тыйым салған соң саудада ынсапты сақтауға кеңес беріп: «Заңды жолмен табатын пайдаларың Алла Тағала сендерге бөлген, қолдарыңда қалатын дүние. Егер Оған имандарың болса осыған риза болып, заңсыз табысқа жүгірмейсіңдер. Менің міндетім – Алланың осы әмірін жеткізу. Мен қалай әрекет ететіңдеріңді бақылайтын сендердің күзетшілерің емеспін. Егер өсімқорлық үшін өмірлерің бұзылса, мен сендерге кепіл емеспін» деді. Осы аятта «бақииат ул-Аллаһ» «саудадан түсетін халал пайда» деген мағынада болғанымен, рауаяттар негізі бойынша Алланың жігерімен адамзатқа қалатын әрбір мүбарак болмысқа «бақииат ул-Аллаһ» дейді. Келетін уәделі пайғамбар хазірет Мәһдиге оның көтерілісін ақырзаманда бергендіктен, «бақииат ул-Аллаһ» дейді. Өйткені Алла ол хазіреттің қасиетті болмысын әділет орнату үшін кейінге қалдырып, сақтап қалған. Осы аяттан үйренетініміз:1. Азғана, бірақ таза, әрі халал табыс көп бірақ заңсыз харам табыстан артық.2. Дүние пәни әрі тез өтеді. Олай болса Алланың жанында мәңгілік қалатын, қияметте іске жарайтын нәрсені ойлайық. 3. Иман туралы уәж айтып сауда жасағанда кемітіп сататын адам өзінің иманына күмәнді.