Жел 21, 2016 18:37 Asia/Almaty

һуд сүресі, 345-ші бөлім, 79-83 аяттар

"Һуд" сүресінің 79-80-ші аяттары: 

« قالوا لقد علمت ما لنا في بناتک من حق و انک لتعلم ما نريد » ، « ‌قال لو ان لي بکم قوة او اوي الي رکن شديد"

Олар: “Сен де білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің” деді. (79) (Лұт Ғ.С.): “Әттең! Сендерге төтеп берер күшім болса не бір мықты бекініске паналасам” деді (80).

Өткен бағдарламада Алланың періштелерінің көркем келбетті жігіттердің кейпінде хазірет Лутқа келген кезде оның қауымының бейбастақ адамдарының хазіретке өздерінің заңсыз өтініштерін білдіргенін айттық. Сол кезде Алланың пайғамбары бұл жігіттердің орнына қыздарымды сендермен некелесуге беруге даярмын дегенде олар: «Сенің қыздарыңа біздің ешқандай ықыласымыз жоқ. Біз өзіміздің тілегімізге жетуді қалаймыз. Сондықтан біздің ықтиярымызға қонақтарыңды бер» десті. Тығырыққа тірелген хазірет Лут өзінің жағдайын былай деп баяндады: «Шіркін, мүмін серіктерім болғанда арсыз сендердің алдарыңда қарсылық танытып, қонақтарымды қорғай алар едім немесе оларды қауіпсіз жерге паналатар едім». Құран осы аяттарда бірнеше мың жыл бұрынғы Лут қауымының тағдырын баяндағанымен осы жәһілдік және заңсыз тілек бүгінде дамыған және өркениетті дүниеде заңды іс ретінде қабылданған. Біржыныстылардың қатынасының жағымсыз іс деп саналмағаны былай тұрсын, тіпті кейбір батыстық үкіметтер біржыныстылардың үйленуіне заңды сипат берген. Құран Кәрім әртүрлі аяттарда осы бір азғын әрі арсыз істі айыптап, бұл жөнінде қатаң анықтамалар қолданып, «жәһілдік», «азғындық», «зұлымдық», «қылмыс», «бейбастақтық», «зинақорлық»... деп атаған.Осы аяттардан үйренетініміз: 1.    Күнә жасау мен оның жалғасуын талап ету адамның ұят істерді дұрыс, ал сұлулықтарды сұрықсыз деп қабылдайтындай бұзылуына себеп болады. 2.     Егер қолымыздан келсе, бейбастақтықтың алдын алуымыз керек, кері жағдайда бұзылған кеңістіктен қауіпсіз кеңістікті паналаған жөн.

«Һуд» сүресінің 81 аяты: 

« قالوا يا لوط انا رسل ربک لن يصلوا اليک فاسر باهلک بقطع من الليل و لا يلتفت منکم احد الا امراتک انه مصيبها ما اصابهم ان موعدهم الصبح اليس الصبح بقريب"»

(Елшілер): “Әй, Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, - деді. (81).

Хазірет Лут арсыздардың қысымы мен солар тарапынан төнген қатердің алдында тығырыққа тірелген еді. Періштелер оны жұбатып: «Олар біз бен сізге қол тигізетіндей күшке ие емес. Негізінде біз соларды жазалауға келдік. Олай болса, бүгін кешке қаладан шығып кетіңдер, тіпті арттарыңа бұрылып қарамаңдар да. Таңға жақын Алланың азабы жетеді. Бірақ зайыбың да солармен бірге азапталады. Өйткені ол сенімен бірге болудың орнына арсыздармен серіктес болды» деді. Осы аят иманды адамдардың есебін олардың отбасы есебінен бөлуді жақсы қуаттап, пайғамбармен туыс болудың да құтқарылу жолы еместігін, әр адамның өзінің ғамалдары мен әрекеттері негізінде есеп айырысатындығын еске салады.  Осы аяттан үйренетініміз:1.    Әйел көзқарас пен пікір таңдауда тәуелсіз, еркін. Тіпті пайғамбардың зайыбы да оның үйінде қарсыластардың жолын таңдай алады. 2.    Алланың жүйесі бойынша құндылықтар байланыстар негізінде емес заң негізінде.

 «Һуд» сүресінің 82-83 аяттары: 

« فلما جاء امرنا جعلنا عاليها سافلها و امطرنا عليها حجارة من سجيل منضود » ، « ‌مسومة عند ربک و ماهي من الظالمين ببعيد 

Оларға апат әміріміз келген сәтте ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық. (82) Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апат залымдардан ұзақ емес. (83).

Осы  аяттар Лут қауымының ауыр салдарын баяндайды. Аспаннан тас жауып, олардың үй-жайларын асты-үстіне келтірген қатты зілзала осы арсыз қауымның дүниедегі жазасы болды. Құран осы шынайы оқиғаны басқаларға ғибрат болсын және осы жаза Лут қауымы үшін ғана емес, сонымен қатар теріс жолға түсіп, сол жерде осындай ұят және заңсыз байланыстар етек жайған әрбір қауым мен қоғамның азапқа душар болатындығын білсін деп баяндайды.   Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жаратылыстың сүннеттеріне көзжұмбайлық таныту адами пәк болмысты бұзады. Мұндай адамдар ауыр жазаны күтсін.2. Алланың құдіретіне шектеулі деп қарамайық. Пенделеріне рақым жаңбырын түсіретін Ол жазалау ретінде аймақтық күнәһар адамдарды азапқа душар ете алады.