Жел 21, 2016 18:39 Asia/Almaty

һуд сүресі, 344-ші бөлім, 74-78 аяттар

"Һуд" сүресінің 74-75-ші аяттары: 

« فلمٌا ذهب عن ابراهيم الرٌوع و جاء ته البشري يجادلنا في قوم لوط » ، « انٌ ابراهيم لحليم اوٌاه منيب" » 

Ыбырайым (Ғ.С.)-нан қорқу кетіп, оған қуаныш келген кезде, Біздің (елшілеріміз)бен Лұт елі жайында сөзге килікті. (74) Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) анық жұмсақ, тым қамқор, бойұсынушы. (75)».

Өткен бағдарламада Алланың періштелерінің хазірет Ибраһимге адам кейпінде келгендігін және олардың алдарына қойған астан дәм татпағандары, сол себепті хазірет Ибраһимнің алаңдағандығы туралы айтқан болатынбыз. Бірақ хазіреттің перзентті болатындығының сүйіншісін естуі оның алаңдаушылығын жойып, періштелер сол үшін түскен мәселе жайлы сөйлесуге негіз дайындалды. Хазірет Лут пен қауымының хазірет Ибраһимнің әмірінде болғандығын айттық. Сол себепті періштелер сол күнәһар қауымға түсетін азап туралы Алланың бұйрығын алдымен хазірет Ибраһимге жеткізді. Осы аят Ибраһимнің Лут қауымының азабы туралы талқылауға кіріскенін айтады.  «Әнкабут» сүресінің 32 аятында періштелерге: «(Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де үй-ішін де әлбетте құтқарамыз" деді. (32).Осы аяттан үйренетініміз:1. Нығметке жету бізді басқалардың тағдырынан қапыл қалдырмасын. Ибраһим хазірет өзінің перзент сүйетіндігі жайлы сүйінші хабарды естігеніне қарамастан, Лут қауымының тағдырын ойлады.2. Алланың заңы міндетті түрде емес жағдайларда дұға тілеу, Алланың көмегіне жүгіну және пайғамбарлардың шапағат етуі әсерлі. Хазірет Ибраһим осындай көзқараспен әңгімеге кіріскен еді. 

«Һуд» сүресінің 76 аяты: 

« يا ابراهيم اعرض عن هذا انه قد جاء امر ربٌک و انٌهم اتيهم عذاب غير مردود » 

(Періштелер): “Әй, Ыбырайым! Бұдан шегін! Өйткені, Раббыңның әмірі келген. Күдіксіз оларға қайтарылмайтын апат келеді” (деді) (76).

Хазірет Ибраһимнің азапты болдырмау немесе оны кешіктіру жайлы өтініші теріске шығару немесе басқа нәрсе үшін емес оның үмбетке деген жанашырлығы негізінде еді. Алайда Алланың әмірі кесімді болғандықтан Ибраһимнің шапағат тілеуі іске жарамайтын болды. Сондықтан оған бұл өтініштен бас тарту ескертілді.  1.    Пайғамбарлар – қоғамның жанашыр жетекшілері. Олар халықтың қинап, қырсыққандарына қарамастан оларды құтқаруға тырысады.2.    Кейбір жазалар кесімді және міндетті түрде жүзеге асырылады. Тіпті пайғамбарлардың шапағат тілегені де ондай жазалардың күшін жоя алмайды.

«Һуд» сүресінің 77 аяты:

« و لمٌا جاء ت رسلنا لوطا سي ء بهم و ضاق بهم ذرعا و قال هذا يوم عصيب »

 Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұт (Ғ.С.) қа келгенде (елінің сұмдығын ойлап,) олардың келуімен қынжылды да олардың салдарынан көңілі тарайып: “Бұл бір ауыр күн” деді. (77). 

Азапқа жауапты періштелер хазірет Лутқа көркем жігіттердің кейпінде келіп оның қонағы болғандықтан хазіреттің алаңдаушылығына себеп болды.  Өйткені оның күнәһар қауымы мұндай жігіттерді көргенде өздерінің ұятсыз өтініштерін айтып, одан қонақтарды беруді сұрады. Хазірет Лут бейбастақ қауымының арсыз ниеттерінен хабардар болғандықтан қатты қиналып, есіктерді жауып тастады. Бұл ол үшін бір ауыр күн болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Теріске шығарушылармен күрестегі алғашқы кезең адамның тіпті басқалардың күнә жасауға шешім қабылдауына қапаланып, қайғыға бататын жүректің жеккөрініші. 2.    Қонақты қорғау – үй иесінің міндеті. Үй иесі өзінің қонағына зиян келмеуі үшін алаңдауы керек. 

«Һуд» сүресінің 78 аяты:

« و جاء ه قومه يهرعون اليه و من قبل کانوا يعملون السيٌئات قال يا قوم هؤلاء بناتي هنٌ اطهر لکم فاتٌقوا الله و لاتخزون في ضيفي اليس منکم رجل رشيد »  

Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт Ғ.С.): “Әй, халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, - деді. (Лұт Ғ.С.-ның “мына қыздарым” дегені, елінің әйелдері еді. Өйткені, Бір пайғамбар үмметінің әкесі жерінде. Б.К.Х.Т.Ж-Қ) (78). 

Алдыңғы аятта хазірет Луттың қауымының арам ниетіне алаңдағанын айттық. Олар хазіреттің жанына келгенде: «Егер жыныстық қалауларыңды қанағаттандырмақ мақсатта болсаңдар менің мына қыздарым  сол іске лайықтырақ. Егер оларға үйленіп, өздеріңнің қажеттіліктеріңді қанағаттандырсаңдар дене және жан тазалығына жақындайсыңдар. Неліктен күнә жасауды қалайсыңдар? Сендерден азаматтық пен естіліктің нышаны да байқалмайды. Тіпті менің жат жерлік қонақтарыма да аяушылық жасамай отырсыңдар»  деді. Осы аяттан үйренетініміз: 1.    Кейде қоғамның құлдырайтындығы соншалықты, тіпті адамдар күнә жасауда бірін-бірі басып озып, жылдамдықпен теріс жолға түседі. 2.    Бейбастақтықтардың алдын алу үшін алдымен қоғамдағы белгілі әрі көңілге қонымды жолдарды ілгерілетіп, кеңейту керек.