Жел 21, 2016 18:41 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 343-ші бөлім, 69-73 аяттар

"Һуд" сүресінің 69-70-ші аяттары: 

 « و لقد جاءت رسلنا ابراهيم بالبشري قالوا سلاما قال سلام فما لبث ان جاء بعجل حنيذ » ، « فلمٌا را ايديهم لا تصل اليه نکرهم و اوجس منهم خيفة قالوا لا تخف انٌا ارسلنا الي قوم لوط

Расында елші (періште)леріміз Ыбырайым (Ғ.С.)-ға хош хабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді. (69) (Ыбырайым Ғ.С.) олардың қолдарын тигізбегенін көріп, оларды жатырқады да олардан тіксінді. Олар: “Қорықпа! Расында біз Лұт қауымына жіберілдік” деді (70).

Хазірет Һуд пен Салеһтің тағдырының аяқталуымен осы аяттар Ибраһим пайғамбар мен Алла тарапынан Лут қауымын өлтіру үшін жерге түскен періштелердің оқиғасын әңгімелейді. Періштелер адам кейпінде түскендіктен хазірет Ибраһим оларға бұзаудан кәуәп жасатты. Бірақ ішіп-жемейтін олар тағамға қол тигізбейді. Осы іс хазірет Ибраһимге сауал тудырып, олар теріс мақсатта келді ме екен немесе үй иесіне қарыздар болып қалмау үшін ештеңе жемей отыр ма деп алаңдауына себеп болды. Алайда олар өздерін таныстырып: «Біз һәм сүйінші хабар, һәм өлім уәдесін әкелдік. Сүйінші хабарымыз ол Алла Тағала саған қартайға шағыңда ұл сүйдіреді. Ал өлім уәдесі ол Алла Тағала олардың азабын кесімді еткен Лут қауымы тұрғысында». Хазірет Лут хазірет Ибраһимнің шариғатын уағыздаушы пайғамбарлардың бірі болған. Сондықтан Лут қауымы туралы Алланың бұйрығы алдымен хазірет Ибраһимге жетіп, кейін хазірет Лутқа жеткізілді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Аспан періштелері де сөзді сәлеммен бастайды. Бұл барлық пәк және түзу амал иелерінің әдісі. 2.    Қонақжайлық – Алланың пайғамбарларының сүннеті. 

«Һуд» сүресінің 71-72аяттары:

(Ыбырайым Ғ.С.)-ның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Ысхақ және артынан Яғқұппен қуандырдық.(71). (Ыбырайым Ғ.С. ның жұбайы): “Әттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туам ба? Бұл әрине таңғажайып нәрсе!”, - деді. (72)

« وامراته قائمة فضحك فبشٌرناه باسحق و من وراء اسحق يعقوب » ، « قالت يا ويلتي ء الد و انا عجوز و هذا بعلي شيخا انٌ هذا لشيئ عجيب » 

Ибраһимнің жұбайы: «Уа, Алла! Өзім мосқал жастамын, күйеуім де қартайған. Расында бұл ғажайып іс екен» деді. Хазірет Ибраһим мен періштелердің сөздері зайыбы Сараға жетіп ол күйеуі екеуінің қартайған шақтарында дүниеге перзент әкелетіндіктеріне қатты таң қалды. Өйткені ол жас кезінде бедеу болып, бала тумаған болатын. Сонымен қатар Ибраһим де сол уақытта қарттық шақты бастан өткеріп жатқан еді. Сондықтан осындай ерлі-зайыптының перзент сүюі табиғи тұрғыдан мүмкін емес еді. Бірақ Алла мен Оның шексіз құдіретінің алдында бұл кедергілердің  күші жоқ. Оның қалауы барлық нәрсеге үстем. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Түзу перзент – Алла оның дүниеге келетін хабарын аспандық сүйінші деп санаған нығмет. 2. Алланың құдіретін өзіміздің шектеулі материалды мүмкіндіктерімізбен есептемейік.

 «Һуд» сүресінің 73 аяты:

 « قالوا اتعجبين من امر الله رحمت الله و برکاته عليکم اهل البيت انٌه حميد مجيد » 

Періштелер оған: “Сен Алланың әміріне таңғаласың ба? Алланың мәрхаматы мен молшылығы сендерге болсын. (Әй, Ыбырайым) жанұясы! Шынында Алла мақтауға лайық, аса жоғары” (73).

Ибраһимнің зайыбының таңдануы табиғи жағдай болды. Әсіресе ана болатын кейуана үшін бұл істі қабылдау қиын әрі адам сенгісіз көрінді. Сондықтан періштелер оған бұл істің Алланың қалауы екендігін және таңқалудың қажеті жоқ екендігін ескертті. Әсіресе пайғамбарлық міндет жүктелген үйде өмір сүріп жатқан сендердің үйлерің мен оның мүшелеріне Алла Тағала өзінің рақымы мен берекесін түсірді» деді. Рауаяттарда хазірет Әли былай депті: «Басқалардың сәлеміне берген жауапта періштелердің Ибраһимге айтқан нәрсені қосып былай деңдер: «Ассаламаму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух».Осы аяттан үйренетініміз:1. Перзент – Алланың рақымының нышаны әрі отбасы берекесінің мәйегі.2. Алланың жәрдемдерінен ешқашан түңілмейік. Ибраһим үшін отты суытқан Алла қарт ерлі-зайыптыға перзент те сыйлай алады.