Һуд сүресі, 342-ші бөлім, 64-68 аяттар
Һуд сүресі, 342-ші бөлім, 64-68 аяттар
"Һуд" сүресінің 64-ші аяты:
وَيَا قَوْمِ هَذِهِ نَاقَةُ اللّهِ لَكُمْ آيَةً فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِي أَرْضِ اللّهِ وَلاَ تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ قَرِيبٌ ﴿
۶۴﴾“Әй, халқым! Мынау Алланың аруанасы – сендерге бір мұғжиза. Сондықтан оны қойып қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді жуықта бір азап қолға алады” деді (64).
Өткен бағдарламада хазірет Салеһтің қисынды шақырғанына қарамастан қауымы оған жала жауып, оны ата-бабаларының әдет-ғұрыптарымен қарсыласуының алдын алды деген болатынбыз. Пайғамбарлар қисынды және ақылға қонымды сөздерімен қоса адамдардың қандай да болмасын күмән-күдіктерін жою үшін мұғжиза да көрсететін. Алланың әмірімен таудың қақ ортасынан бурамен жанаспай буаз болған аруанадан түйе шығып, адамдарға сүт берді. Сондықтан хазірет Салеһ адамдарға оны азаптамауды, оның қалағанынша су ішіп, жайылуына рұқсат беруді сұрады. Егер өйтпесеңдер Алланың қаһарына ұшырайсыңдар деді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың құдіреті материалдық құралдар мен себептерден жоғары. Таудың қақ төсінен түйе шығару солардың үлгісі. 2. Қасиеттіліктер мен илаһи және аспандық сипатқа ие нәрселерге құрметсіздік көрсету төтенше азапқа соқтырады.
«Һуд» сүресінің 65 аяты:
« فعقروها فقال تمتٌعوا في دارکم ثلاثة ايٌام ذلک وعد غيرمکذوب »
Сонда да олар оны өлтіріп тастады. Саліһ Ғ.С.): “Жұрттарыңда үш күн бой жаза тұрыңдар. Бұл өтіріксінуге болмайтын бір уәде” деді. (65)
Самудтің қауымы не хазірет Салеһтің ұсынысын қабылдамады не оның мұғжизасының алдында мойынсұнбады. Сондықтан солардың бірі түйені өлтіруге шешім қабылдап, сол шешімін жүзеге асырды. Басқа адамдар оны бұл істен бас тартқызбағанымен қоса, іштерінен оның ісіне риза болып, оны қолдады. Сондықтан қауым толығымен Алланың қатеріне ұшырап, оларға азаптың уәдесі берілді. Олар тәубеге келу үшін үш күн мұрсатқа ие болды. Мұның өзі азаптың түсетіндігін ойлап, оларды күйзелткен психикалық азап болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Басқалардың жасаған күнәсіне ризашылық таныту күнәға қатысудың бір түрі. Күнәһар адамдардың жақтастары мен қолдаушылары олардың күнәларының сыбайластары. 2. Діни қасиеттіліктерге қатысты кесімді азапқа ұшырататын Алланың ескертулерін шынайы қабылдайық.
«Һуд» сүресінің 66 аяты:
« فلمٌا جاء امرنا نجٌينا صالحا والذين آمنوا معه برحمة منٌا و من خزي يومئذ انٌ ربٌك هو القويٌ العزيز »
«Ал әміріміз келген кезде, мәрхаматымызбен Саліһ (Ғ.С.) және онымен бірге иман келтіргендерді құтқардық. Сондай-ақ сол күннің қорлығынан да... Күдіксіз Раббың, Ол өте күшті, аса үстем (66)».
Сел, зілзала сынды табиғи апаттар мүмін мен кәпірдің екеуін де қамтиды, адамдарды алаламайды. Бірақ Алланың қаһары түскен кезде мүміндер аман қалады. Күнәлары үшін жазаланатын кәпірлер ғана азапқа душар болады. Сондықтан Самуд қауымына азап түскен кезде Алла пайғамбары мен мүміндерді және оның серіктерін құтқарып, тек күнәһарлардың ғана көздері жойылды. Мұның өзі Алланың ілімі мен құдіретінің және оның жеңіліс таппайтындығының белгісі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлардың соңынан еру адамның пәстік пен қорлықтан алыс болып, абырой мен даңққа жетуінің мәйегі. 2. Көп кәпірдің арасынан азғана топты құтқару Алла үшін жеңіл.
«Һуд» сүресінің 67-68-аяттары:
« و اخذ الذين ظلموا الصٌيحة فاصبحوا في ديارهم جاثمين » ، « کان لم يغنوا فيها الا انٌ ثمود کفروا ربٌهم الا بعداً لثمود »
Залымдық істегендерді ащы дауыс алып, олар өз жұртында жалмандарынан түсіп, типыл болды. Естеріңде болсын! Шынында Сәмүд елі Раббыларына қарсы келді. Біліңдер! Сәмүд еліне рахмет жоламасын. (68)
Хазірет Салеһтің Алла тарапынан өзінің үстемшіл қауымына берген уәдесі орындалып, аспандық айғай мен жердегі зілзала қосылып, осы бейбастақ қауымның көзін жойды. Найзағай мен қорқынышты жай адамдардың үрейден құлап, сол күйде жантәсілім етулеріне себеп болды. Оларға түскен азап тоқ соғып, адамды тұрған жерінде сілейтіп, қашуға мүмкіндік бермейтіндей жағдайда болды.Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың қаһарының түсуі адамдардың өздерінің зұлымдықтарының нәтижесі. Алла Тағала адамды себепсіз азаптамайды. 2. Алланың жазасы қияметке ғана тән емес. Зұлымдар осы дүниеде де жазаға ұшырайды.