Жел 21, 2016 18:45 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 341-ші бөлім, 61-63 аяттар

"Һуд" сүресінің 61-ші аяты:

 وَإِلَى ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُواْ اللّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ هُوَ أَنشَأَكُم مِّنَ الأَرْضِ وَاسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا فَاسْتَغْفِرُوهُ ثُمَّ تُوبُواْ إِلَيْهِ إِنَّ رَبِّي قَرِيبٌ مُّجِيبٌ ﴿۶۱

﴾Сәмүд еліне туыстары Саліһ (Ғ.С.)-ды жібердік: «Әй, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір Тәңірлерің жоқ. Ол сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді. Енді Одан жарылқау тілеңдер. Және Оған тәубе қылыңдар. Күдіксіз Раббым жақын әрі тілекті қабылдаушы» деді (61).

Ғад қауымының оқиғасының аяқталуымен осы бағдарламада Құран аяттарындағы Самұд қауымы мен олардың пайғамбарлары хазірет Салеһтің оқиғасын талқылаймыз. Хазірет Салеһ Нұх пен Һудтен кейін пайғамбарлыққа жетті. Хазірет Салеһтің одан бұрынғы пайғамбарлар сынды алғашқы амалы адамдарды таухидке шақыру және оларды шерік пен пұтқа табынушылықтан бас тартқызу болды.  Бірақ пайғамбарлар мектебінде ақырет дүниеден бөлек емес. Мүмін адам ақыреттік жәннат туралы ойының мөлшеріндей жерді абадтандыру және оны өмір сүру үшін сау әрі қауіпсіз кеңістікке айналдыруды да ойлайды.    Сондықтан хазірет Салеһ өзінің қауымына қаратып, мына нәрсеге тоқталады: «Алла Тағала жерді сендердің ықтиярларыңа беріп, сендерді соны көркейтуге жауапты етіп тағайындады» дейді. Ол сөзін жалғастырып:  «Жер бетінде еңбек етіп, талпыныс жасап, ауылшаруашылығы мен малшаруашылығымен айналысудың орнына, неліктен заңсыз жолдармен мал-мүлікке кенелуді ойлайсыңдар?  Өздеріңнің осы істерің мен әрекеттерің үшін тәубеге келіңдер. Алла тәубелеріңді қабылдайды» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Пайғамбарлардың халықпен қатынасы жоғары және әміршілдік тұрғыдағы әкелік емес, бауырмалдық қатынас. 2.    Алланың адамзаттан қалауы – жерді көркейту және абадтандыру. 

Һуд сүресінің 62 аяты:

قَالُواْ يَا صَالِحُ قَدْ كُنتَ فِينَا مَرْجُوًّا قَبْلَ هَذَا أَتَنْهَانَا أَن نَّعْبُدَ مَا يَعْبُدُ آبَاؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِي شَكٍّ مِّمَّا تَدْعُونَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ ﴿

۶۲﴾Олар: «Әй, Саліһ! Сен бұдан бұрын арамызда үміт күтілген едің. Аталарымыздың табынғанынан бізді тиясың ба? Расында сенің бізді шақырған нәрсеңе күдік ішінде әрі күмәндіміз» деді (62).

Хазірет Салеһтің шақыруына жауапта көпшілігі әдетте өздерінің әкелері мен алдыңғылардың пікірлері мен көзқарастарына бағынатын адамдар оның қисынды сөздеріне ойланудың орнына оны өздерінің әкелерінің әдет-ғұрыптарымен қарсыласты деп айыптап: «Сенің біздің алдымызда беделің жақсы,  сүйікті және сенімді адам болдың. Бірақ сенің сөздерің біздің саған күмән мен күдіктенуімізге себеп болды» десті. Осы аяттан үйренетініміз:1. Дінді насихаттаушы жалпы халықтың өздерінің теріс ой-пікірлерінен оңайлықпен бас тартпайтындықтарын білуі тиіс. Олардан жедел түзелтуді күтпеуі керек. 2. Егер күмән зерттеу мен ақиқатқа жетуге алғышарт болмаса адамның тоқырауы мен апатқа ұшырауының факторы болады. 

«Һуд» сүресінің 63 аяты:

قَالَ يَا قَوْمِ أَرَأَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَى بَيِّنَةً مِّن رَّبِّي وَآتَانِي مِنْهُ رَحْمَةً فَمَن يَنصُرُنِي مِنَ اللّهِ إِنْ عَصَيْتُهُ فَمَا تَزِيدُونَنِي غَيْرَ تَخْسِيرٍ ﴿۶۳

﴾(Саліһ Ғ.С.): “Әй, халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан ашық дәлелде болсам, өз тарапынан маған бір мәрхамат еткен болса да мен оған қарсы келсем, сонда мені Алладан кім қорғайды? Сонда сендер маған зияннан басқаны арттырмайсыңдар” деді. (63)

Самуд қауымының қисынсыз жауабының алдында хазірет Салеһ былай деді: «Алланың рақымы менің жағдайымды қамтып, мен пайғамбарлыққа таңдалдым. Алла тарапынан дінді таратып, сендерді шақыруға тағайындалдым. Егер осы жолда аянып қалсам, сендер де маған көмектесе алмайсыңдар. Сондықтан істен бас тартып, сендердің ризашылықтарыңа бөлену үшін үнсіздік танытуыма дәлел жоқ». Шын мәнінде адамдар өткен аятта айтылғандай, хазірет Салеһті мақтап, мадақтап оның өзінің ісінен бас тарттырып, өзінің өткенін сақтау үшін осы жаңа сөздерді қойдырмақ болды.Бірақ хазірет Салеһтің жауабы мынадай болды: «Бұл қоя салатындай бір адамның қалауы мен талғамы емес, Алланың міндеті. Сендер де егер мен сияқты осындай ашық дәлелге ие болсаңдар мен сияқты менің ісімді жасап, еш аянып қалмас едіңдер». Осы аяттан үйренетініміз:1. Аспандық діндер анық дәлелдер мен дәйектерге негізделген. Сондықтан халықты қорқытып, арбау арқылы емес,осы жол арқылы шақырады.  2.Алланың заңының алдында адамдардың барлығы бірдей. Тіпті пайғамбарлар егер аз да болса, заң бұзушылық жасаса немесе өздерінің міндеттерін орындауда осалдық танытса, қаһар мен жазаға ұшырайды. 3.Халықтың қолдауына ие болу үшін Алланың жолынан қол үзбейік. Алланың алдында адамдар ешқандай күшке ие емес.