Һуд сүресі, 340-шы бөлім, 57-60 аяттар
Һуд сүресі, 340-шы бөлім, 57-60 аяттар
"Һуд" сүресінің 57-ші аяты:
فَإِن تَوَلَّوْاْ فَقَدْ أَبْلَغْتُكُم مَّا أُرْسِلْتُ بِهِ إِلَيْكُمْ وَيَسْتَخْلِفُ رَبِّي قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلاَ تَضُرُّونَهُ شَيْئًا إِنَّ رَبِّي عَلَىَ كُلِّ شَيْءٍ حَفِيظٌ ﴿
۵۷﴾«Егер жалтарсаңдар да мен шынында өзім арқылы жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді әкелсе сендер оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Шынында Раббым әр нәрсені қорғаушы» (деді) (57).
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, хазірет Һуд өзінің қауымымен сөйлескеннен кейін осы аятта былай дейді: «Мен Алла тарапынан сендерді таухидке шақыруға тағайындалып, өзімнің міндетімді орындадым. Міндетімді атқаруда аянып қалған жоқпын. Егер сендер менің шақыруымды қабылдамай, теріс айналсаңдар, осы дүниеде Алланың азабына душар болатындықтарыңды біліңдер. Сендердің көздерің жойылған соң орындарыңды басқа буын басады. Сендердің күпіршіліктерің мен мойынсұнбағандықтарыңнан Аллаға зиян келеді деп ойламаңдар, керісінше Ол барлық нәрсе мен барлық адамға үстем әрі мықты.Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар халықты иманға олардың еркінсіз, күштеу үшін емес Алланың шақыруын жеткізу үшін тағайындалған. 2. Халықтың аспандық жетекшілерге наразылық білдіріп, қырсығулары пайғамбарлардың өздерінің міндеттерін атқарудағы әлсіздіктерінің белгісі емес, керісінше бұл адамның жақсы мен жаманды таңдай алатын ықтиярының мақсаттылығы.
«һуд» сүресінің 58 аяты:
وَلَمَّا جَاء أَمْرُنَا نَجَّيْنَا هُودًا وَالَّذِينَ آمَنُواْ مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِّنَّا وَنَجَّيْنَاهُم مِّنْ عَذَابٍ غَلِيظٍ ﴿
۵۸﴾«Әміріміз келген кезде, Һұд (Ғ.С.)-ды және онымен бірге иман келтіргендерді мәрхаметімізбен құтқардық. Сондай-ақ оларды ауыр азаптан да босаттық (58)».
Хазірет Һудтің анық тағылымдары мен қисынды сөздерінің алдындағы қырсықтық пен қыңырлық, кемсіту мен жала жабушылық және оған қарсы қастандық Алланың Һудтің қауымына қатты азап жіберуіне себеп болды. «Фүссилат» сүресінің 15 аятынан оқығанымыздай, Құдай оларға қатты жел жіберіп, олардың бастарына қара күн орнады. Бірақ маңызды мәселе, құрғақ пен ылғалды бірге өртемейтін, әркімді оның амалына сай жазалайтын Алланың әділеттілігінде. Ғад қауымына азап түсірілгенімен, Алла хазірет Һуд пен мүміндерді құтқару жабдығын дайындап, оларды азапқа душар етпеді.Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар сынды нағыз мүміндер де Алланың қаһары мен жазасының қатерінен қорғалған.2. Алла залымдарға қаһарын төккенде сәтте Оның рақымы мүміндер мен Алланың дінінің жақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Һуд» сүресінің 59-60 аяттары:
وَتِلْكَ عَادٌ جَحَدُواْ بِآيَاتِ رَبِّهِمْ وَعَصَوْاْ رُسُلَهُ وَاتَّبَعُواْ أَمْرَ كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدٍ ﴿۵۹﴾وَأُتْبِعُواْ فِي هَذِهِ الدُّنْيَا لَعْنَةً وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ أَلا إِنَّ عَادًا كَفَرُواْ رَبَّهُمْ أَلاَ بُعْدًا لِّعَادٍ قَوْمِ هُودٍ ﴿۶۰
﴾«Осы Ғад елі Раббыларының аяттарына қарсы келіп, Оның елшілерін мойындамай, әрбір тоңмойынның әміріне бағынды. (59) Бұл дүниеде де қиямет күнінде де олардың қыр соңынан лағынет қалмайды. Естеріңде болсын! Ғад елі Раббыларына қарсы болды. Естеріңде болсын! Һудтың қауымы Ғад (мәрхаметтен) аулақ болсын! (60).
Ғад қауымына қатысты 10 аяттың соңында Құран былай дейді: «Ғад қауымының теріске шығаруы мен мойынсұнбаушылықтары бейбіт және әділет пайғамбарларының соңынан ерудің орнына зұлым әрі әділетсіз басшыларға бағынуға себеп болды. Сол себепті олар осы дүниеде де Алланың қаһарына ұшырап, ақыретте де тозақ отымен жазаланатын болады. Ғад қауымы Алланың кең жарылқауынан мақұрым қалады». Ғад қауымының осы дүниеде жазалануының қуатталуы бәлкім, сол қауымның Араб түбегінде өмір сүріп, хазірет Мәсіхтің дүниеге келуінен жеті жүз жыл бұрын Ахқаф деген жерде тұрақ теуіп, араб нәсілінен болғандығынан болар. Ғад қауымының адамдары әлеуетті, аяқтарымен жерді теуіп қалғанда белуарларына дейін жерге еніп кететін алпамса денелі адамдар болған. Олар абадтанған, дамыған қалаларға ие болған. Құран «Фаджр» сүресінің алғашқы аяттарында былай дейді: (Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдің бе? (6). Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы; (7) Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді (8).Алла Тағала Ғад қауымын еске салып, пайғамбар заманындағы арабтарға былай деп ескертеді: «Егер сендер де солай етсеңдер, солардың кебін киесіңдер». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Бұрынғылардың тағдыры келер ұрпаққа ғибрат беретін негіз.2. Залымдарға қарғыс айту Құранның ұраны болып табылады.