Һуд сүресі, 339-шы бөлім, 50-56 аяттар
Һуд сүресі, 339-шы бөлім, 50-56 аяттар
"Һуд" сүресінің 50-ші аяты:
وَإِلَى عَادٍ أَخَاهُمْ هُودًا قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُواْ اللّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ إِنْ أَنتُمْ إِلاَّ مُفْتَرُونَ ﴿۵۰
﴾Ғад қауымына туыстары Һұд (Ғ.С.) -ды жібердік: «Әй, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендер өте жалақорсыңдар» деді (50).
Өткен аятта хазірет Нұхтың хикаясының аяқталуымен осы аят хазірет Һуд пен оның қауымының оқиғасын баяндайды. Сол себепті де осы сүре «Һуд» сүресі деп аталады. Рауаяттар негізі бойынша хазірет Нұхтың дүние салар мезгілі жеткенде ол серіктеріне: «Менен кейін жалған құдайлар пайда болатын пайғамбар болмайтын кезең туады. Содан кейін Алла Тағала менің ұрпағымнан шыққан Һуд есімді көтеріліс жасайтын адамды сендерді тура жолға нұсқау үшін жібереді» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Таухид пен бірқұдайға үндеу илаһи пайғамбарлардың барлығының алғысөзі. Олар адамдарды өздеріне емес, Аллаға шақырды. 2. Аллаға шерік келтіру Аллаға жала жабудың бір түрі. Бұл «Алла әлемді басқаруда әлсіз, сондықтан шерікке мұқтаж» дегенінің белгісі.
«Һуд» сүресінің 51-52 аяттары:
يَا قَوْمِ لا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا إِنْ أَجْرِيَ إِلاَّ عَلَى الَّذِي فَطَرَنِي أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴿۵۱﴾وَيَا قَوْمِ اسْتَغْفِرُواْ رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُواْ إِلَيْهِ يُرْسِلِ السَّمَاء عَلَيْكُم مِّدْرَارًا وَيَزِدْكُمْ قُوَّةً إِلَى قُوَّتِكُمْ وَلاَ تَتَوَلَّوْاْ مُجْرِمِينَ ﴿۵۲
﴾«Әй, елім! Бұған сендерден жалақы сұрамаймын, еңбегім мені жаратқанға ғана тән. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (51). «Әй, халқым! Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Сендерге көктен жаңбыр жаудырып, қуаттарыңның үстіне қуат қоссын. Сондай-ақ күнәкар болып, жалтармаңдар» деді. (52).
Таухид пен шеріктен тазаруға шақырудан соң хазірет Һуд халықты олардың күнәнің ластығы мен кірлігінен тазарып, Алланың жарылқау есіктерінің ашылуына негіз дайындау үшін тәубеге келуге үндейді. Осы аяттар негізі бойынша тәубеге келу қуаңшылықты жоятын әрі адамның күші мен құдіретін арттыратын аспаннан жаңбырдың жауу факторларының бірі. Тәубеге келу қоғамның экономикасын дамытады, дамуға негіз дайындайды. Басқаша айтқанда, тәубеге келудің адамның ақыреттегі өмірін айтпағанда осы материалды дүниеде де әсері үлкен. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Тәубенің дүниелік тартуы мен Алла тарапына оралу қоғамның байлығы мен құдіретін арттырады.2. Түзу және мықты, нығметке ие қоғам орнату пайғамбарлар мен аспандық діндердің мақсаттарының бірі болған.
«Һуд» сүресінің 53-54-55 аяттары:
قَالُواْ يَا هُودُ مَا جِئْتَنَا بِبَيِّنَةٍ وَمَا نَحْنُ بِتَارِكِي آلِهَتِنَا عَن قَوْلِكَ وَمَا نَحْنُ لَكَ بِمُؤْمِنِينَ ﴿۵۳﴾إِن نَّقُولُ إِلاَّ اعْتَرَاكَ بَعْضُ آلِهَتِنَا بِسُوَءٍ قَالَ إِنِّي أُشْهِدُ اللّهِ وَاشْهَدُواْ أَنِّي بَرِيءٌ مِّمَّا تُشْرِكُونَ ﴿۵۴﴾مِن دُونِهِ فَكِيدُونِي جَمِيعًا ثُمَّ لاَ تُنظِرُونِ ﴿۵۵
﴾Олар: «Әй, Һұд! Сен бізге ашық дәлел келтірмедің. Біз сенің сөзің бойынша тәңірлерімізді тастамаймыз да саған сенбейміз» деді. (53) Олар: «Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен» деп қана айтамыз. Һұд (Ғ.С.): «Расында мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақ болыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан шеріктеріңнен аулақпын» деді. (54) «Маған Алладан басқа бәрің мекерлік қылыңдар да сонан кейін мұрсат бермеңдер» (55).
Хазірет һудтың халықты шеріктен аулақ болып, таухидке бет бұрып, тәубеге келуге шақырғанына қарамастан, олар өздерінің жалған пікірлеріне табандылық танытып, былай десті: «Біз сенің сөздеріңе бола өзіміздің «құдайларымыздан» бас тарта алмаймыз. Керісінше, сен де оларға құрметсіздік көрсеткенің үшін олардың қаһарына ұшырап, ақылыңнан адастың. Әйтпегенде мұндай сөздерді айтпаған болар едің». Олардың ағашқа, тасқа құлшылық етіп, осы істері үшін өздерінің ешқандай ақылға қонатын дәлелдерінің жоқтығына қарамастан сөздері анық әрі қисынды адамнан дәлел келтіруді сұрап, оның сөздерін қабылдамайтындығы таңқаларлық. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар үнемі мүшріктердің ерегесулері мен қырсығуларымен бетпе-бет келсе де ешқашан өздерінің шақырулары мен үгіт-насихаттарынан бас тартпады. 2. Ұлы реформаторлар мен ырымшылдыққа қарсы көтеріліс жасаған адамдарды шалық тиген деп айыптау жаңалық емес. 3. Пайғамбарлар ешқандай күштен қорықпастан, үнемі қарсыластарды күреске шақырды. Өйткені олар өздерінің жолының хақиқат екендігіне сенімді болды.
«Һуд» сүресінің 56 аяты:
إِنِّي تَوَكَّلْتُ عَلَى اللّهِ رَبِّي وَرَبِّكُم مَّا مِن دَآبَّةٍ إِلاَّ هُوَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهَا إِنَّ رَبِّي عَلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِي
﴾Расында мен менің Раббым әрі сендердің Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз, Раббым тура жолда» (56).
Мүшрік қауымның қоқан-лоққылары мен жала жабушылықтарының алдында хазірет Һуд былай дейді: «Барлық күштерің мен әлеуеттеріңді жинап, маған қарсы қастандық жасаңдар. Бірақ менің Құдайымның бар екендігін және Оған тәуекел еткенімді біліңдер. Оны тек менің ғана Пәруәрдігерім деп санап, сендер өздеріңді Оның құдіреті мен билігінен тыспыз деп ойламаңдар. Мені мен сендер ғана емес, сонымен қатар барлық тірі жан иелері Оның билігінің астында. Ол тура жолда және ешкімге зұлымдық жасамайды». Осы аяттан үйренетініміз:1. Мүміндердің қарсыластар алдындағы басымдылығы олардың жаратылысты басқаратын Құдайының бар болуында. Мүшріктер мұндай құдіреттен кенде қалған. 2. Құдіретпен қоса әділетке де ие және тура жолдан таймайтын Аллаға тәуекел етейік.