Һуд сүресі, 335-ші бөлім, 33-37 аяттар
Һуд сүресі, 335-ші бөлім, 33-37 аяттар
«Һуд» сүресінің 33-34 аяттары:
« قال انما ياتيکم به الله ان شاء و ما انتم بمعجزين » ، « و لاينفعکم نصحي ان اردت ان انصح لکم ان کان الله يريد ان يغويکم هو ربٌکم و اليه ترجعون »
Нұх (Ғ.С.): «Оны сендерге қаласа, Алла ғана келтіреді. Сендердің оған шамаларың келмейді» деді (33). «Егер Алла сендерді қаңғыртуды қаласа, сендерді үгіттеуді қаласам да үгітім сендерге пайда бермейді. Ол – сендердің Раббыларың. Сол уақытта оған қайтарыласыңдар» (34).
Өткен бағдарламада хазірет Нұхтың қарсыластарының оның қисынды сөздеріне жауап берудің орнына қырсығып, тіпті одан егер қолынан келсе Алланың азабын осы дүниеде түсіруді сұрады деген болатынбыз. Хазірет Нұх оларға берген жауапта: «Азап жіберу менің қолымда емес. Бірақ, егер Алла қаласа азаптың түсірілетіндігін және оны залалсыздандыруға шамаларыңның жетпейтіндігі мен онымен қарсыласа алмай өздеріңнің ажал құшатындарыңды біліңдер» деді. Хазірет Нұх өзінің бар болғаны Алланың уәхиін хабарлап, оларға бағыт-бағдар беруге жауапты екендігін, басқа істің қолынан келмейтіндігін айтты. Ол: «Осы шақыру мен жетекшіліктегі менің үлесім үгіт-насихат пен сендерге жанашырлық танытып, дұрыс және тура жолды көрсету. Егер қырсығып, жетекшілік жолын таппасаңдар, мен тағы да сендерге жетекшілік етіп, жол нұсқай алмаймын» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар халыққа жанашыр, оларға жақсылық тілейтін адамдар болған. Олар халықты бір Аллаға шақырғанда уағыз және үгіт-насихат тәсілін қолданған.2. Кәпірлер мен қарсыластар егер осы дүниеде Алланың қаһарына ұшырамаса, жандары аман қалды деп ойламасын. Өйткені алдыда қиямет бар. Олардың қайтар жерлері Алланың тарапы.
«Һуд» сүресінің 35 аяты:
« ام يقولون افتريه قل ان افتريته فعليٌ اجرامي و انا برِئ مما تجرمون »
(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім кәпірлер: «Құранды өзі жасады» дей ме?. Оларға: «Егер оны жасаған болсам күнәсы маған тән. Алайда, мен сендердің істеген күнәларыңнан аулақпын» де. (35).
Мүшріктердің пайғамбарлардың шақыруы алдындағы тәсілдерінің бірі олар пайғамбарды өтірік және жалғандықпен айыптап: «Сендер бұл сөздерді өздерің ойдан шығарып, содан оны Алламен байланыстырасыңдар» десті. Олардың бұлай айыптауға ешқандай дәлелдері жоқ әрі оны дәлелдей де алмайды. Бірақ пайғамбарлар мұғжизалар көрсетіп, керісінше екендігін дәлелдеді. Бұл аяттың қарсыластардың бос сөздеріне беретін жауабы мынадай: «Алланың пайғамбарына орынсыз тағылған бұл айып олардың ширк пен күпірліктерінің негіздемесі емес. Егер тіпті пайғамбар күнә жасаса, қарсыластардың да өздерінің күнәларын мойындарымен көтеретіндігі сынды ол да оған өзі жауап береді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қарсыластармен сұхбатта өрескел сөз айтудан бойтарту керек. Құран осы аятта мүміндерге кәпірлермен қатынас тәсілін үйретеді.2. Әркім өз ісіне жауапты. Енді
«Һуд» сүресінің 36-37 аяттарын тыңдайық:
« و اوحي الي نوح انٌه لن يؤمن من قومک الا من قد آمن فلا تبتئس بما کانوا يفعلون » ، « و اصنع الفلك باعيننا و وحينا و لا تخاطبني في الذين ظلموا انٌهم مغرقون »
Сондай-ақ Нұх (Ғ.С.)-ға: «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, әсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген түрде уақи етілді (36). Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдар турасында маған айтпа! Өйткені, олар суға батырылады (37).
Құран Кәрімнің басқа аяттарының негізі бойынша хазірет Нұх 1000 жылға жуық қауымын бір Құдайға табынуға шақырған. Бірақ оған азғана ғана адам иман келтірген. Алла тарапынан оған: «Енді басқа ешкім иман келтірмейді. Кәпірлерге Алланың азабы түсіріледі. Ол азап – жер бетін қаптайтын топан су мен апатты сел. Құтқарылудың жалғыз жолы ол батып кетпес үшін кемеге міну» деген уәхи келді. Сондықтан осы аят бойынша хазірет Нұх Алланың бұйрығы мен нұсқауына сәйкес және Алланың оған үйрететін жобасымен азап түсірілген кезде өзі мен мүміндердің құтқарылуы үшін үлкен кеме жасауға міндеттелді. Алланың азабы түсірілетін болып шешілгенде хазірет Нұхтың жалбарынуы іске жарамайтын болды. Хақты теріске шығарып, онымен қарсыласқандар өздеріне де, Алланың пайғамбарына да зұлымдық жасап, құтылар жолдан мақұрым қалды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адам кейде оны құтқаратын ешқандай үміт жоқ және ешқандай хақ сөз оған әсер етпейтін тығырық кезеңіне тіреледі. 2. Пайғамбарлар сөз сөйлеп, уағыз арқылы ғана емес, кейде кеме сияқты құралдар жасап, адамдарды құтқаруға жағдай жасап, жұмыс істегенді өздеріне ар санамады. 3. Алланың азабы күнәһарлар мен зұлымдар тұрғысында. Азап түсірілген кезде Алла бейкүнә адамдарды құтқарады.