Һуд сүресі, 333-ші бөлім, 25-28 аяттар
Һуд сүресі, 333-ші бөлім, 25-28 аяттар
«Һуд» сүресінің 25-26 аяттары:
« و لقد ارسلنا نوحا الي قومه انٌي لکم نذير مبين » ، « ان لاتعبدوا الا الله انٌي اخاف عليکم عذاب يوم اليم »
Әрине біз Нұх (Ғ.С.)-ты қауымына жібердік: «Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін» (25). «Аллаға ғана ғибадат қылыңдар, шынында мен сендерге күйзелтуші күннің азабынан қорқамын» деді. (26)
Осы аяттар хазірет Нұхтың міндеті мен оның бірқұдайшылыққа шақыруына тоқталады. Ол хазірет ширк пен пұтқа табынушылыққа қарсы көтерілген алғашқы табанды пайғамбар. Бірақ ол адамдарды жылдар, тіпті ғасырлар бойы шақырғанына қарамастан оның соңынан азғантай ғана адам ерді. Ақыр соңында оның қарғысымен жерді ғаламат топан су басып, мүміндерден басқа барлық адам жойылды. Хазірет Нұх әу бастан адамдарды қаһар мен азаптың түсірілуіне себеп болатын Аллаға бағынбаушылықпен қорқытты. Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспады, ешкім мән бермеді. Пайғамбарлардың ескертулері әзіл-қалжың, негізсіз, бос сөз емес, шынайы әрі маңызды. Олар үнемі істің салдарларын ескертіп, хабардар етудегі өздерінің міндеттерін аяғына дейін орындайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Хабарсыз қоғам бәрінен бұрын қапылдық ұйқысынан ояну үшін ескертуге мұқтаж. 2. Барлық пайғамбарлар халықты ширк пен ырымшылдықтан құтқару үшін тоухид пен бірқұдайшылыққа шақырды.
«Һуд» сүресінің 27 аяты:
« فقال الملا الٌذين کفرو ا من قومه ما نريك الا بشرا مثلنا و ما نريک اتٌبعک الا الٌذين هم اراذلنا بادي الرٌاي و ما نري لکم علينا من فضل بل نظنکم كاذبين »
Елінің қарсы келген бастықтары: «Біз сені өзіміз тәрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз» деді (27).
Тарих бойында пайғамбарлардың шақыруына қарсылық білдірген алғашқы адамдар пайғамбарлардың міндетін өздерінің мүдделеріне қарсы деп санаған қауымдардың үлкендері, ақсақалдары мен көсемдері болған. Олар халық пайғамбарлардың шақыруын қабылдап, бұдан былай өздерінің соңынан ешкім ермейді, нәтижесінде өздерінің үстемдіктері мен биліктері жойылады деп ойлады. Осы аят былай дейді: «Хазірет Нұхтың ескертулеріне қарсы күпір басшылар оған қарсы тұрып, пайғамбар мен оның ізбасарларын кемсітіп, адамдарды олардан алыстатуға тырысты. Олар былай дейтін: «Сен де біз сияқты адамсың. Сенің соңыңнан ілесетіндей сенің бізден ешқандай артықшылығың жоқ». Әлбетте, пайғамбарлар да үнемі: «Біз де сендер сынды адамбыз. Періште де емеспіз, Құдайдың ұлдары да емеспіз. Біз бен сендердің жалғыз айырмашылығымыз, ол бізге Алла тарапынан уәһидің түсірілетіндігі. Біздің міндетіміз Алланың сөздерін сендерге жеткізіп, сендерге ескерту болып табылады» дейтін. Кәпірлер хазірет Нұхтың серіктерін бұрынғысынша кемсітіп, оларды қоғамда ешқандай орындары жоқ қаңғыбас, төмен адамдар деп атады. Пайғамбардың сөзіне қоғамның төменгі сатысы құлақ асады дегендері ол пайғамбар тәлімдерінің оларды бай-ауқаттылар мен зұлым билеушілердің үстемдігін қабылдаудан азат етуіне байланысты. Сондықтан пайғамбарға осы топ көбірек тартылды. Кейде хақтың қарсыластары пайғамбарлардың мектебін теріске шығарып: «Сендердің сөздерің жалған, ойдан шығарылған немесе сиқыр. Оның ешқандай құны да пайдасы да жоқ» десетін. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жала жабу, кемсіту және әлсірету хақ пен ақиқатты қабылдауға дайын емес адамдардың тәсілі. 2. Дүниеге тәуелділігі азырақ адамдар тезірек иман келтіреді. Керісінше ақсүйектер мен үстемшілдер пайғамбарлармен күресте алдыңғы шепте тұрды.
«Һуд» сүресінің 28 аяты:
« قال ياقوم ارايتم ان کنت علي بينة من ربٌي و آتاني رحمة من عنده فعمٌيت عليکم انلزمکموها و انتم لها كارهون »
Нұх (Ғ.С.): «Әй елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дәлел үстінде болсам және Ол өз қасынан бір мәрхамет еткен болса, ал ол сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де сендерге оны зорлап қабылдата аламыз ба?» деді. (28).
Нұх өзінің қауымына былай деді: «Егер мен Пәруәрдігерімнен ашық дәлелге ие болсам және Ол өз тарапынан маған сендердің көздерінен жасырын ерекше рақымды тарту еткенін көрсеңдер де сендер тағы да мойынсұнбайсыңдар ма? Оған қатысты жеккөрініш таныта тұра сендерді оны қабылдауға мәжбүрлейін бе?». Қарсыластардың жөнсіз сөздері алдында хазірет Нұх жеккөрініш және ұлылықпен олардың жанынан өтіп: «Сендер сияқты адам болсам да Пәруәрдігер тарапынан дәлелге иемін. Сөзімнің рас әрі шын екендігін дәлелдейтін мұғжизам бар. Һәм сендерді Аллаға құлшылық етіп, ширктен бойды аулақ салуға шақыру үшін әрбір ақылды адам түсіне және қабылдай алатын анық та дәйекті қисыным бар. Менің айтатыным өзімнің шығарғаным емес, сендерді де өзім тарапыма шақырмаймын. Керісінше Алланың маған берген ерекше мейірімі мен жарылқауы, өзінің дінінің міндетін маған жүктегені. Бірақ егер сендерді өзімнің шақыруыма, маған еруге мәжбүрлейді деп күтсеңдер қателескендерің. Мұндай іс Алланың хикметімен сәйкеспейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар бос, негізсіз, адамның ақылына сыймайтын, қисынсыз сөздермен емес, анық дәлел-дәйектермен шақырды. 2. Адам дін мен мазһаб таңдауда ерікті. Адамды иман келтіруге мәжбүрлеуге болмайды.