Һуд сүресі, 330-шы бөлім, 13-16 аяттар
Һуд сүресі, 330-шы бөлім, 13-16 аяттар
«Һуд» сүресінің 13-14 аяттары:
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ قُلْ فَأْتُواْ بِعَشْرِ سُوَرٍ مِّثْلِهِ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُواْ مَنِ اسْتَطَعْتُم مِّن دُونِ اللّهِ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ ﴿۱۳﴾فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُواْ لَكُمْ فَاعْلَمُواْ أَنَّمَا أُنزِلِ بِعِلْمِ اللّهِ وَأَن لاَّ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ ﴿۱۴﴾
Немесе олар: «Құранды өзі жасады»дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатыңдарынды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де. (13) Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?»,- де. (14).
Алдыңғы бағдарламада жасынға шығарушылар мен кәпірлер пайғамбарға ауыр тиген мәселелерді айтты деген болатынбыз. Осы аяттар солардың біріне тоқталып, былай дейді: «Олар Құранды пайғамбарға байланыстырып, оны ол өзі әкеліп, Алламмен байланыстырады деген уәж айтысты». Мұндай сөздердің қисынды жауабы мынадай: «Егер Құран адамның сөзі болса, ол тіпті оқымаған адамның сөзі болса, сіз де сол сияқтыны әкеле аласыз. Оның үстіне бір адамның орнына үлкендер мен данышпандарды, әдебиетшілерді шақырып, бірлесіп, Құран сынды кітап жазып әкеліңдер». Бір қызығы Алла Тағала осы аятта һәм жеңілдік берген, һәм ынталандырған. Жеңілдік беріп: «Құранның 114 сүресіндей сүре әкелудің қажеті жоқ. Бірақ, егер Құраның он сүресіндей сүре әкеле алсаңдар да жеткілікті» деген. Басқа жақтан оларды ынталандырып: «Бұл істі жалғыз орындамай-ақ қойыңдар. Кімді қаласаңдар, соны көмекке шақырыңдар да селбесіп, осы істі бірге орындаңдар» деген. Бірақ бір қызығы, өткен он төрт ғасыр ішінде ислам пайғамбарының міндетін теріске шығарушылар барлық талпыныстарымен, тіпті Құранның сүресіндей бір сүре де әкеле алған жоқ. Сондықтан олар үнемі тіл тигізушілік, жала жабушылық, кемсітушілік қаруын, кейбір кездерде соғыс пен қантөгіс құралын пайдаланып келді. Қарсыластардың дәлелді және қисынды қатынас жасаудың орнына қастандық пен қоқан-лоққыға жүгінетіндіктері Құранның ақиқаттығының ең жақсы дәлелі. Осы аяттардан үйренетініміз. 1. Құран – түсірілген кезде ғана мұғжиза болып қоймаған, сонымен қатар бүгінде де адамдар арасында Алланың мұғжизасы болып табылатын мәңгілік мұғжиза. 2. Құран пәлсапа ғылымының немесе адамның тәжірибесінің өнімі емес, керісінше илаһи мәңгілік ғылым негізінде жазылған. Сол себепті белгілі бір заман мен мекенмен және белгілі бір ұлт пен ұрпақпен шектелмейді. 3. Дұшпанның күпірлігі мен күмәні сіздің Құранның хақиқаттығы мен ислам пайғамбарының міндетіне күмәнданып, екі ойлы болуыңызға себеп болмасын.
«Һуд» сүресінің 15-16 аяттары:
مَن كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لاَ يُبْخَسُونَ ﴿۱۵﴾أُوْلَئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الآخِرَةِ إِلاَّ النَّارُ وَحَبِطَ مَا صَنَعُواْ فِيهَا وَبَاطِلٌ مَّا كَانُواْ يَعْمَلُونَ ﴿۱۶﴾
Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды. (15) Соларға ақиретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа. (16)
Осы аяттар илаһи пайғамбар мен аспандық кітаппен қарсыласудың маңызды тамырларының біріне тоқталып былай дейді: «Олар дүниеуи тіршілік пен соның ләззаттарына батқысы келеді. Дүниенің қызығын көріп, өздерінің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін илаһи заңдарды қабылдамайды. Мұндай адамдардың илаһи шекарадан аяқтарын асырып басатындығы және күнәға бататындығы, сондай-ақ ақыретте соның жазасын тозақта тартатындықтары табиғи жағдай. Егер осы дүниеде де ізгі істер жасаған болса, дүние үшін ақыретке көңіл аудармағандықтан, Алла Тағала олардың сыйын осы дүниеде береді. Негізінде Алла мен қиямет күніне иманы жоқ адамдар, егер ізгі істер жасаса, сіңірген еңбектері мен өздерінің ашқан жаңалықтары үшін осы дүниеде атаққа жетіп, жақсы күн көріске ие болады. Олар Алладан басқа ештеңе сұрамайды. Ақыреттің сыйлығын соған сенетін адам ғана күте алады. Әйтпегенде қияметті теріске шығарып тұрып, Алладан не күтуге болады? Бірақ Алланың мейірімі кең. Алла Тағала қияметте солардың кейбіреуін ізгі істері үшін пейішке апарып немесе азаптарын азайтуы әбден мүмкін. Сонымен қатар илаһи емес, дүние және адами түрткілер үшін жасалатын ғамал осы дүние мен адамның осы өмірдегі тіршілігімен шектеледі. Оның әсері қияметке жетпейді. Осы аяттардан үйренетініміз: 1.Ғамалдың құны – оның түрткісі мен мақсатында. Өкінішке орай, илаһи емес, дүниеуи түрткілермен орындалатын істердің қияметте әсері болмайды. 2.Алла Тағала – әділ. Дүниенің соңына түскендердің істерін де сыйлықсыз қалдырмайды. Керісінше осы дүниеде олардың сыйын толық береді. 3. Дүние қуғандардың қолы ақыретте бос болады, олардың орындары тозақ.