Жел 21, 2016 19:13 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 327-ші бөлім, 1-5 аяттар

«Һуд» сүресінің 1-2 аяттары:

الر کِتَابٌ أُحْکِمَتْ آیَاتُهُ ثُمَّ فُصِّلَتْ مِنْ لَدُنْ حَکِیمٍ خَبِیرٍ ﴿١﴾ أَلا تَعْبُدُوا إِلا اللَّهَ إِنَّنِی لَکُمْ مِنْهُ نَذِیرٌ وَبَشِیرٌ ﴿٢﴾

Ұғымын Алла біледі. Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген. (1) Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын. (2).

Бұл сүренің Құранның басқа да 28 сүресі сынды өзінен кейін келесі әріпті қоспайтын әріптермен басталуы Құранның илаһи мәңгілік мұғжиза екендігін көрсетеді.  Ешкім сол сияқты бір сүре, тіпті бір аят та әкеле алмайды. Сонымен қатар Құранның бүкіл  аяттарында тоухид рухы орнаған. Ол әртүрлі аяттарда көрініс тауып, ағартушылық, уағыз және ахкам қалпында баяндалған. Құран аяттары өзгеріс пен бұрмалаушылыққа ұшырамаған. Оның ақиқаттығына ешқандай шәк пен күмән жол таба алмайды. Сол себепті барлық аяттары тұрақты да баянды. Осы аяттардан үйренетініміз:

Илаһи кітап – Құран болмыстың ақиқатын анық түрде баяндап, Алла тағала өзінің шексіз хикметі мен ғылымы негізінде оның заңдарын орнатқан.

Аспандық кітаптың түсірілуінің пәлсапасы адамзат қоғамын шерктен тазартып, адамдарды тоухидке шақыру болып табылады.

Пайғамбарлардың уағыздаушылық тәсілі ескерту мен сүйіншілеу: қорқыту мен үміттендіру, жазалау мен ынталандыру.

 «Һуд» сүресінің 3-4 аяттары:

 وَأَنِ اسْتَغْفِرُوا رَبَّکُمْ ثُمَّ تُوبُوا إِلَیْهِ یُمَتِّعْکُمْ مَتَاعًا حَسَنًا إِلَى أَجَلٍ مُسَمًّى وَیُؤْتِ کُلَّ ذِی فَضْلٍ فَضْلَهُ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنِّی أَخَافُ عَلَیْکُمْ عَذَابَ یَوْمٍ کَبِیرٍ ﴿٣﴾ إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُکُمْ وَهُوَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرٌ ﴿٤﴾

Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын. (3) Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші. (4)

Пайғамбарлар тоухидке шақырумен қатар олар үшін Алланың мейірімі дайындалу үшін халықты өздерінің өткендерінен бас тартып, тәубеге келуге шақырды. Өйткені иман мен тәубенің нәтижесі қияметте ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде де көрініс береді. Жақсы да әдемі өмір илаһи мәрхаматтың арқасында иманды қоғамды да қамтиды. Қырсығып, хақтан теріс айналып, өткеннен бас тартып тәубеге келудің орнына өздерінің қырсықтықтарында табандаған адамдар осы дүниеде сырттай жақсы рахат ғұмырға ие болғандарымен қияметте ауыр азапқа ұшырайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Жолдан таюшыларды қайта тәрбиелеп, жөнге салу пайғамбарлардың міндеттерінің бірі.

Жақсы өмірге ие болуға ислам көп көңіл бөледі. Тәубе мен тоухид оған негіз дайындайды.

 «Һуд» сүресінің 5 аяты:

أَلا إِنَّهُمْ یَثْنُونَ صُدُورَهُمْ لِیَسْتَخْفُوا مِنْهُ أَلا حِینَ یَسْتَغْشُونَ ثِیَابَهُمْ یَعْلَمُ مَا یُسِرُّونَ وَمَا یُعْلِنُونَ إِنَّهُ عَلِیمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ ﴿٥﴾

Естеріңде болсын. Олар Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де Алла көрінеу, көмес істеген нәрселерін біледі. Расында, Ол көкіректегілерді толық білуші (5).

Алауыздық пен екіжүзділік діни қоғамдарға қоқан-лоққы болып табылатын қатерлердің бірі. Жүрек пен тілдегі екұштылық және тіл мен амал арасындағы қайшылық адамды адасушылық аңғарына тартады.  Осы аят әртүрлі әдістермен өздерінің ішкі ой, пікірлерін жасырып, мүміндерге кектенетін, бірақ сырттай тәтті тіл және достық ниетпен мүміндердің назарын аударуды мақсат ететін адамдардың жасырын әдістері туралы айтады. Алла Тағала мұнафықтардың мұндай лайықсыз әрекеттері алдында былай дейді: «Олар Алла үшін әшкере мен жасырынның айырмашылығының жоқ екендігін білуі тиіс. Олардың жүректері мен ойларында болып жатқанның бәрінен Алла Тағала хабардар». Осы аяттан үйренетініміз:

Дінге қарсы қастандық жасаушылар Алладан ештеңенені де жасырып қала алмайтындықтарын білуі тиіс.

Алла Тағала ғайып және жасырын істердің бәрінен хабардар. Адамдардың ойлары мен жүректерінде не болып жатқанын біз біле алмаймыз.