Әғраф сүресі, 246-шы бөлім, 150-153 аяттар
Әғраф сүресі, 246-шы бөлім, 150-153 аяттар
"Әғраф" сүресінің 150-ші аяты:
وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَى إِلَى قَوْمِهِ غَضْبَانَ أَسِفًا قَالَ بِئْسَمَا خَلَفْتُمُونِی مِنْ بَعْدِی أَعَجِلْتُمْ أَمْرَ رَبِّکُمْ وَأَلْقَى الألْوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأْسِ أَخِیهِ یَجُرُّهُ إِلَیْهِ قَالَ ابْنَ أُمَّ إِنَّ الْقَوْمَ اسْتَضْعَفُونِی وَکَادُوا یَقْتُلُونَنِی فَلا تُشْمِتْ بِیَ الأعْدَاءَ وَلا تَجْعَلْنِی مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِینَ ﴿١٥٠﴾
"Мұса (ғ) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде: "Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларыңның әміріне асықтыңдар ма?",-деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысының (Һарұн) басынан ұстап өзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): "Әй, анамның ұлы! Расында бұл ел мені, басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма да, мені залым елмен бірге санама!",-деді. (150)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай хазірет Мұса (ғ) илаһи кітапты алу үшін отыз күнге Тұр тауына баруға міндеттелді және оған тағы он күн қосылды. Осы мәселе Исраил қауымының арасында "Мұса дүниеден өтті" деген қауесеттің таралуына себеп болып, Самери жасаған бұзауға илануларына жағдай пайда болды. Бұл аяттың айтуына қарағанда, хазірет Мұса (ғ) Тұр тауынан оралған сәтте өзнің қауымына да, туысы Һарунға да ыза болған. Ол өз қауымына қарап: "Мен жоқта нендей жаман үммет болдыңдар. Өйткені сендер, Жаратушының маған Тұр тауына барып, онда қалуыма бұйыруының мақсаты не екендігін көруге сабыр етпей, бауырым Һарунның орнына Самериге ердіңдер",-дейді. Мұса (ғ) өз туысына да ұырсып, оны ызамен өзіне қарай тартып, қауымды басқара алмағаны үшін оған сөгіс айтты. Алайда Һарун: "Олар мені тастап кетті. Қанша айтсам да қабылдамады. Тіпті мені өлтірмекші болды. Сондықтан менің кінәм жоқ. Мені мына қауыммен бірдей санама",-деді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, біздің ғасырымызда имам Хомейни Сәлман Рұшдидің шайтандық аяттар кітабына реакция көрсеткеніндей, қоғамдағы азғындықтарға қарсы діни ұмтылысты көрсетіп, оған ашу білдіру керек.
Екіншіден, азғындықтарға қарсы тұруда олардың атағы мен мансабына, немесе туысқандық мәселелерге қарамай, қаталдық көрсетіп, жауаптыларға сөгіс айту керек.
Үшіншіден, кез-келген реформалық және революциялық әрекеттің түйткілі халықтың бұрынғы дағдысына қарауы болып табылады. Сондықтан қоғамның басшылары осыны болжап, оның алдын-алуы тиіс.
"Әғраф" сүресінің 151-ші аяты:
قَالَ رَبِّ اغْفِرْ لِی وَلأخِی وَأَدْخِلْنَا فِی رَحْمَتِکَ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِینَ ﴿١٥١﴾
"Мұса (ғ): "Раббым! Мені және туысымды жарылқа, бізді мәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың",-деді. (151)"
Хазірет Мұсаның (ғ) ашуы басылған соң, ол халықтың алдында Һарунға ұрысқаны үшін А... тағаладан кешірім сұрайды. Сондай-ақ бауыры да кемшілік жасауы ықтимал деп, ол үшін де кешірім сұрады. Өйткені кешірім сұрау – А...-ның рақымшылығының кілті. А... тағала – рақымшылықтың көзі. Кешірім сұрау – зор рақымшылыққа бөленудің жолы болып табылады.
"Әғраф" сүресінің 152-ші аяты:
إِنَّ الَّذِینَ اتَّخَذُوا الْعِجْلَ سَیَنَالُهُمْ غَضَبٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَذِلَّةٌ فِی الْحَیَاةِ الدُّنْیَا وَکَذَلِکَ نَجْزِی الْمُفْتَرِینَ ﴿١٥٢﴾ وَالَّذِینَ عَمِلُوا السَّیِّئَاتِ ثُمَّ تَابُوا مِنْ بَعْدِهَا وَآمَنُوا إِنَّ رَبَّکَ مِنْ بَعْدِهَا لَغَفُورٌ رَحِیمٌ ﴿١٥٣﴾
"Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Қараушыларды осылайша жазалаймыз. (152)"
Хазірет Мұса (ғ) Тұр тауынан оралған кезде, халыққа ұрысқанымен, кейбіреулер бұзауға табынудан бас тартпады. А... тағала осы аятта былай дейді: "Олар осы дүниеде А...-ның қаһарына ұшырап, қор болады. Өйткені олар ақиқатты көре тұра, оны өтірікке шығарды". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның достарының ашуы, А...-ның ашуын тудырады. Осыдан бұрынғы аят хазірет Мұсаның (ғ) ашуын баяндаса, бұл аят А... тағаланың аятын айтады.
Екіншіден, илаһи жетекшілерді қойып, жалған басшыларға ерудің соңы дүниеде қорлық көру болып табылады.
"Әғраф" сүресінің 153-ші аяты:
وَلَمَّا سَکَتَ عَنْ مُوسَى الْغَضَبُ أَخَذَ الألْوَاحَ وَفِی نُسْخَتِهَا هُدًى وَرَحْمَةٌ لِلَّذِینَ هُمْ لِرَبِّهِمْ یَرْهَبُونَ ﴿١٥٤﴾
"Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тәубе қылып, иман келтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (153)"
Осы аят алғашында бұзауға табынушы болып, бірақ хазірет Мұсаның (ғ) ұрысуынан кейін ақылына келіп, өздерінің істегендерінен өкінген адамдар жайлы. Сол адамдар туралы А... тағала былай дейді: "Егер тәубе қылып, серік қосудан бас тартып, қайтадан иманды болса, А... тағала тәубелерін қабылдап, оларды қайта жарылқайды". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, әрқашан тәубе етуге болады және уақыт жағынан оған ешқандай шектеу жоқ.
Екіншіден, А...-ның кешірімі мен жарылқауынан үміт үзбейік. А... тағала ауыр күнәларды да кешіреді.
Үшіншіден, А... тағала күнәһарларды кешірумен қатар, оларды мейіріміне бөлейді.