Әғраф сүресі, 244-ші бөлім, 143-146 аяттар
Әғраф сүресі, 244-ші бөлім, 143-146 аяттар
"Әғраф" сүресінің 143-ші аяты:
وَلَمَّا جَاءَ مُوسَى لِمِیقَاتِنَا وَکَلَّمَهُ رَبُّهُ قَالَ رَبِّ أَرِنِی أَنْظُرْ إِلَیْکَ قَالَ لَنْ تَرَانِی وَلَکِنِ انْظُرْ إِلَى الْجَبَلِ فَإِنِ اسْتَقَرَّ مَکَانَهُ فَسَوْفَ تَرَانِی فَلَمَّا تَجَلَّى رَبُّهُ لِلْجَبَلِ جَعَلَهُ دَکًّا وَخَرَّ مُوسَى صَعِقًا فَلَمَّا أَفَاقَ قَالَ سُبْحَانَکَ تُبْتُ إِلَیْکَ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُؤْمِنِینَ ﴿١٤٣﴾
"Мұса (ғ), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, Мұса (ғ): "Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін",-деді. (А...): "Мені әсте көре алмайсың, бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің",-деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (ғ) да талып түсті. Есі кіре сала: "Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын",-деді. (143)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, А... тағала Мұсаға (ғ) Тәуратты түсіру үшін оны қырық күнге Тұр тауына шақырды. Осы аят былай дейді: "Мұса белгіленген жерге келгенде, А... тағала онымен сөйлесті. Исраил қауымы хазірет Мұсадан А... тағаланы көздерімен көрулерін сұрағандықтан, Мұса өз қауымының өтінішін қозғап: "Уа, Раббым! Сені көзбен көріп, халқыма Сені көргенімді айту үшін Өзіңді маған көрсете аласың ба?",-деді. Алайда: "Ей, Мұса! Тіпті сен де мені көре алмайсың. Өйткені мен көрінбеймін. Бірақ менің құдіретім мен ұлылығымның көріністерін көре аласың. Ендеше мына тұрған тауға қара, оның менің қалауыммен үгітіліп, жойылғанын көр!",-деген жауап келді" Бұл құбылыс соншалықты күшті болғандықтан, хазірет Мұса (ғ) есінен танып, жерге құлап қалады. Ол есін жиған соң: "Уа, Раббым! Мен Сенің құдіретің мен ұлылығыңа куә болып отырған алғашқы адаммын. Сенен мұндай негізсіз өтініш жасағаным үшін кешірім сұраймын. Расында Сен көзге көрінуден пәксің",-деді. Бір кісі хазірет Әлиден (ғ): "Құдайыңа соншалықты ғибадат ететіндей, оны көрдің бе?",-деп сұрағанда: "Өзім көрмеген құдайға құлшылық етпеймін. Мен оны көзбен емес, жүрекпен көрдім",-деп жауап береді. Ол хазірет тағы бір жерде: "Әр нәрсенің алды мен артында және оның қасында А... бар",-деген еді. Құран Кәрім "Әнғам" сүресінің 103-ші аятында: "Көздер оған жете алмайды. Ол көздерді көреді",-деп ашық айтады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағаланы тану үшін жаратылыс әлеміндегі оның құдіреті мен ұлылығының көріністеріне көңіл аудару керек. Олардың барлығы А...-ның көрінісі.
Екіншіден, А... тағалаға қатысты жасалған кез-келген негізсіз ой мен талап және қиялдар үшін тәубе ету керек.
"Әғраф" сүресінің 144-145 аяттары:
قَالَ یَا مُوسَى إِنِّی اصْطَفَیْتُکَ عَلَى النَّاسِ بِرِسَالاتِی وَبِکَلامِی فَخُذْ مَا آتَیْتُکَ وَکُنْ مِنَ الشَّاکِرِینَ ﴿١٤٤﴾ وَکَتَبْنَا لَهُ فِی الألْوَاحِ مِنْ کُلِّ شَیْءٍ مَوْعِظَةً وَتَفْصِیلا لِکُلِّ شَیْءٍ فَخُذْهَا بِقُوَّةٍ وَأْمُرْ قَوْمَکَ یَأْخُذُوا بِأَحْسَنِهَا سَأُرِیکُمْ دَارَ الْفَاسِقِینَ ﴿١٤٥﴾
"(А...): "Әй, Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол",-деді. (144) Мұсаға (ғ) (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: "Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған бұзақылардың жұртын көрсетемін?" (145)"
Мұса (ғ) Тұр тауында болған қырық күн ішінде А... тағала Тауратты оған тас тақташалар түрінде түсіріп, оған сол нұсқауларды мықты ұстап, өз қауымын соны орындауға шақыруын бұйырады. Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, перғауынның зұлымдық билігін құлатып, діни үкімет құрылған соң А...-ның ережелері мен нұсқаулары орындалуы тиыс.
Екіншіден, илаһи кітаптың түсірілу нығметіне ерекше шүкірлік ету керек. Нығметтерге шүкірлік білдіру – бір ахлақтық тапсырма емес, қайта А...-ның бұйрығы.
"Әғраф" сүресінің 146-шы аяты:
سَأَصْرِفُ عَنْ آیَاتِیَ الَّذِینَ یَتَکَبَّرُونَ فِی الأرْضِ بِغَیْرِ الْحَقِّ وَإِنْ یَرَوْا کُلَّ آیَةٍ لا یُؤْمِنُوا بِهَا وَإِنْ یَرَوْا سَبِیلَ الرُّشْدِ لا یَتَّخِذُوهُ سَبِیلا وَإِنْ یَرَوْا سَبِیلَ الْغَیِّ یَتَّخِذُوهُ سَبِیلا ذَلِکَ بِأَنَّهُمْ کَذَّبُوا بِآیَاتِنَا وَکَانُوا عَنْهَا غَافِلِینَ ﴿١٤٦﴾
"Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе, оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары. (146)"
Илаһи үкімдер мен нұсқауларға жүгінуді және оған шынайы қарап, орындауды қуаттаған аяттардан кейін бұл аят: "А...-ның үкіміне бағынбай, дандайсығандар ақиқатты қабылдағысы келмейді. Олар көптеген аяттар мен белгілерді көріп, ақиқат жолының дұрыстығын түсінсе де, өркендеп, кемелденуді қаламай, ақиқаттан қашу үшін теріс жолға түседі",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, тәкаппарлық пен астамшылдық – А...-ның аяттарын жоққа шығару мен Оған күпірлік етудің түп-тамыры.
Екіншіден, А...-ның алдындағы тәкаппарлық А...-ның түзу жолынан айрылуға себеп болады. А... тағала өзінің мейірімін ешкімнен себепсіз алмайды.