Жел 21, 2016 19:26 Asia/Almaty

Юныс сүресі, 323-ші бөілім, 93-97 аяттар

«Юныс» сүресінің 93 аяты:

 وَلَقَدْ بَوَّأْنَا بَنِی إِسْرَائِیلَ مُبَوَّأَ صِدْقٍ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّیِّبَاتِ فَمَا اخْتَلَفُوا حَتَّى جَاءَهُمُ الْعِلْمُ إِنَّ رَبَّکَ یَقْضِی بَیْنَهُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ فِیمَا کَانُوا فِیهِ یَخْتَلِفُونَ ﴿٩٣﴾

 «Расында исраил ұрпақтарын жақсы жерге орналастырдық. Сондай-ақ жақсы нәрселермен ризықтандырдық. Оларға білім келгенге дейін қайшылыққа түспеді. Расында Раббың олардың таласқан нәрселері жайында қиямет күні үкім береді (93)».

 Алла Тағала осы аятта Исраил ұрпағына сыйлаған нығметтерді тілге тиек етіп: «Босқындық жылдарынан кейін біз оларға Шамның жақсы ауа-райына ие, жасыл және құнарлы аймағын сыйлап, олардың ықтиярына ең жақсы ырзықты бердік. Бірақ олар шүкірлік білдіріп, аспандық уәхиге ерудің орнына жікшілдік пен алауыздыққа душар болып, әрқайсысы қияметтің сотында өздерінің осы лайықсыз қылықтарына жауап берулері тиіс жолмен жүрді» деді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың тағылымдарының арқасында рухани дамумен қоса, адамдардың өмірінің материалдық аспектілеріне де көңіл аударылады. Адамдар тәуелсіздік пен азаттыққа және  өмірдің мүмкіндіктері мен пәк ырзыққа жетеді.

2.Адамдардың аспандық идеологиядан алыстауынан туындайтын алауыздық пен жікшілдік илаһи нығметтерді жояды. 

«Юныс» сүресінің 94-95 аяттары:

 

فَإِنْ کُنْتَ فِی شَکٍّ مِمَّا أَنْزَلْنَا إِلَیْکَ فَاسْأَلِ الَّذِینَ یَقْرَءُونَ الْکِتَابَ مِنْ قَبْلِکَ لَقَدْ جَاءَکَ الْحَقُّ مِنْ رَبِّکَ فَلا تَکُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِینَ ﴿٩٤﴾ وَلا تَکُونَنَّ مِنَ الَّذِینَ کَذَّبُوا بِآیَاتِ اللَّهِ فَتَکُونَ مِنَ الْخَاسِرِینَ ﴿٩٥﴾

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған түсіргенімізден күдіктенсең, сенен бұрынғы Кітап оқығандардан сұра. Расында саған Раббыңнан хақиқат келді. Сондықтан күдіктенушілерден болма (94). Сондай-ақ Алланың аяттарын жасынға шығарушылардан болма. Онда зиян тартушылардан боларсың (95).

 Осы аяттар ислам пайғамбарының ақиқат екендігіне күдік күмән келтірушілерге қаратып: «Егер алдыңғы аспандық кітаптарға бет бұрсаңдар, хазіреттің сүйіншілері мен белгілерін табасыңдар. Исраил ұрпағы сияқтыларды сол кітаптардан табатындарың сынды Құранда айтылған көптеген қауымдардың өмірбаяндарымен қоса осы кітаптың да сол Алла тарапынан келгенін түсініп, оның ақиқат екендігін ұғасыңдар. Егер сендер күдік күмәндерден арылсаңдар және Құранның аққиқат екендігін түсінсеңдер оны теріске шығару сендердің өздерің үшін зиянға себеп болып, оның дүниедегі жетекшіліктерінен мақұрым қалатындықтарың анық» дейді. Осы аят пайғамбарға қаратып айтылғанымен, оның ол хазіретке айтылмағаны белгілі. Өйткені, біріншіден пайғамбардың аспандық уәһидің ақиқатына күдіктенуінің мағынасы жоқ. Егер күдіктенсе де өзінің сөздерін қалайша теріске шығарады? Алла Тағала оған: «Теріске шығарушылардың қатарында болма» дейді. Аят мүшріктер мен кітап иелеріне қаратып айтылған. Бірақ Құран аяттарының көбісі пайғамбарға арналғанымен аяттың негізгі мақсаты – адамдар.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Күдік пен күмән барлық адамдар бастан өткеретін табиғи құбылыстар. Маңыздысы, ол күмән кезеңінен үлемдер мен ғалымдарға жүгініп өтіп, ғылым мен сенім кезеңіне жету. 

2.Егер адам күдік пен күмәнда қалып қойып, оны жоя алмаса, ақиқатты теріске шығарады.    

«Юныс» сүресінің 96-97 аяттары:

 إِنَّ الَّذِینَ حَقَّتْ عَلَیْهِمْ کَلِمَةُ رَبِّکَ لا یُؤْمِنُونَ ﴿٩٦﴾ وَلَوْ جَاءَتْهُمْ کُلُّ آیَةٍ حَتَّى یَرَوُا الْعَذَابَ الألِیمَ ﴿٩٧﴾

 

Расында өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иман келтірмейді. (96) Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді.) (97).

 Діни ақиқаттардың алдында адамдар үш топқа бөлінеді:

Бір топ ақиқатты білмейді, оны білгісі де келмейді. Келесі топ ақиқатты білмейді, бірақ соны танудың соңында болады. Бірақ тағы бір топ ақиқатты біле, тани тұра оны қабылдауға дайын емес. Өйткені бұл ақиқат олардың материалдық және дүниеуи мүдделерімен сәйкеспейді.

Осы аяттар ақиқат алдында қырсықтық танытқандары үшін жүректері қарайып, тасқа айналған және олардың иман келтіретіндіктеріне ешқандай үміт жоқ үшінші топ жайлы. Әсілі,  осы адамдар Алланың қаһарына ұшырағандар. Олар азапты көздерімен көрмейінше иман келтіріп, мойынсұнбайтындар.

Бұл адамдардың қиындығы қанша көрсетсе де олар қабылдамайтын көңілге қонымды дәлелдер немесе мұғжизалар ұсынуда емес, олардың мәселесі олардың түсінгендерін мойындап, оның қажеттілігін қабылдауға рұқсат етпейтін олардың қалаулары мен тілектерінде. Сондықтан, егер көптеген адамдардың иман келтірмегенін көрсек, пайғамбарлардың ақиқат екендіктері мен аспандық кітаптарға шәк келтірмейік. Керісінше, бір топтың соншалықты бұзылып, оларға әсер ету мүмкін емес мақұлыққа айналғанын және ешбір ақиқат сөздің оларға әсер етпейтіндігін білуіміз керек.

Осы аяттардан үйренетініміз:

Барлық адамдар иман келтіреді екен деп күтпеуіміз керек. Күнә мен бейбастақтықтың ақиқатты қабылдаудан мақұрым қалудың факторы екендігін білгеніміз жөн.

Тіпті кердеңдер мен қырсықтар да бір күні ақиқатты түсінеді. Бірақ кеш болғандықтан және қабылданбайтындықтан оның не пайдасы бар?