Жел 21, 2016 19:28 Asia/Almaty

Юныс сүресі, 322-ші бөлім, 87-92 аяттар

«Юныс» сүресінің 87 аяты:

 وَأَوْحَیْنَا إِلَى مُوسَى وَأَخِیهِ أَنْ تَبَوَّآ لِقَوْمِکُمَا بِمِصْرَ بُیُوتًا وَاجْعَلُوا بُیُوتَکُمْ قِبْلَةً وَأَقِیمُوا الصَّلاةَ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِینَ ﴿٨٧﴾

 «Мұса мен оның туысына: «Екеуің Мысырда елдеріңе үйлер салыңдар да үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Онымен қатар мүміндерді шүйіншіле» деп уақи еттік (87)».

 Хазірет Мұса Исраил ұрпағын Перғауынның езгісінен азат еткен соң, Исраил ұрпағының қоғамын қайта қалпына келтіру үшін оларды бір жерге шоғырландырып, солардың көмегімен оларға үйлер салуға жауапты болып тағайындалды. Үйлер шашыраңқы немесе бір-бірінен бөлек емес, Исраил ұрпағы бір-бірінің қасына оңай жиналып, әлеуметтік шешімдер қабылдай алу үшін және егер Перғауын олардың көзін жоймақ ниетте болса, соған тойтарыс бере алуы үшін бір-біріне қарама-қарсы орналасуы керек болды. Бірақ кейбір тәпсіршілер осы аяттағы намаз оқу туралы бұйрыққа көңіл аудара, «қыбла» сөзінінің мағынасын Исраил ұрпағы өздерінің құлшылық рәсімдерін тіпті үйлерінде орындай алулары үшін үйлерін қыблаға қаратып салу деп санаған. Бірақ бұл жерде «қыбла» сөзі «бір-бірінің қарама-қарсысында» деген мағынада қолданылып тұр.  Осы аяттан үйренетініміз:

1. Пайғамбарлар халықтың жанашырлары болған. Пайғамбарлар халыққа жәрдемдесу үшін қажетті шараларды орындаған.

2. Материалдық және бақуаттылық мәселелеріне көңіл аудару бізді намаз бен Аллаға ғибадат етуден тоқтатпайды. Осы істерді қатар орындау  илаһи мейірімге бөленуге себеп болады.

 Юныс сүресінің 88-89 аяттары:

 وَقَالَ مُوسَى رَبَّنَا إِنَّکَ آتَیْتَ فِرْعَوْنَ وَمَلأهُ زِینَةً وَأَمْوَالا فِی الْحَیَاةِ الدُّنْیَا رَبَّنَا لِیُضِلُّوا عَنْ سَبِیلِکَ رَبَّنَا اطْمِسْ عَلَى أَمْوَالِهِمْ وَاشْدُدْ عَلَى قُلُوبِهِمْ فَلا یُؤْمِنُوا حَتَّى یَرَوُا الْعَذَابَ الألِیمَ ﴿٨٨﴾ قَالَ قَدْ أُجِیبَتْ دَعْوَتُکُمَا فَاسْتَقِیمَا وَلا تَتَّبِعَانِّ سَبِیلَ الَّذِینَ لا یَعْلَمُونَ ﴿٨٩﴾

Мұса (Ғ.С.): «Раббымыз! Расында Сен Перғауын және оның шонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдарды жолыңнан адастырулары үшін бердің бе? Малдарын жоқ ет, жүректерін қатайт! Жан түршігерлік азапты көргенге дейін олар иман келтірмейді» деді. (88) Алла: «Екеуіңнің тілектерің қабылданды. Онда тура жолда болыңдар да, білмейтіндердің жолына ермеңдер!»,- деді. (89)

Хазірет Мұсаның пайғамбарлық міндетінің жалғасында Перғауынмен күресу үшін Алладан перғауындықтардың есепсіз байлықтарын құртып, олардың бұдан артық бұзықтық пен шапқыншылық жасауына рұқсат бермеуді және байлық пен зейнетке ие болғандары үшін өздерінің күштерін теріс пайдаланып, адамдарды адастыру үшін соны пайдалануға рұқсат бермеуді сұрады. Хазірет Мұса бұл қарғысты оның Перғауынның иман келтіретіндігіне ешқандай үміті қалмағанда және оның хақты қабылдауға ешқандай дайын еместігін көрген кезде айтты. Өйткені азап көрінгеннен кейін иман келтірудің құны жоқ екендігі және олар үшін де пайдасының жоқ екендігі белгілі.  Хазірет Мұсаның осы дұғасын қабылдаған Алла Тағала дұғаның қабылдану шарты мүміндердің тура жолдағы шыдамдылығына байланысты сынды оларды табандылық пен төзімділікке шақырды. Өйткені рауаяттар негізі бойынша Мұса хазіреттің қарғысынан кейін қырық жыл өткен соң Перғауын теңізге батып кетті.

Осы аяттардан үйренетініміз:

Дүние-байлық жалғыз өзі Алланың мейірімі мен рақымының белгісі емес. Өйткені оны Алла кәпірлерге де осы дүниеде сыйға береді.

Алладан залымдардың күйреуі мен көздерінің жойылуын сұрау өзіміздің міндетімізді орындау талпынысымызбен қатар болуы керек.

Дұшпанмен күрес әдісінде діни және илаһи жетекшілерге бағынып, надандық ой-пікірлерден бойды аулақ салған жөн.

Юныс сүресінің 90-91-92 аяттары:

 

وَجَاوَزْنَا بِبَنِی إِسْرَائِیلَ الْبَحْرَ فَأَتْبَعَهُمْ فِرْعَوْنُ وَجُنُودُهُ بَغْیًا وَعَدْوًا حَتَّى إِذَا أَدْرَکَهُ الْغَرَقُ قَالَ آمَنْتُ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا الَّذِی آمَنَتْ بِهِ بَنُو إِسْرَائِیلَ وَأَنَا مِنَ الْمُسْلِمِینَ ﴿٩٠﴾ آلآنَ وَقَدْ عَصَیْتَ قَبْلُ وَکُنْتَ مِنَ الْمُفْسِدِینَ ﴿٩١﴾ فَالْیَوْمَ نُنَجِّیکَ بِبَدَنِکَ لِتَکُونَ لِمَنْ خَلْفَکَ آیَةً وَإِنَّ کَثِیرًا مِنَ النَّاسِ عَنْ آیَاتِنَا لَغَافِلُونَ ﴿٩٢﴾

 «Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын және әскерлері жауыздық, дұшпандық пен оларды қуды. Ақыр ол суға батар сәтте: «Исраил ұрпақтары иман келтірген құдайдан басқа Құдай жоқтығына иман келтірдім. Менде бойұсынушылардан болдым» деді. (90) «Енді ғана сендіңбе? Расында сен бұрын қарсы келген бұзақылардан болған едің…..» (91) «Сенен кейінгі үлгі болуы  үшін денеңді (жансызтүрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз» (92).

Осы аяттар хазірет Мұсаның дұғасының қабылдану тәсілін баяндап: «Перғауынның әскері сендерді құрту үшін соңдарыңа түскен кезде біз Ніл өзенін сендер үшін қақ айырып, сендерді одан өткіздік. Бірақ Перғауын мен оның әскерін сол суға батырып, келешек үшін сабақ болсын деп Перғауынның мәйітін сыртқа шығардық» дейді. Бір қызығы хазірет Мұсаның болжамы орын алып, Перғауын өлімнен құтыла алмасын көрген соңғы сәтте: «Уа, Алла! Иман келтірдім» дейді. Бірақ «Қазір өлім аузында жатып тәубеге келіп, хаққа мойынсұнбақсың ба?» деген жауап естиді.

 Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Кәпірлермен күресте ең қиын деген жағдайда бізді жалғыз тастамайтын және бізге жолды ашатын Аллаға тәуекел етейік.   2. Егер біз Алланың жолында табанды әрі мықты болсақ, бүлікшіл күштердің мойынсұнудан басқа шаралары қалмай, сазайларын тартады.

4.Келешекке сабақ болу үшін өткен қауымдардың арасында Алланың құдіретінің ескерткіштері мен белгілерін сақтауға тырысайық.