Юныс сүресі, 321-ші бөлім, 79-86 аяттар
Юныс сүресі, 321-ші бөлім, 79-86 аяттар
«Юныс» сүресінің 79-80 аяттары:
وَقَالَ فِرْعَوْنُ ائْتُونِی بِکُلِّ سَاحِرٍ عَلِیمٍ ﴿٧٩﴾ فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَةُ قَالَ لَهُمْ مُوسَى أَلْقُوا مَا أَنْتُمْ مُلْقُونَ ﴿٨٠﴾
Перғауын: «Бүкіл білген сиқыршыларды маған келтіріңдер» деді. (79) Ал сиқыршылар келген кезде Мұса (Ғ.С.): «Не қоймақшы болсаңдар, қойындар» деді. (80)
Өткен бағдарламада хазірет Мұса (ғ.)-ның Алла тарапынан пайғамбарлық міндеті бастала салысымен Перғауынға барып, оны бірқұдайшылыққа шақырып, Исраил ұрпағын перғауындардың езгісінен құтқаруға Алла тарапынан тағайындалғанын айтқан болатынбыз. Осы аяттар былай дейді: «Мұсамен қисынды тайталасуға шамасы жоқ Перғауын оның мұғжизасын сиқыр және жады деп атап, онымен қарсыласу үшін сиқыршыларды шақырды. Бірақ өзінің әділдігіне сенген хазірет Мұса (ғ.) оларға: «Сендер қолдарыңннан келгеннің барлығын көрсетіңдер, халық көріп, төрелігін өздері айтсын» деген ұсыныс жасады. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пұтқа табынушылар өздерінің қасиетсіз мақсаттарына жету үшін данышпан және білгір мамандарды білімдерін өздерінің мүдделеріне теріс пайдаланады.
2.Пайғамбарлар өздерінің жолдары мен Алланың жәрдемдеріне сенім артады. Сондықтан кесімді түрде сөйлеп, қарсыластарды күреске шақырады.
Юныс сүресінің 81-82 аяттары:
فَلَمَّا أَلْقَوْا قَالَ مُوسَى مَا جِئْتُمْ بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللَّهَ سَیُبْطِلُهُ إِنَّ اللَّهَ لا یُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِینَ ﴿٨١﴾ وَیُحِقُّ اللَّهُ الْحَقَّ بِکَلِمَاتِهِ وَلَوْ کَرِهَ الْمُجْرِمُونَ ﴿٨٢﴾
«Олар қойғанда, Мұса (Ғ.С.): «Бұл келтіргендерің сиқыр, күдіксіз Алла оны бұзады. Расында Алла бұзақылардың ісін жөндемейді» деді. (81) «Егер күнәкарлар жақтырмаса да, Алла хақиқатты сөздерімен шынға шығарады» (82).
«Шұғара» сүресінде де: «Сиқыршылар өздерінің жіптері мен таяқтарын тастап: «Перғауынның абыройымен ант етеміз, біз жеңімпазбыз» десті. Перғауынның сиқыршыларының осы жіптер мен ағаштардың затын өзгертпегендіктері, бірақ көзбояушылықтың бір түрімен адамдар әлгілерді қозғалып, жорғалап бара жатқан жылан сынды көретіндей етіп іс жасағандары анық» деп жазылған. Сондықтан хазірет Мұса кесімді түрде: «Алла тағала олардың сиқырларын жоқ етіп, күнәһарлар одан жиренетін өзінің сөздері негізінде шындықты көрсетеді» деді. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Жалғандық жылтырақ, көңіл аудартарлық көптеген көріністерге ие. Бірақ ақыр соңында жоғалады. Алла тағала оған қалуға рұқсат етпейді.
2.Үстемшілдердің Алланың жігері алдында хақ шебі жеңісінің алдын алуды қалауы әсерсіз. Алла тағала ақиқатты қолдап, тұрақтандыруға уәде берген.
«Юныс» сүресінің 83 аяты:
فَمَا آمَنَ لِمُوسَى إِلا ذُرِّیَّةٌ مِنْ قَوْمِهِ عَلَى خَوْفٍ مِنْ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِمْ أَنْ یَفْتِنَهُمْ وَإِنَّ فِرْعَوْنَ لَعَالٍ فِی الأرْضِ وَإِنَّهُ لَمِنَ الْمُسْرِفِینَ ﴿٨٣﴾
» Мұса (Ғ.С.)-ға Перғауын мен шонжарларының өздеріне тигізетін кесірінен қорқып, елінен бір топ қана иман келтірді. Расында Перғауын ол жерде өктем еді. Сондай-ақ ол шектен шығушылардан еді. (83)
Хазірет Мұса шақыруының алғашқы кезеңінде Перғауын мен оның сарайындағыларға барды. Екінші кезеңде сиқыршылармен күреске кірісіп, жеңіске жетті. Үшінші кезеңде Исраил ұрпағына барды. Сол қауымнан алғашында жасөспірімдер мен жастар ғана оған иман келтірді. Олар да перғауындықтардың азаптап, мазалауларына ұшырап, тура жолдан тайдырушылардың насихаттары олардың хақ діннен теріс айналып, бұрмалаушылықа ұшырауларына себеп болды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Мұсаға иман келтірген алғашқы топ жүректері пәк, пікірлеріне сызат түспеген жастар болды.
2.Тіпті Перғауынның билігінің астында да кеңістікке сіңісіп кетпей, Мұса мен оның мектебіне иман келтіруге болады.
Юныс сүресінің 84-85-86 аяттары:
وَقَالَ مُوسَى یَا قَوْمِ إِنْ کُنْتُمْ آمَنْتُمْ بِاللَّهِ فَعَلَیْهِ تَوَکَّلُوا إِنْ کُنْتُمْ مُسْلِمِینَ ﴿٨٤﴾ فَقَالُوا عَلَى اللَّهِ تَوَکَّلْنَا رَبَّنَا لا تَجْعَلْنَا فِتْنَةً لِلْقَوْمِ الظَّالِمِینَ ﴿٨٥﴾ وَنَجِّنَا بِرَحْمَتِکَ مِنَ الْقَوْمِ الْکَافِرِینَ ﴿٨٦﴾
Мұса (Ғ.С.) еліне: «Әй, елім! Егер Аллаға иман келтірген болсаңдар, сондай-ақ мұсылман болсаңдар онда Аллаға тәуекел қылыңдар» деді. (84) Олар: «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама» деді. (85) «Сондай-ақ бізді мәрхаметіңмен кәпір қауымнан құтқара көр!….» (86).
Перғауындықтардың қатты азаптауларына қарсы хазірет Мұса өзінің қауымын Аллаға арқа сүйеуге шақырып, оны иман мен мойынсұнудың қажеттілігі деп атады.
Мұсаға иман келтірген адамдар оның сөздерін есітіп: «Біздің Алладан басқа арқа сүйер панамыз жоқ. Оның дәргаһына бет бұрып, Одан зорлықшылар мен кәпірлердің кәрін бізден алыстатуды сұраймыз» десті. Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Қиындықтар мен оқиғалар алдында мүміннің жалғыз арқа сүйері – Алла. Аллаға арқа сүйеп, Оның бұйрықтары алдында мойынсұну арқылы қиындықтарды өткеруге болады.
2.Тығырықтан шығар жолдардың бірі ол Алланың дәргаһына жалбарыну. Өйткені егер Аллаға жалбарыну көмектеспегенде Алла бізге оны насихаттамаған болар еді.