Жел 21, 2016 19:31 Asia/Almaty

Юныс сүресі, 320-шы бөлім, 74-78 аяттар

«Юныс» сүресінің 74-75 аяттары:

 ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِ رُسُلا إِلَى قَوْمِهِمْ فَجَاءُوهُمْ بِالْبَیِّنَاتِ فَمَا کَانُوا لِیُؤْمِنُوا بِمَا کَذَّبُوا بِهِ مِنْ قَبْلُ کَذَلِکَ نَطْبَعُ عَلَى قُلُوبِ الْمُعْتَدِینَ ﴿٧٤﴾ ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ مُوسَى وَهَارُونَ إِلَى فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ بِآیَاتِنَا فَاسْتَکْبَرُوا وَکَانُوا قَوْمًا مُجْرِمِینَ ﴿٧٥﴾

 Сонсоң Нұх (Ғ.С.)-нан кейін де елдеріне пайғамбарлар жібердік. Оларға ашық мұғжизалар келтірді. Бұрын да жасынға шығарғандықтары үшін олар иман келтірмеді. Міне, шектен шығушылардың жүректерін өстіп бітейміз. (74) Сонсоң олардан кейін Мұса мен Һарұн (Ғ.С.)-ды Перғауын және сыбайластарына мұғжизалармен жібердік. Олар менменсіп, күнәһар ел болды. (75)

 Осы аяттар Алланың адамдарға жол нұсқау үшін пайғамбарларды бірінен соң бірін жіберген сүннетіне тоқталып: «Барлық пайғамбарлар Алла тарапынан өздерінің пайғамбарлық міндеттерін – «ресалаттарын» дәлелдеу үшін әртүрлі мұғжизаларға ие болды. Адамдар олардың хақ екендіктерін түсінсе де қабылдауға дайын болмады. Сондықтан бейбастақтық пен күнә жасаумен болды. Олардың бұл істері діндарлыққа қайшы келді. Нұхтың топан суында жер бетін су басып, хазірет Нұхтың қасындағы кемедегі мүміндерден басқа кәпірлердің барлығы өлсе де сол хазіреттен кейін де уақыт өте келе көптеген кәпірлер мен мүшріктер пайда болды. Алла Тағала адамдарды тура жолға нұсқау үшін көптеген пайғамбарларды, соның ішінде хазірет Ибраһим мен Ысмаилды, Һоуд пен Салеһті, Иағуб пен Иусефті жіберді. Бірақ адамдардың қырсықтығы олардың өздерінің бұрыс жолдан қайтып, иман келтіруге дайын болмауына себеп болды. Алланың үлкен пайғамбары хазірет Мұса інісі Һарунмен бірге Перғауынға барып, оны бірқұдайшылыққа шақырды. Алайда Перғауын Алланың сөзінің алдында тәкәппарлық танытып, хақты қабылдамады. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Алла Тағала бір жағынан пайғамбарларды халықты тура жолға бағыттау үшін жібереді, екінші жағынан дінді қабылдауға мәжбүрлеп емес, адамға өзінің жолын таңдауға ерік береді.

2. Пұтқа табынушылықпен күресу пайғамбарлардың бірінші бағдарламасы болды. Хазірет Мұса Алланың дініне шақыруының басында Перғауынға барып, оны Алланың дініне шақырды.

«Юныс» сүресінің 76-77 аяттары:

 فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِنْدِنَا قَالُوا إِنَّ هَذَا لَسِحْرٌ مُبِینٌ ﴿٧٦﴾ قَالَ مُوسَى أَتَقُولُونَ لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَکُمْ أَسِحْرٌ هَذَا وَلا یُفْلِحُ السَّاحِرُونَ ﴿٧٧﴾

 Оларға біз тараптан шындық келген кезде: «Рас осы ашық жады» деді. (76) Мұса (Ғ.С.): «Сендерге келген хақиқатты сөйтіп айтасыңдар ма? Бұл сиқыр ма? Сиқыршылар құтылмайды» деді. (77).

Пайғамбарлардың қарсыластарының, әсіресе күпірлік пен шерктің басшылары мен үлкендерінің әдіс-тәсілдерінің бірі пайғамбарлар мен илаһи әмбиелерге жала жабулары болатын. Құранның аяттарының негізі бойынша шамамен барлық пайғамбарларға сиқыршы, жәдігөй деген жалалар жабылған. Осылайша кәпірлер олардың мұғжизаларын айла мен өтіріктің бір түрі деп, олардың өздерін алаяқ, пайдакүнем деп таныстырмақ болды. Перғауын хазірет Мұсаның хақ және анық қисыны алдында барлық сиқыршыларды жинауға бұйрық беріп, оны сиқыршылармен қатар қойды. Хазірет Мұса оларға: «Сендер осы уақытқа дейін менен сиқыр мен жәдігөйлік көрген жоқсыңдар. Қазір де хақтың сөзін сөйлеп, соны дәлелдеу үшін мұғжиза әкелсем де мені сиқыршы деп, менің сөздерімді сиқыр деп атап отырсыңдар. Сендер хақтан қашып отырсыңдар» деді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қоғамның діни жетекшілері адамдардың бір тобының әрдайым олармен қарсыласатынын білуі тиіс.  Олар тіпті олардың хақ сөздерінің өзін бос сөз деп көрсетеді.

2.Хақты теріске шығару мен тарихтағы пайғамбарларға жала жабудың бастауы пайғамбарлардың қисындары мен дәлелдерінің әлсіздігі емес, адамдардың бір тобының кердеңдіктері және солардың хақпен қарсыласу болмысында.«Юныс» сүресінің 78 аяты:

 

قَالُوا أَجِئْتَنَا لِتَلْفِتَنَا عَمَّا وَجَدْنَا عَلَیْهِ آبَاءَنَا وَتَکُونَ لَکُمَا الْکِبْرِیَاءُ فِی الأرْضِ وَمَا نَحْنُ لَکُمَا بِمُؤْمِنِینَ ﴿٧٨﴾

 Олар (Мұса мен Һарұнға): «Ата-бабаларымызды тапқан жолдан бұруға әрі жер жүзінде екеуің ұлық болуға келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз» деді. (78)

 Көптеген адамдар өздерінің ата-бабаларын құрметтеу үшін өздерінің әкелерінің наным-енімдері мен әдет-ғұрыптарынан бас тартқылары келмейді. Олар бұрынғылардың айтқандары дұрыс, оған қарсы сөз айтуға ешкімнің хаққысы жоқ деп ойлайды. Ата-бабаға құрмет дегендері олардың ой-пікірлері мен наным-сенімдерін ұстанудан басқа ештеңе де емес. Орынсыз ырымшылдық пен қисынсыз қырсықтық және ата-бабалардың сөздеріне табандылық таныту да дұрыс емес. Пайғамбарлардың қарсыластары да біздің әкелеріміз пұтқа табынған деген қисынмен хақ сөзді естіп, оны қабылдауға дайын болмады. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ата-бабаларға көзді жұмып еліктеу, олардың ырымшыл наным-сенімдеріне еру – адамдардың пайғамбарлар мектебімен қарсыласудағы маңызды факторлар. 2. Бұрынғылардың мәдени мұрасын сақтаудың олардың бұрыс наным-сенімдеріне еруден айырмашылығы бар. Бүгінде Мысырдың перғауындарының пирамидалары қорғалуда. Бірақ өзін Құдай санаған Перғауынның әділетсіз және бұрыс ойларын халық қабылдай алмайды.