Юныс сүресі, 319-шы бөлім, 68-73 аяттар
Юныс сүресі, 319-шы бөлім, 68-73 аяттар
«Юныс» сүресінің 68-69-70 аяттары:
قَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا سُبْحَانَهُ هُوَ الْغَنِیُّ لَهُ مَا فِی السَّمَاوَاتِ وَمَا فِی الأرْضِ إِنْ عِنْدَکُمْ مِنْ سُلْطَانٍ بِهَذَا أَتَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لا تَعْلَمُونَ ﴿٦٨﴾ قُلْ إِنَّ الَّذِینَ یَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْکَذِبَ لا یُفْلِحُونَ ﴿٦٩﴾ مَتَاعٌ فِی الدُّنْیَا ثُمَّ إِلَیْنَا مَرْجِعُهُمْ ثُمَّ نُذِیقُهُمُ الْعَذَابَ الشَّدِیدَ بِمَا کَانُوا یَکْفُرُونَ ﴿٧٠﴾
Олар: «Алланың баласы бар» десті. Ол одан пәк. Ол мұңсыз. Әрине көктердегі әрі жердегі нәрселер Оған тән. Бұған байланысты қастарыңда бір дәлел жоқ. Аллаға қарсы, білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма? (68) (Мұхаммед Ғ.С.): «Расында сондай Аллаға өтірік жала жапсырғандар, құтылмайды» де. (69) Олардікі дүниеде ғана пайдалану. Сонсоң олардың қайтар орны біз жақ. Сонан кейін де қарсы болғандықтарына байланысты қатты азап таттырамыз. (70)
Бұрынғы қауымдар мен тіпті қазіргі халықтардың арасында таралған ырымшылдықтардың бірі – ол мүшріктердің періштелерді Алланың қыздары деп ойлағандары сынды адамдар Алланың перзенттері бар деп ойлап, соларды Алламен байланыстырады. Яһуд тарихы кезеңінде Азиз хазірет Алланың ұлы деп танымал болған. Мәсихилер де хазірет Исаны (ғ) Алланың ұлы деп санайды. Біріншіден, перзентке ие болатындай, Алланың жұбайы жоқ. Екіншіден, Алла перзентке мұқтаж емес. Үшіншіден, жаратылған тіршілік иесі Алланың перзенті бола алмайды. Өйткені перзент – әке мен ананың тумасы. Алла теңдессіз. Құран осындай бос, негізсіз сөздерге қарсы: «Мұндай сөздерді айтатындар өздерінің уәждеріне жауап бере алатын болуы керек. Қияметте олар Аллаға қатысты осындай өтіріктері үшін жазаланатын болады» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жалғыздықтан құтылу үшін перзентті болатындай, Алла жалғыздықтан қорықпайды. Көмекшіні қажет ететіндей жәрдемшіге мұқтаж емес. Ол бай әрі мұқтажсыз.
2.Егер дүниенің шектеулі және уақытша жетістіктерін қияметтің үздіксіз ауыр азабымен салыстырсақ, көптеген әрекеттер мен сөздерден бойымызды аулақ салған болар едік.
«Юныс» сүресінің 71 аяты:
وَاتْلُ عَلَیْهِمْ نَبَأَ نُوحٍ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ یَا قَوْمِ إِنْ کَانَ کَبُرَ عَلَیْکُمْ مَقَامِی وَتَذْکِیرِی بِآیَاتِ اللَّهِ فَعَلَى اللَّهِ تَوَکَّلْتُ فَأَجْمِعُوا أَمْرَکُمْ وَشُرَکَاءَکُمْ ثُمَّ لا یَکُنْ أَمْرُکُمْ عَلَیْکُمْ غُمَّةً ثُمَّ اقْضُوا إِلَیَّ وَلا تُنْظِرُونِ ﴿٧١﴾
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Нұх (Ғ.С.)-тың әңгімесін оқы. Бір заманда еліне: «Әй, елім! Араларыңда тұруым, Алланың аяттарын үгіттеуім сендерге зор келген болса, онда Аллаға тәуекел еттім. Ал енді сендер және шеріктерің не істейтіңдеріңде бірлесіңдер. Сонсоң істерің өздеріңе мұң болмасын. Кейін маған мұрсат бермей-ақ, қолдарыңнан келгенін істеңдер!» деген. (71)
Хазірет Нұх жылдар бойы өз халқының арасында халықты Аллаға шақырған илаһи үлкен пайғамбарлардың бірі. Бірақ оған азғана ғана адам иман келтіріп, адамдардың көпшілігі Аллаға күпірлік жасап, дінсіз күйде қалды. Меккеде түскен осы аят кедейшілік пен қиындықта өмір сүріп жатқан мүміндерді жұбатып: «Илаһи жәрдемдерге сеніңдер, Алланың сендерге жар болып, қолдайтындығын біліңдер» дейді. Хазірет Нұх қарсыластарының қоқан-лоққылары мен қастандықтары алдында жалғыз қарсы тұрғандықтан, олардың күштеріне мысқылдап: «Сендердің баршаң жиналып, мен жайлы қандай шешім қабылдағыларың келсе, соны қабылдаңдар. Бірақ менің Аллаға тәуекел еткенімді және оның құдіретіне арқа сүйегенімді біліңдер» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Өткен тарих хақтың мәңгіліктігі мен жалғанның жойылатындығының көрсеткіші. Өткенмен таныстық – болашақ жолдың шамшырағы. 2. Мақсатқа жетуге деген сенім пайғамбарлардың қарсыластар алдындағы күрестерінің ең үлкен факторы болды. Олар тіпті мақсат жолында шәһид болудан да қорықпады.
«Юныс» сүресінің 72-73 аяттары:
فَإِنْ تَوَلَّیْتُمْ فَمَا سَأَلْتُکُمْ مِنْ أَجْرٍ إِنْ أَجْرِیَ إِلا عَلَى اللَّهِ وَأُمِرْتُ أَنْ أَکُونَ مِنَ الْمُسْلِمِینَ ﴿٧٢﴾ فَکَذَّبُوهُ فَنَجَّیْنَاهُ وَمَنْ مَعَهُ فِی الْفُلْکِ وَجَعَلْنَاهُمْ خَلائِفَ وَأَغْرَقْنَا الَّذِینَ کَذَّبُوا بِآیَاتِنَا فَانْظُرْ کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الْمُنْذَرِینَ ﴿٧٣﴾
«Ал егер жалтайсаңдар, сендерден жалақы сұрамадым ғой. Менің жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ мұсылмандардан болуға бұйырылдым….» (72) Сонда олар, оны жасынға шығарды. Сондықтан Нұх (Ғ.С.) ты әрі онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, олардың орындарын бастырдық. Аяттарымызды жасынға шығарғандарды суға батырдық. Ескерту берілгендердің соңының не болғанын көр! (73).
Алланың пайғамбарлары халықты Алла тарапына шақыру жолында өздерінің жандарынан баз кешіп, бастарын ғана қатерге тігіп қойған жоқ, сонымен қатар дүниенің байлығына да көзжұмбайлық танытып, адамдардан ештеңе дәметпеді. Сондықтан пайғамбарлар халыққа: «Егер бізге иман келтермесеңдер, бізге зарар тигіземіз деп ойламаңдар. Өйткені біз сендерден сый-сыяпат күтпейміз. Бар болғаны өзімізге жүктелген міндетімізді орындаймыз» деп тура айтатын. Аяттардың жалғасы қарсыластардың істерінің салдарларына тоқталып: «Илаһи азап келіп, үлкен топан су орнап, барлық жерді су басты. Тек Нұхтың жанында кемеге мінген адамдар ғана құтқарылып, жерге мұрагер болды. Ескертілген, бірақ қабылдамаған адамдардың тағдыры ақыр соңы осындай болады» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Дінді таратып, адамдарды Алла тарапына шақырған табысты адамдар сол жолда материалдық сый дәметпеуі керек.
2.Аллаға иман және сол жолдағы табандылық кәпірлерден құтылып, жер бетінде әділ биліктің орнауына жеткізеді.