Юныс сүресі, 317-ші бөлім, 57-61 аяттар
Юныс сүресі, 317-ші бөлім, 57-61 аяттар
«Юныс» сүресінің 57-58 аяттары:
یَا أَیُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَتْکُمْ مَوْعِظَةٌ مِنْ رَبِّکُمْ وَشِفَاءٌ لِمَا فِی الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِینَ ﴿٥٧﴾ قُلْ بِفَضْلِ اللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذَلِکَ فَلْیَفْرَحُوا هُوَ خَیْرٌ مِمَّا یَجْمَعُونَ ﴿٥٨﴾
«Әй, адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет (түрінде Құран) келді. (57) (Мұхаммед Ғ.С.): «Олар Алланың кеңшілігі, мәрхаметімен болған осылармен қуансын. Өйткені, Құран олардың жиған- тергендерінен хайырлы» де. (58)».
Адамның жаны да оның денесі сияқты дімкәстанып, ауруларға шалдығады. Егер тәкәппарлық, менмендік пен сараңдық, қызғаныш және екіжүзділік сынды індеттер емделмесе, күпірлік пен іріткі және алауыздыққа ұласып, адамды тура жолдан тайдырады. Бірақ Құран нақтылап айтқан насихаттары мен ескертулері арқылы көптеген күнәға ұрынушылықтың алдын алады. Сонымен қатар илаһи жаза мен азап туралы баяндап, адамның рухы тазаруы үшін оны өзінің ерсі амалдарының салдарларынан хабардар етеді. Таза әрі пәк рухтың тура жол мен илаһи рақымды табатындығы табиғи жағдай. Сондықтан Алла Тағала пайғамбарына мүміндерге олардың ең жақсы қорлары мен қазыналарының Алланың кітабына деген имандары мен сол кітаптың соңынан еру екендігін және дүниедегі шен-дәреже немесе байлыққа ие болғандары үшін емес, осы үлкен нығметке ие болғандары үшін қуанышты болуды айтуды бұйырады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Дімкәс жүректер мен рухани аурулар үшін Құран – ең жақсы дәрмен.
2. Адам және бүгінгі қоғамның дерттері мен қиындықтарының дәрменін адамзаттың ортанқол идеологиясынан емес, Құран мектебінен үйрену керек.
3. Құран дүниеуи барлық байлықтан жоғары. Нағыз пақыр дегеніміз, ол дүниенің бар байлығына ие бола тұра, Құранның тәлімдерінен мақрұм қалған адам. Ал бай адам дегеніміз, ол сырттай жарлы, кедей болып көрінгенімен, Құранмен өмір сүретін адам.
«Юныс» сүресінің 59-60 аяттары:
قُلْ أَرَأَیْتُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ لَکُمْ مِنْ رِزْقٍ فَجَعَلْتُمْ مِنْهُ حَرَامًا وَحَلالا قُلْ آللَّهُ أَذِنَ لَکُمْ أَمْ عَلَى اللَّهِ تَفْتَرُونَ ﴿٥٩﴾ وَمَا ظَنُّ الَّذِینَ یَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْکَذِبَ یَوْمَ الْقِیَامَةِ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَکِنَّ أَکْثَرَهُمْ لا یَشْکُرُونَ ﴿٦٠﴾
«Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, халал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұхсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдерме?»,- де. (59) Сондай Аллаға өтірік жала жапқандардың, қиямет күні туралы ойы не? Расында Алла, әрине адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкірлік қылмайды. (60)».
Алдыңғы аяттарда Құранның тура жол нұсқайтындығы мен оның рақымы туралы сөз болды. Осы аяттар: «Бірақ Құраннан алыстаған адам ырымшылдықтың тұзағына түсіп, негізсіз, жалған заңдарға шырмалады. Мұның өзі өмірдің мәселелелері мен қиындықтарының себепкерлері» дейді. Құран Кәрімнің келесі аяттарында мүшріктер малдары мен ауылшаруашылық өнімдерінің кейбіреуін өздеріне тиым салып, соларды пұттар мен пұтханаларға назыр еткен деп жазылған. Осы аяттар былай дейді: «Сендердің ырзықтарың Алла тарапынан қамтамасыз етіледі. Нені харам, нені халал ету сендердің қолдарыңда емес, Оның қолында. Егер сендердің Алла тарапынан мұндай істі істеуге рұқсаттарың болса, жағдай басқаша, бірақ олай емес. Осы өтірік пен жалаға қияметте жауап берулерің керек болады». Аяттардың жалғасы былай дейді:
«Алланың адамдарға беретін нығметі – Оның мейірімі мен даналығының белгісі. Бірақ олар осы барлық нығметтерге шүкір айтпай, жалған ырымшыл, дәлелсіз ахкамдарымен өздерін нығметтерден мақрұм етеді». Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Алла Тағала – нығметтердің иесі. Халал мен харамды анықтау құқығы Оның қолында. Адам өзінің қалауы мен талап-тілектері бойынша нені қаласа соны халал және харам ете алмайды.
2. Заң орнату, заң шығару – Аллаға тән. Оның заңына қайшы әрбір заң дінбұзушылық болып есептелгендіктен, заңдық күшке ие емес.
«Юныс» сүресінің 61 аяты:
وَمَا تَکُونُ فِی شَأْنٍ وَمَا تَتْلُو مِنْهُ مِنْ قُرْآنٍ وَلا تَعْمَلُونَ مِنْ عَمَلٍ إِلا کُنَّا عَلَیْکُمْ شُهُودًا إِذْ تُفِیضُونَ فِیهِ وَمَا یَعْزُبُ عَنْ رَبِّکَ مِنْ مِثْقَالِ ذَرَّةٍ فِی الأرْضِ وَلا فِی السَّمَاءِ وَلا أَصْغَرَ مِنْ ذَلِکَ وَلا أَکْبَرَ إِلا فِی کِتَابٍ مُبِینٍ ﴿٦١﴾
(Мұхаммед Ғ.С.) әрқандай бір жағдайда болсаң, Алла тарапынан бір Құран оқысаң және сендер бір іс істесеңдер, әлбетте оған шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ жердегі, көктегі тозаң салмағындай нәрсе Раббыңнан жасырылмайды. Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар.(61)».
Осы аят Алланың адамның барлық жағдайы мен іс-әрекетін және әлемнің барлық кішкентай және үлкен бөлшектерін қамтитын кең әрі ауқымды хикметін тілге тиек етеді. Бұл істер тақтада сақталған. Өйткені тек Алла ғана емес, сонымен қатар періштелер де куәгер және бақылаушы. Олар байқаған барлық нәрсені жазып, тіркеп отырады. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Біздің ойымыз, сөзіміз бен амалдарымыздың барлығын Алла мен періштелер көріп тұр. Олар үшін ешнәрсе жасырын емес.
2.Алла үшін жер мен аспанның, кіші мен үлкеннің айырмашылығы жоқ. Оның хикметі барлық жер мен барлық нәрсе үшін бірдей.
3.Қарапайым адамдар ғана емес, сонымен бірге пайғамбарлар да бақылауда. Алла олардың амалдарының куәгері.
4.Әлем Алланың құзырында. Егер Ол бізге мұрсат беріп, азапты асықтырмаса, бұл Оның надандығының немесе біздің істерімізге қатысты қапылдығының белгісі емес, керісінше Оның бізге деген мейірімі мен тәубеге келуге мұрсат бергенінің нышаны.