Юныс сүресі, 313-ші бөлім, 34-38 аяттар
Юныс сүресі, 313-ші бөлім, 34-38 аяттар
«Юныс» сүресінің 34-35 аяттары:
قُلْ هَلْ مِنْ شُرَکَائِکُمْ مَنْ یَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ قُلِ اللَّهُ یَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ فَأَنَّى تُؤْفَکُونَ ﴿٣٤﴾ قُلْ هَلْ مِنْ شُرَکَائِکُمْ مَنْ یَهْدِی إِلَى الْحَقِّ قُلِ اللَّهُ یَهْدِی لِلْحَقِّ أَفَمَنْ یَهْدِی إِلَى الْحَقِّ أَحَقُّ أَنْ یُتَّبَعَ أَمْ مَنْ لا یَهِدِّی إِلا أَنْ یُهْدَى فَمَا لَکُمْ کَیْفَ تَحْکُمُونَ ﴿٣٥
﴾(Мұхаммед Ғ.С.): «Аллаға теңеген шеріктеріңнен, тұңғыш жаратып, сонсоң өлтіріп қайта тірілтетін бар ма?»,- де. «Алла, бастапта жаратып, сонан соң қайта тірілтеді. Сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?»,- де. (34) «Шеріктеріңнен тура жолға салатын бар ма?»,-де. «Алла тура жолға салды. Ал сонда тура жолға салатын Аллаға бағыну лайық па? Жоқ, тура жолға салынбайынша жол таба алмайтын біреуге ме? Сендерге не болды? Қалай (жансақ) үкім бересіңдер?»,-де. (35).
Мүшріктерге олардың ойдан шығарған шеріктерінің әр істегі дәрменсіздіктерін дәлелдеген өткен аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер жаратылысқа назар аударсаңыздар, Алладан басқа ешкімнің тіршілікті жаратып, олардың өмірлерін қайта жандандыруға шамасы келмейтіндігін түсінесіздер. Пұттар мен басқа да жаратылыс иелерінің өздері – жаратылған мақұлықтар. Олардың өздері Жаратушыға мұқтаж. Ондай болса, олар қалайша тіршіліктің Жаратушысы бола алады деп ойлайсыздар. Егер жол нұсқау мен бақытқа жетудің жолында болсаңыздар, мынаны білгендеріңіз жөн: өздерінің жол нұсқаушылары жоқтар сіздердің жетекшілеріңіз бола алмайды. Егер солар жол нұсқау қабілетіне ие болсын десеңіздер, сіздерге жол нұсқай алуы үшін алдымен олардың өздерін дұрыс жолға нұсқау керек. Сіздерді хақ және түзу жолға нұсқайтын жетекшілеріңіз – Алла Тағала. Шынтуайтында, илаһи жетекшілік жолы Алланың сөзінен басқа сөз айтпайтын пайғамбарлар мен аспандық кітаптар арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Сауал-жауап тәсілі – наным-сенім қарсыластарымен пікірталастыру үшін ең жақсы жолдардың бірі. Алла осы тәсілді пайғамбарына үйретті; 2. Алла Тағала – әлемнің жаратушысы, бірақ жаратылыс иелерін жаратқан соң оларды өз бетімен жібере салмайды. Ол кемелдік жолын барлық тіршілік иелеріне көрсетіп, оларды сол жаққа орналастырған Жаратушы.
«Юныс» сүресінің 36-шы аяты:
وَمَا یَتَّبِعُ أَکْثَرُهُمْ إِلا ظَنًّا إِنَّ الظَّنَّ لا یُغْنِی مِنَ الْحَقِّ شَیْئًا إِنَّ اللَّهَ عَلِیمٌ بِمَا یَفْعَلُونَ ﴿
٣٦﴾«Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші. (36)».
Мүшріктерге дәлел келтірген өткен аяттардан соң осы аят олардың ой бұрмаланушылықтарының негізгі тамырына тоқталып, былай дейді: «Шын мәнінде, қиял және елестен басқа ештеңе емес негізсіз болжам-долбарға еру олардың хақтан қол үзіп, осындай маңызсыз ой-пікірге бет бұруларына себеп болды. Ой-пікір және сенім мәселелерінде болжам мен долбарға орын жоқ. Адамды Хаққа жеткізетін абыройлы нәрсе, ол – сенім. Надандық наным-сенімдердің көбісінің бастауы ешқандай ғылыми мәні жоқ, ақылға сыймайтын ата-бабалар мен тайпалық ырым-жоралғыларға еліктеу болды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Наным-сенім және ахлақтық мәселелерде дәлелдердің көбісі дұрыс емес. Адамдардың көбісі ойлары немесе пікірлері тұрғысынан бұрмалаушылықа душар болады. Бұл олардың пікірлері мен істерінің дұрыстығының дәлелі емес.2. Күпірлік пен шерік қосудың ғылыми және ақыл негізі жоқ. Болжам мен долбар да негізсіз.
«Юныс» сүресінің 37-38 аяттары:
وَمَا کَانَ هَذَا الْقُرْآنُ أَنْ یُفْتَرَى مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَکِنْ تَصْدِیقَ الَّذِی بَیْنَ یَدَیْهِ وَتَفْصِیلَ الْکِتَابِ لا رَیْبَ فِیهِ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِینَ ﴿٣٧﴾ أَمْ یَقُولُونَ افْتَرَاهُ قُلْ فَأْتُوا بِسُورَةٍ مِثْلِهِ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ کُنْتُمْ صَادِقِینَ ﴿٣٨
﴾«Осы Құран, Алладан өзгенікі деп жала жапсыруға болмайды. Ол, алдындағыны растап, Кітапты ашық баян етеді. Әлемдердің Раббы тарапынан екендігіне шәк жоқ. (37) Олар: «Оны, Мұхаммед өзі сәйкестірді» дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.): «Ондай шыншыл болсаңдар, Алладан өзге кімге шамаларың келсе шақырып, осы тәрізді бір сүре жасап әкеліңдер»,-де. (38)»
Құран сан рет өзінің илаһи екендігін және адамдар мен жындардардың сол сияқтыны әкеле алмайтындығын қуаттаған болатын. Тіпті қарсыластарды күреске шақырып: «Бүкіл Құрандай, болмаса оның сүресіндей, егер, тіпті қолдарыңнан келсе соның аяттарындай аят әкеле қойыңдар» деді. Бірақ Ислам мен Құранның қарсыластары өткен 14 ғасыр бойы Құранның осы шақыруын жауапсыз қалдырып келеді. Мұсылман емес араб тілінің данышпандары мен әдебиетшілері, тіпті Құранмен деңгейлес, уәзіндес бір аят та келтіре алған жоқ. Құранның ғажап көптеген қырлары бар, солардың кейбіреуіне тоқталуға болады. Құран тілінің көркемдігі мен әсері – оны егер мың рет оқыса да көнермейтіндігі әрі жалықтырмайтындығы. Құран сөзінің әуезділігі мен әуеніне келсек, егер ол басқа бір араб сөзінің арасында орналасса да, толығымен ерекшеленіп, айқындалып тұратындығы. Құранның адамға қатысты барлық салаларындағы, соның ішінде жеке адам, отбасылық, әлеуметтік, құқықтық, саяси және ахлақтық салалардағы толыққандылығы соншалықты, тіпті ешбір үлкен ағартушының қолынан ондай жазу келмейді. Осы аяттан үйренетініміз: 1. Барлық пайғамбарлар мен аспандық кітаптар бір бағыт пен бір мақсатты көздейді; 2. Бүгін де Құран – мұғжиза. Бұл оның тарих бойында бұрмалаушылыққа ұшырамауының дәлелі.