Юныс сүресі, 310-шы бөлім, 19-23 аяттар
Юныс сүресі, 310-шы бөлім, 19-23 аяттар
«Юныс» сүресінің 19-шы аяты:
وَمَا کَانَ النَّاسُ إِلا أُمَّةً وَاحِدَةً فَاخْتَلَفُوا وَلَوْلا کَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِنْ رَبِّکَ لَقُضِیَ بَیْنَهُمْ فِیمَا فِیهِ یَخْتَلِفُونَ ﴿
١٩﴾Адамдар бір-ақ үммет еді, соңсоң олар қайшылыққа түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) егер Рабыңнан бір сөз өткен болмаса да, таласқан нәрселері турасында әрине араларына үкім берілген болар еді. (Жазаландырылар еді) (19).
Алла Тағала адамдарды тоухидтің пәк болмысында жаратқан. Сондықтан алғашында адам баласының барлығы бір үмбет болған. Бірақ уақыт өте келе және шайтани азғырулардың салдарынан бір топ шеркке бет бұрды. Осылайша қоғам екі топқа бөлінді: бірқұдайшылдардың тобы мен мүшріктер тобы. Бірақ Алла адамның өз жолын өзінің қалауымен таңдағанын қалады. Сол себепті тура жолдан тайғандарға не қаласа соны жасауға мұрсат береді. Егер де бұл Алланың сүннеті болмағанда, дәл осы дүниеде олардың жазасын беріп, мүміндер мен кәпірлердің арасындағы алауыздықты тамамдаған болар еді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамның құны не нәрсені болсамын, өзінің қалауымен жасауында. Әйтпегенде мәжбүрлі түрде иман келтіру мақтануға себеп емес.2.Ақида мен амалдағы айырмашылық адамзат қоғамының қажеттілігі.
«Юныс» сүресінің 20-шы аяты:
وَیَقُولُونَ لَوْلا أُنْزِلَ عَلَیْهِ آیَةٌ مِنْ رَبِّهِ فَقُلْ إِنَّمَا الْغَیْبُ لِلَّهِ فَانْتَظِرُوا إِنِّی مَعَکُمْ مِنَ الْمُنْتَظِرِینَ ﴿
٢٠﴾Және олар: «Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?», -дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен көмес Аллаға тән. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге тосамын!»,-де. (20).
Исламның пайғамбары басқа да илаһи пайғамбарлар сынды мұғжизаларға ие болған. Әлбетте, оның негізгі мұғжизасы – мүшріктердің ондай аяттарды әкелуге шамалары жетпейтін Құран Кәрім болды. Бірақ сылтау іздеген олар күн сайын жаңа мұғжиза жасау туралы ұсыныс жасап, пайғамбардан олар қалаған нәрсені әкелуді талап етті. Пайғамбар оларға жауап беріп: «Мұғжиза менің қолымда емес, Алланың қолында. Мұғжиза Алла қалаған уақытта жасалынады. Сендердің сұрап отырғандарың сылтау іздеуден басқа ештеңе емес», дейді.Мүшріктердің талап-тілектерінің ақылға сыймайтын, қисынсыз болғандығына көңіл бөлген жөн. Сондықтан алдыңғы бірнеше аятта пайғамбардан басқа Құран әкелуді немесе келесі бір жерде пайғамбардың аспанға көтерілуін немесе алтын сарайға ие болуын сұрағанын оқыдық. Осы аяттан үйренетініміз:1.Күпірлік пен шеріктің тамыры мұғжиза мен дәлелдің болмауы емес, сылтау іздеу мен хақтың алдында қырсықтық танытуда.2.Мұғжиза адамдардың ырқына жығылу мен қалаулары бойынша емес, Алланың қалауымен орын алады.
«Юныс» сүресінің 21-ші аяты:
وَإِذَا أَذَقْنَا النَّاسَ رَحْمَةً مِنْ بَعْدِ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُمْ إِذَا لَهُمْ مَکْرٌ فِی آیَاتِنَا قُلِ اللَّهُ أَسْرَعُ مَکْرًا إِنَّ رُسُلَنَا یَکْتُبُونَ مَا تَمْکُرُونَ ﴿
٢١﴾Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметімізді таттырсақ, сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері болады. (Мұхаммед Ғ.С.) «Алла, жазаландыруда өте жылдам» де. Расында елшілеріміз (періштеріміз) істеген сығандықтарыңды жазады. (21).
Тарихта Мекке қаласының қуаңшылық пен жұтқа ұшырағандығы және Алла тағаланың пайғамбар үшін жаңбыр жаудырып, оларды құтқарғандығы тіркелген. Бірақ мүшріктер жаңбырды пұттардың арқасында жауды десті. Сол кезде осы аят түсіп, оларға: «Егер сендер ақиқатты талап еткен болсаңдар, осы жаңбыр илаһи мұғжиза болды. Бірақ сендердің қыңыр-қырсықтықтарың айла-шарғымен илаһи мейірімді жансыз пұттарға байланыстырып, оны пайғамбардан алып қашуларыңа себеп болды. Алайда, сендер Алланың періштелерінің сендердің тараптарыңа сендердің барлық істеріңді тіркеп отыру үшін жіберген Оның елшілері екендін білулерің тиіс. Мүшріктер қияметте осы қылықтарына жауап беруге дайын болулары керек. Әлбетте, Алла осы дүниеде де олардың мекерліктері мен айлаларының жауабын береді. Олар Алланың құдіретіне төтеп бере алмайды» деп ескертеді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамдар илаһи нығметтерді пайдаланады, алайда олардың көбісі шүкір білдірудің орнына, алдауды ойлайды.2.Илаһи жазалар адамның қылмысымен үйлесімді болып келеді. Мекерлік пен айланың жазасы мекерлікке душар болудың жазасынан ауырлау.
«Юныс» сүресінің 22-23-ші аяттары:
هُوَ الَّذِی یُسَیِّرُکُمْ فِی الْبَرِّ وَالْبَحْرِ حَتَّى إِذَا کُنْتُمْ فِی الْفُلْکِ وَجَرَیْنَ بِهِمْ بِرِیحٍ طَیِّبَةٍ وَفَرِحُوا بِهَا جَاءَتْهَا رِیحٌ عَاصِفٌ وَجَاءَهُمُ الْمَوْجُ مِنْ کُلِّ مَکَانٍ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ أُحِیطَ بِهِمْ دَعَوُا اللَّهَ مُخْلِصِینَ لَهُ الدِّینَ لَئِنْ أَنْجَیْتَنَا مِنْ هَذِهِ لَنَکُونَنَّ مِنَ الشَّاکِرِینَ ﴿٢٢﴾ فَلَمَّا أَنْجَاهُمْ إِذَا هُمْ یَبْغُونَ فِی الأرْضِ بِغَیْرِ الْحَقِّ یَا أَیُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا بَغْیُکُمْ عَلَى أَنْفُسِکُمْ مَتَاعَ الْحَیَاةِ الدُّنْیَا ثُمَّ إِلَیْنَا مَرْجِعُکُمْ فَنُنَبِّئُکُمْ بِمَا کُنْتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿٢٣
﴾Ол сондай Алла, сендерді құрлықта, теңізде кездіреді. Хатте сендер кемеде боласыңдар. Кеме, оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар, онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте; сенімін нағыз Аллаға арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік» деп тілейді. (22) Дегенмен, Алла оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Сонсоң барар жерлерің біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз. (23)
Бағдарламамыздың басында Алла баршаны таухидтің пәк табиғатында жаратты деп айттық. Осы аят: «Дүниенің алдамшы көріністері осы табиғатты көлегейлеп, адамның одан қапыл қалуына себеп болады. Бірақ адам барлық жерден үмітін үзген дағдарыс жағдайында ешкімге де ешнәрсеге де бауырбасушылық танытпайды. Оянған табиғи түйсігі адамды Аллаға риясыз түрде бет бұрғызып, Оның құтқаруын күтетіндей, Алламен байланыстырады. Бірақ, өкінішке орай, адамдар өте тез бағынбаушылық танытады. Дүниедегі өмірдің барлық көріністерімен шектеулі әрі қысқа екендігін және баршаның Алла тарапына қайтуы керек екендігін және олардың барлық істері үшін сұраққа алынатындықтарынан қапыл қалады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Табиғи апаттар адамды тәкәппарлық пен менмендіктен арылтып, оның бойындағы илаһи табиғатты оятады. 2.Мерзімді және кезеңдік иманның құны жоқ. Иман бақуаттылық пен рахатта да, қиындық пен ауыртпашылықта да тұрақты әрі мәңгілік болуы керек.3.Жалпы алғанда адамның илаһи мейірімділіктерге рахметі жоқ. Ол мойынсұнушылықтың орына бағынбаушылық танытады.