Юныс сүресі, 309-шы бөлім, 15-18 аяттар
Юныс сүресі, 309-шы бөлім, 15-18 аяттар
«Юныс» сүресінің 15-ші аяты:
وَإِذَا تُتْلَى عَلَیْهِمْ آیَاتُنَا بَیِّنَاتٍ قَالَ الَّذِینَ لا یَرْجُونَ لِقَاءَنَا ائْتِ بِقُرْآنٍ غَیْرِ هَذَا أَوْ بَدِّلْهُ قُلْ مَا یَکُونُ لِی أَنْ أُبَدِّلَهُ مِنْ تِلْقَاءِ نَفْسِی إِنْ أَتَّبِعُ إِلا مَا یُوحَى إِلَیَّ إِنِّی أَخَافُ إِنْ عَصَیْتُ رَبِّی عَذَابَ یَوْمٍ عَظِیمٍ ﴿١٥
﴾Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!», - деді. (Мұхаммед ғ.с.): «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын» де.Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) шақырғандары – мүшріктер мен пұтқа табынушылар өздерінің ырымшылдық пен бұрмалаушылықтарынан бас тартудың орнына пайғамбардан олардың орынсыз талап-тілектеріне көңіл аударуды сұрайды: пұттарды теріске шығарған аяттарда Құраннан алып тастауды немесе мүлдем ондай аяттары жоқ басқа кітап әкелуді сұрап, сөйткен жағдайда ғана пайғамбарға иман келтіреміз десті. Пайғамбарлардың мақсаты – өзінің айналасына адамдар жинап, оларды тарту емес, адамдарға тура жол нұсқау болып табылады. Пайғамбарлар өздерінің соңынан ерушілердің көбеюі үшін ақылға қонымсыз өтініштер мен бұрыс талап-тілектерге көңіл бөлмейді.Осы аяттан үйренетініміз: 1.Ешкімнің, тіпті пайғамбарлардың да аспандық кітаптардың аяттарын өзгертіп, ауыстыруға хақысы жоқ. Олар илаһи уахиге толығымен мойынсұнып, бағынады.2.Түпнұсқа дегеніміз – Алланың айтқаны. Мектепті өзгертіп, бұрмалау мен негізден қол үзу арқылы ізбасарларды көбейтудің мәні жоқ.
«Юныс» сүресінің 16-17-ші аяттары:
قُلْ لَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا تَلَوْتُهُ عَلَیْکُمْ وَلا أَدْرَاکُمْ بِهِ فَقَدْ لَبِثْتُ فِیکُمْ عُمُرًا مِنْ قَبْلِهِ أَفَلا تَعْقِلُونَ ﴿١٦﴾ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللَّهِ کَذِبًا أَوْ کَذَّبَ بِآیَاتِهِ إِنَّهُ لا یُفْلِحُ الْمُجْرِمُونَ ﴿١٧﴾
(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Алла қаласа, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», - де. (16) Ал енді Аллаға бір өтірік жала жапсырған не аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Шынында күнәһарлар құтылмайды. (17).
Осы аяттар пайғамбардан Құранды өзгертуді сұраған адамдарға берілген жауаптың жалғасында былай дейді: «Пайғамбар сендердің араларында 40 жыл өмір сүрді. Егер, мына Құран оның ойының көрінісі болғанда, осы уақыт ішінде аузынан оның ой-пікірінің басқа үлгілері де айтылған болар еді. Құранды оның бұрынғы оқуының нәтижесі дейтіндей, ол ұстаздан сабақ та алмаған. Пайғамбардан Құранды өзгертуді немесе ауыстыруды сұрайтын адамдар, шын мәнінде Алланың аяттарын теріске шығарып, Аллаға жала жабады. Бұл – Алла, Құран және пайғамбардың хақтығы тұрғысындағы ең үлкен зұлымдық болып саналады.Осы аяттардан үйренетініміз:Аспандық кітаптар – пайғамбарлардың ой-пікірінің немесе басқалардың тағылымдарының нәтижесі емес, илаһи уахи;2.Ең үлкен зұлымдық, ол – мәдени, діни және сенім ақиқаттарын бұрмалау зұлымдығы.
«Юныс» сүресінің 18-ші аяты:
وَیَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لا یَضُرُّهُمْ وَلا یَنْفَعُهُمْ وَیَقُولُونَ هَؤُلاءِ شُفَعَاؤُنَا عِنْدَ اللَّهِ قُلْ أَتُنَبِّئُونَ اللَّهَ بِمَا لا یَعْلَمُ فِی السَّمَاوَاتِ وَلا فِی الأرْضِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا یُشْرِکُونَ ﴿١٨﴾
Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме?», -де. Алла олардың қосқан шеріктеріне пәк, жоғары» (18).
Зиян тигізеді деп қорқып, табынатындай, мүшріктердің табынатын пұттары оларға не зиян тигізбеді; немесе пайдасына бола табынатындай, не оларға пайда да әкелмеді. Сол себепті оларға табынудың ешбір себебі жоқ еді. Бірақ пұтқа табынушылар: «Біз пұттарға өзіміз бен Құдай арасындағы делдал ретінде табынамыз» деген себеп айтады. Бұл қабылдауға келмейтін себеп. Өйткені Алла оларды делдал және шапағатшы еткен жоқ. Мұндай істерді құптамайды да. Әлбетте, пайғамбарлар мен Алланың әулиелерінен көмек сұрау және олардан шапағат тілеуді пұтқа табынушылардың ісімен салыстыруға болмайды. Себебі, біріншіден, олар жансыз тас немесе ағаш емес, керісінше Алланың жанында барзақтық (өлім мен қиямет арасындағы кезең) өмірге ие. Екіншіден, Алла адамдардың өздерін соларға жүгіндіріп, солар арқылы Аллаға жол табуды қалады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Алланың пұттарды делдал етпегеніне қарамастан, пұтқа табынушылар пұттарды өздері мен Алла арасында делдал деп санады.1.Ешкімді де, ештеңені де Аллаға серік деп санамайық. Алланың өзі шапағат етуге лайық деп таппаған басқадан шапағат етуді сұрамайық.