Жел 21, 2016 19:52 Asia/Almaty
  • Юныс сүресі, 308-ші бөлім, 11-14 аяттар

Юныс сүресі, 308-ші бөлім, 11-14 аяттар

"Юныс" сүресінің 11-ші аяты:

وَلَوْ يُعَجِّلُ اللّهُ لِلنَّاسِ الشَّرَّ اسْتِعْجَالَهُم بِالْخَيْرِ لَقُضِيَ إِلَيْهِمْ أَجَلُهُمْ فَنَذَرُ الَّذِينَ لاَ يَرْجُونَ لِقَاءنَا فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ ﴿

۱۱﴾Егер, Алла, адам баласының хайырды асығыс тілегеніндей; жамандықты да тез берсе еді, әрине олардың ажалдары біткен болар еді. Алайда, бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра береді (11).

Алланың адамдарға қатысты сүннеттерінің бірі – әркімнің өз ықтиярымен жолын таңдап, амал етуі үшін оларға мүмкіндік беруі. Әлбетте, адамдардың көбінің Алланың олардың ықтиярына берген мүмкіндікті бұрыс пайдаланып, күнә жасайтындықтары табиғи жағдай. Алайда Алла өзінің мейірімі негізінде қатынас жасап, олардың өткендерінің орнын толтырып, тәубаға келуге мұрсат береді. Сондықтан зұлымдық пен күнә жасауда табандылық танытатын адамдарды олардың өмірлерінің табиғи түрде аяқталып, басқа дүниеде өздері жасаған жаман істерінің жазасын тартуы үшін Алланың өз еріктеріне жіберетіндігі табиғи іс. Осы аяттан үйренетініміз: 1. Осы дүниеде кәпірлер мен залымдардың өлмейтіндігі олардың дұрыстығы немесе Алланың қауқарсыздығы емес, керісінше илаһи мұрсаттың белгісі.2. Алладан қол үзіп, өз беттерімен кеткендер адасу мен мақсатсыздыққа душар болады.

"Юныс" сүресінің 12-ші аяты:

 وَإِذَا مَسَّ الإِنسَانَ الضُّرُّ دَعَانَا لِجَنبِهِ أَوْ قَاعِدًا أَوْ قَآئِمًا فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُ ضُرَّهُ مَرَّ كَأَن لَّمْ يَدْعُنَا إِلَى ضُرٍّ مَّسَّهُ كَذَلِكَ زُيِّنَ لِلْمُسْرِفِينَ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ ﴿

۱۲﴾Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді (12).

Осы дүниедегі рахат пен бақуаттылық адамның Алланы естен шығарып, дүниенің соңына түсуіне себеп болады. Бірақ қиындық пен түйткілдер адамды қапылдық ұйқысынан оятып, оған адамның әлсіз әрі қауқарсыз жаратылыс иесі екендігін ұқтырады. Сол себепті адам қиындықтармен кездескенде: науқастанып, төсек тартып жатса да, жатса да тұрса да қиындығын шешуді Алладан сұрайды. Шіркін, қиындығы шешілген соң, тым болмаса біраз уақыт тағы да Аллаға жалбарынып, Аллаға шүкіршілік білдірсе етті... Бірақ, өкінішке орай, адамдардың көпшілігі өз жолдарымен кетіп, ешқашан қиындыққа кезікпегендей, Алла олардың қиындықтарын шешпегендей, Алланы қайтадан ұмытады.Осы аяттан үйренетініміз:1. Аллаға деген иман адамның рухының тереңінде орналасқан. Ащы оқиға – адамның Алланы іздеу сезімін оятатын фактор. 2. Илаһи діндер адамның басына қиын іс түскенде Алланың дәргаһына жалынып, тілек тілеуді табыстап, мақұлдайды. 3. Қапылдық пен шүкірсіздік адамның Хақ Тағала жолынан алыстауына негіз дайындап, жалған нәрсені оның көз алдына әдемі етіп көрсететін болады.

"Юныс" сүресінің 13-14 аяттары:

وَلَقَدْ أَهْلَکْنَا الْقُرُونَ مِنْ قَبْلِکُمْ لَمَّا ظَلَمُوا وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَیِّنَاتِ وَمَا کَانُوا لِیُؤْمِنُوا کَذَلِکَ نَجْزِی الْقَوْمَ الْمُجْرِمِینَ ﴿١٣﴾ ثُمَّ جَعَلْنَاکُمْ خَلائِفَ فِی الأرْضِ مِنْ بَعْدِهِمْ لِنَنْظُرَ کَیْفَ تَعْمَلُونَ ﴿١٤﴾

Расында сендерден бұрынғы дәуірдегілерді зұлымдық қылғандықтары және пайғамбарлары келтірген ашық дәлелдерге иман келтірмегендіктері үшін жоқ еттік. Осылайша күнәкар қауымға жаза береміз. (13). Сонан кейін олардың артынан не істейтіндіктеріңді көру үшін жер жүзінде сендерді орындарына қойдық. (14).

Алла Тағала күнәһар адамдарға мұрсат беріп, оларды осы дүниеде өлтірмесе де, дені зұлымдық пен әділетсіздікке шырмалған үмбеттер мен қоғамдарға Алланың жасайтын қатынасы әртүрлі. Осылайша адамдар өледі. Әлбетте, осындай зұлымдықтар, күпірлік пен дінсіздіктің тамыры адамдардың пайғамбарлардың жолынан бұрылып, қылмыс пен күнә жасауға бет бұруына себеп болады. Сондықтан, бұрынғы адамдардың орнын басатын жаңадан келетін адамдар олардың тарихынан ғибрат алулары тиіс; егер, олардың жолдарымен жүрсе, болашақта солардың кебін киетіндіктерін білулері тиіс.  Осы аяттан үйренетініміз:1. Зұлымдық пен жәбірлеу – құрдым мен өлімге  негіз қалайды; әлбетте, бұл иман мен түзелуден үміті жоқ адамдар тұрғысында.2. Адамдардың тағдыры олардың өз қолдарымен жасалады; олардың жақсы, жаман істері тағдырларына әсер етеді. 3. Егер билікке қолымыз жетсе, Алланың бізді де сынайтындығын білуіміз керек. Алланың алдында адамдардың барлығы бірдей.