Жел 21, 2016 19:56 Asia/Almaty
  • Юныс сүресі, 306-шы бөлім, 1-4 аяттар

Юныс сүресі, 306-шы бөлім, 1-4 аяттар

«Юныс» сүресінің бірінші және екінші аяттары:

 الر تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْحَكِيمِ ﴿۱﴾ أَكَانَ لِلنَّاسِ عَجَبًا أَنْ أَوْحَيْنَا إِلَى رَجُلٍ مِّنْهُمْ أَنْ أَنذِرِ النَّاسَ وَبَشِّرِ الَّذِينَ آمَنُواْ أَنَّ لَهُمْ قَدَمَ صِدْقٍ عِندَ رَبِّهِمْ قَالَ الْكَافِرُونَ إِنَّ هَذَا لَسَاحِرٌ مُّبِينٌ ﴿۲﴾

«Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді Раббыларыңның қасында олар үшін жоғары орын барлығын шүйіншіле!», -деп, уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында, бұл ашық жады» деді.«Бақара» сүресінің басында айтқанымыздай, Құранның 114 сүресінің 29 сүресі араб әліппесіндегі өзінен кейін келесі әріпті қоспайтын әріптерден басталған. Бұл Алла мен Оның пайғамбарының арасындағы әлі толығымен анықталмаған құпия болып табылады. Алайда осы әріптерден кейін үнемі Құранның ұлылығы жайлы айтылғандықтан, кейбір тәпсіршілер осы әріптерді қарсыластар алдындағы Алланың дәлелі деп атайды: «Алла әліппенің осы әріптерімен мына Құранды түсірді. Сіздер де, егер қолдарыңыздан келсе, сол сияқтыны әкеліңіздер» деген мағынада. Алланың Құранға берген сипаттарының бірі – хакім. Өйткені осы кітапта келтірілген ахкам мықты негізге орнатылған. Оның тақырыптары даналыққа толы, сондықтан даналыққа баулиды. Құранның мәртебесін баяндағаннан кейін, Алла Тағала екінші аятта пайғамбарының роліне тоқталып, былай дейді: «Жұрт оларға жол нұсқау үшін Алла Тағаладан періштелерді жіберуді күтеді. Пайғамбарлардың сөздері мен іс-әрекеттері адамдарға үлгі бола алатындай, адамдармен жаратылысы бір,  тілдері бір, сөздері бір болу тиістігі – табиғи нәрсе. Сонымен қатар, пайғамбарлар өздері үшін ештеңе қаламайды. Себебі ондай жағдайда адамдар олардан алыстап кетеді. Пайғамбарлардың міндеті – игі іс жасаушыларды сүйіншілеу мен жаман іспен айналысатындарға ескерту жасау. Бірақ мұғжиза жасайтындықтарына байланысты кейбір адамдар оларды сиқыршы деп атайды».Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Құран – тұрақты, мықты және мәңгілік кітап. Уақыт тезі оның құндылығы кемітпейді, беделін түсірмейді. 2.    Пайғамбарлардың мақсаты – адамдарға мейірім сыйлау және олардың орны мен беделін биіктету.

«Юныс» сүресінің үшінші аяты:

نَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُدَبِّرُ الأَمْرَ مَا مِن شَفِيعٍ إِلاَّ مِن بَعْدِ إِذْنِهِ ذَلِكُمُ اللّهُ رَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ أَفَلاَ تَذَكَّرُونَ

﴿۳﴾

«Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты күнде жаратты. Соңсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды. Оның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне, осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме?» 

Алланың сүннеттерінің бірі – жаратылыс жүйесін біртіндеп жаратуы болып табылады. Сондықтан Алла Тағала барлық жаратылысты бір демде жарата алатындығына қарамастан, аспандар мен жерді әртүрлі алты кезеңнің ішінде жаратты. Табиғи жаратылыстардың басынан бастап, кемелдікке жеткенше дамуы мен өсіп-өнуі де біртіндеп жүзеге асады. Алла Тағала осы үдерістердің барлығын бір сәтте-ақ орындай алатындығына қарамастан, нәресте осы дүниеде өмір сүруге дайын болу үшін, анасының құрсағында 9 ай кезең-кезеңмен даму сатыларын бастан өткереді. Әлемнің кешегі және бүгінгі мүшріктері Алланың жаратушылығын қабылдай тұра, әлемнің жігері мен даналығында Ол үшін шерік қосатындықтан, аяттардың жалғасы былай дейді: «Жаратылыс істерінің билігі Оның қолында. Барлық істер Оның бұйрығымен істеледі. Әлемнің істерінде, егер Ол қаламаса, ешқандай жаратылыс делдал бола алмайды: періштелер әртүрлі істерді Алланың еркімен басқарады; илаһи әулиелер де Оның рұқсатымен табиғат жүйесін бағындыру мүмкіндігіне ие бола алады». Осы аяттан үйренетініміз:1. Әлемнің жаратылысы кездейсоқ немесе ешқандай жоба-жоспарсыз емес, керісінше  алдын-ала бағдарлама жасалынып, нақты уақыт белгілену арқылы жүзеге асты. 2. Жаратылыс – заңға негізделген әрі мақсатты. Өйткені оның Жаратушысы мен дана хакімі бір. 

«Юныс» сүресінің төртінші аяты:

إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا وَعْدَ اللّهِ حَقًّا إِنَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُواْ وَعَمِلُواْ الصَّالِحَاتِ بِالْقِسْطِ وَالَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمْ شَرَابٌ مِّنْ حَمِيمٍ وَعَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُواْ يَكْفُرُونَ

﴿۴﴾

 «Біртұтас барар жерлерің со тарап. Сондай-ақ, Алланың уәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады. (Жоқтан бар етеді). Соңсоң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар».

Алдыңғы аят Алланың аспандар мен жерді жаратудағы құдіретіне тоқталды. Осы аят жаратылыстың қияметте қайта тірілетіндігіне сілтеме жасап, қандай да болмасын күмән мен күдіктен арылу үшін былай дейді: «Бұл – Алланың ізгілік істеушілерге сыйға тартатын, кәпірлердің жазасын беретін нақты уәдесі. Әлбетте, Алланың маңызды сипаттары болып табылатын әділдік пен әділеттік негізі бойынша». Аллаға күпірлік келтірудің адам үшін күнә мен ластықтың қандайына болмасын жол ашатындығы, күннен-күнге адамды азғындықтың батпағына батыра түсетіндігі –табиғи нәрсе. Осы аят қияметтегі күйдіретін ішіп-жем түріндегі істі көз алдыға елестеді. Осы аяттан үйренетініміз:Қияметтің пәлсафасы – илаһи әділдік. Өйткені,  дүние – амалдардың жазасы мен барлық сыйлығын беретін мүмкіндікке ие емес. Осы дүниеде барлық жаратылыстың адамзат үшін жаратылғаны сынды, ақиретте де жаратылысты адамдарды жазалау және сыйларын беру үшін қайтадан тірілтеді.