Жел 21, 2016 20:00 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 305-ші бөлім, 127-129- аяттар

"Тәубә" сүресінің 127-ші аяты:

وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ نَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ هَلْ یَرَاکُمْ مِنْ أَحَدٍ ثُمَّ انْصَرَفُوا صَرَفَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لا یَفْقَهُونَ ﴿

١٢٧﴾"Қашан бір сүре түсірілсе, біріне-бірі қарап: "Сендерді көретін біреу бар ма?",-десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. А... олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет. (127)

""Тәубә" сүресіндегі мұнафықтар жөніндегі ең соңғы аят болып табылатын осы аят, олар өздерінің нағыз келбетінің айқындалуынан қорқатындығына тоқталып былай дейді: "Олар әрдайым пайғамбардың (с) қасында болғанда және пайғамбарға (с) Құран аяттары түскен кезде, олар біріне-бірі көздерімен меңзеп, сол жерден білдірмей шығуды білдіреді. Сондықтан бір-бірінен: "Бізді ешкім байқап қалмады ма?",-деп сұрасады да, өздеріне сенген соң, пайғамбардың (с) қасынан шығып кетеді. Аяттың жалғасы былай дейді: "Мұнафықтар, жүректері қырсықтық пен бағынбаушылыққа және күнәға ластанғандығы және ақиқаттан адасып, шындықпен жауласуының салдарынан жиыннан шығып кетеді. Олар ақиқатты түсіне алмайды". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, Құранның аяттарынан алшақтап, қашу – екіжүзділік пен жүрек науқасының белгісі.Екіншіден, Құран мен оның тәлімдерінен қашу, адамның жүрегіндегісін өзгертіп, оның ақыиқатты түсінбеуіне әкеп соғады.

"Тәубә" сүресінің 128-ші аяты: 

 لَقَدْ جَاءَکُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِکُمْ عَزِیزٌ عَلَیْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِیصٌ عَلَیْکُمْ بِالْمُؤْمِنِینَ رَءُوفٌ رَحِیمٌ ﴿١٢٨﴾

"Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (128)"

Ислам пайғамбарын (с) сипаттайтын бұл аят ол хазіреттің төрт ерекшелігіне меңзейді. Біріншіден, ол сендер тәрізді және халықтан шыққан. Ол, өзін сендерден артық санап, халықпен бірге отырудан қашатындай, сендерге сұлтандар мен патшалар сияқты қарамайды. Екіншіден, пайғамбар (с) сендердің қиыншылықтарың мен қасіреттеріңді біледі және сендердің қайғыларың мен ауыртпалықтарыңа мұңдастық білдіреді. Сендер ренжігенде ренжиді, сендерге зиян тисе көңілі түседі. Пайғамбардың (с) үшінші ерекшелігі, ол сендердің тура жол табуларыңды қалайды және оған өте тырысады. Шын мәнінде ол сендердің бақытты болуларыңды қалайды. Осы жолда ол ешқандай талпынысын аямайды. Төртіншіден, ол мүміндерге мейірбан. Оның барлық нұсқаулары сендерді сүйгендіктен. Ол, әкенің балаға айтқан өсиеттері мен тапсырмалары қиын болғанымен, ол баласын сүйгендіктен оған осындай бұрықтар беретін жанашыр әке тәрізді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, исламдық қоғамның жетекшілері қиыншылықтар мен ауыртпалықтарда халықпен бірге болулары тиіс.Екіншіден, халыққа жылы қарау, мейірбандық таныту және оларға жақсылық ойлау – пайғамбарлар тәрізді дінді дұрыс уағыздау үшін исламдық уағыздаушыға қажет шарттар.

"Тәубә" сүресінің 129-шы аяты:

 فَإِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِیَ اللَّهُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ عَلَیْهِ تَوَکَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِیمِ ﴿١٢٩﴾"

(Мұхаммед (с)) Сонда егер олар сенен жалтайса: "Маған А... жетіп асады. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы",-де. (129)"

"Тәубә" сүресінің ең соңғы аяты болып табылатын осы аят, егер кейбір адамдар ақиқаттан бұрылып, сендерге теріс қараса алаңдамаңдар, өйткені сендерде барша әлемді жаратқан А... бар, алып жер мен аспан Оған тиесілі Оған ешқандай теңдес жоқ, ендеше Оған тәуекел етіңдер, ешбір күш Оған қарсы тұра алмайды, Оның сендерге рақымы бәрінен де артық, деп пайғамбар (с) мен барлық мұсылмандарды жұбатады. Имам Хусейн (ғ) Арафат дұғасында А...-ға жалбарынып айтқанындай: "Уа, Раббым! Сенсіз әркімнің несі бар? Сен бар әркімде не жоқ?". Иә, адамдар күннің көзіне теріс қараса, оған ештеңе болмайды, тек адамдардың өзі күннің нұрынан мақрұм қалатын сияқты, егер адамдардың барлығы А... мен Оның дінінен безсе, Оған ешқандай әсер етпейді. Осы аяттан үйретеніміз:Біріншіден, имансыз адамдардың көптігі илаһи діннің шындығына күмән келтірмесін немесе діни парыздарды орындауға осалдық тигізбесін.Екіншіден, дұшпанға қарсы табандылық пен жеңістің сыры – А...-ға тәуекел ету болып табылады.