Тәубә сүресі, 304-ші бөлім, 123-126 аяттар
Тәубә сүресі, 304-ші бөлім, 123-126 аяттар
"Тәубә" сүресінің 123-ші аяты:
یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا قَاتِلُوا الَّذِینَ یَلُونَکُمْ مِنَ الْکُفَّارِ وَلْیَجِدُوا فِیکُمْ غِلْظَةً وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِینَ ﴿١٢٣﴾
"Әй, мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында А... тақуалармен бірге екенін біліңдер. (123)"
Бұл аят дұшпанмен соғысудағы бір күрделі қағидаға меңзеп былай дейді: "Алыстағы жау сендерді жақындағы жаудан ғапыл қалдырып, олардың қоршауында қалып жүрмеңдер! Сендермен көршілес және жақын орналасқандардың қаупі көбірек. Бірақ оларды жеңу оңайырақ". Бұл аятта "ғелзат" сөзі қатаңдық деген мағынада болғанымен, оның мақсаты кәпірлерге қатал болуды білдірмейді. Өйткені ол Исламның ешбір қағидасымен сәйкеспейді. Тіпті соғыс пен джихад майданындағы қатігездікті қабылдамайтын дін, әдеттегі жағдайда дұшпанмен қатал болуға қалай жол берсін? Сондықтан "ғелзат" сөзі дұшпан алдындағы батылдық пен табандылық, күш пен бедел деген мағынаны білдіреді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, исламдық мәдениеттегі нағыз мүмін – А...-ның нұсқаулары алдында тақуа адам. Сонымен қатар дұшпанға қарсы батыл әрі табанды.Екіншіден, батырлық пен төзімділік А...-ға иманның шарты. Мүмін қорқақ әрі жасқаншақ емес.
"Тәубә" сүресінің 124-ші аяты:
وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ فَمِنْهُمْ مَنْ یَقُولُ أَیُّکُمْ زَادَتْهُ هَذِهِ إِیمَانًا فَأَمَّا الَّذِینَ آمَنُوا فَزَادَتْهُمْ إِیمَانًا وَهُمْ یَسْتَبْشِرُونَ ﴿١٢٤
﴾"Бір сүре түсірілген кезде, олардан: "Бұл қайсыларыңның иманын арттырады?",-дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады. (124)"
Әрқашан Ислам пайғамбарына (с) Құран аяттары түскенде, мұнафықтар мұсылмандардың еңсесін түсіру үшін оны құнсыз деп есептеп: "Бұл аяттардың түсірілуі сендер мұсылмандарға не пайда береді?",-деген мысал келтіретін. Олар осындай сұрақтар қойып, өздерінің теріс ойларын басқаларға да жеткізіп, мүміндердің Құранға деген құрметін төмен түсіруге тырысатын. Иманның түрлі дәрежелері бар. Әрбір илаһи аятты тыңдау мүміндердің иманын күшейтіп, оны жаны мен жүрегінде орнықтырады. Бұған қоса Құран аяттарын тыңдау иманды адамдарды қуантады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, Құран – нағыз мүмін мен мұнафықты танудың жақсы құралы.Екіншіден, Құранды оқу иманды күшейту мен рухани қуат алу жолдарының бірі.
"Тәубә" сүресінің 125-ші аяты:
وَأَمَّا الَّذِینَ فِی قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ فَزَادَتْهُمْ رِجْسًا إِلَى رِجْسِهِمْ وَمَاتُوا وَهُمْ کَافِرُونَ ﴿١٢٥
﴾"Сондай-ақ ол сүре жүректерінде дерті болғандардың жамандықтарының үстіне жамандық арттырады. Олар қарсы болған күйде өледі. (125)"
Құранды оқығанда немесе тыңдағанда мүміндердің иманы күшейеді. Бірақ жүректерінің дерті бар мұнафықтар секілді кісілер илаһи аяттарды естігенде, олардың дерттері күшейеді. Құранның аяттары – илаһи рақымдылық жауыны тәрізді. Өсіп-өнуге дайын жерге жауын жауса, жердің беті жасыл шалғынға жамылып, шаттанады. Ал егерде қоқысты жерге жауса, одан жағымсыз иіс көтеріледі. Бұл жағымсыз иіс жауынның себебінен емес, жердің қоқысты болуынан. Қырсықтық пен тәкәппарлық адамның бойын баурап алған азғындықтар сияқты. Азғындыққа салынған адам Құран аяттарына қырсықтық пен қарсылық білдіреді. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, рухани аурулар дененің аурулары сияқты. Егер емдемесек рак ошағы секілді жайылып, адамды құртады.Екіншіден, Құран әрдайым оның қауіптері туралы ескерткен адамның рухани ауруларына – күпірлік пен екіжүзділік, ақиқатты жасыру мен шүкірсіздік жатады.
"Тәубә" сүресінің 126-шы аяты:
أَوَلا یَرَوْنَ أَنَّهُمْ یُفْتَنُونَ فِی کُلِّ عَامٍ مَرَّةً أَوْ مَرَّتَیْنِ ثُمَّ لا یَتُوبُونَ وَلا هُمْ یَذَّکَّرُونَ ﴿
١٢٦﴾"(Мұнафықтар) Әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды. (126)"
А... тағаланың барлық адамдарға қатысты дәстүрлерінің бірі оларды түрлі оқиғалармен сынау болып табылады. Осылайша кімнің ішкі дүниесі гүлдену қабілетіне ие екендігі анықталады. Илаһи сынақтар мәнісінің бірі тәубә және түсіндіру болып табылады. Бұл аят соған меңзеп былай дейді: "Мұнафықтар жыл сайын бірнеше рет сыналғанымен, олар ешқашан түсінбейді және өздерінің бұрыс қылықтарынан қол үзбейді". Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, екіжүзділік пен рухани дерт белгілерінің бірі – илаһи сынақтарды түсінбеу.Екіншіден, А...-ның сынақтары белгілі бір уақыт пен мекенге немесе жас пен жылға арналмаған. Қария болсын, жас болсын, әйел болсын, ер болсын, сауатты ма сауатсыз ба барлығы сыналуда.