Тәубә сүресі, 303-ші бөлім, 119-122 аяттар
Тәубә сүресі, 303-ші бөлім, 119-122 аяттар
"Тәубә" сүресінің 119-шы аяты:
یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَکُونُوا مَعَ الصَّادِقِینَ ﴿١١٩﴾
"Әй, мүміндер! А...-дан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар. (119)"
Иманның түрлі дәрежелері мен кезеңдері бар. А... мен қиямет күніне сенудің бір өзі жеткіліксіз. Мүміннің іс-амалдары да шындыққа негізделуі тиіс. Адам кәлимә-шаһаданы айтқанда мүмін болып, тозақтан құтыла қалатындай, иман ауызбен ғана айтылатын нәрсе емес. Иман – жүрекпен сезіліп, ауызбен айтылып, амал етілетін құбылыс. Сондықтан мүміннің жүрегі де, сөзі де, амалы да бір. Былайша айтқанда ол айтқан сөзіне жүрегімен сенеді және амалдары илаһи нұсқаулармен сәйкеседі. Сол себепті А... тағала бұл аятта мүміндерді тақуалық пен шыншылдыққа шақырып, олардың адалдар тобымен болуды талап етеді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, адамның тәрбиеленуі және адасудан аман болуы әдістерінің бірі жақсы әрі шыншыл адамдармен араласу болып табылады.Екіншіден, шыншылдық аса қадірлі болғандықтан, А... тағала өзінің пәк әулиелерін "шыншылдар" деп атайды.
"Тәубә" сүресінің 120-121 аяттары:
مَا کَانَ لأهْلِ الْمَدِینَةِ وَمَنْ حَوْلَهُمْ مِنَ الأعْرَابِ أَنْ یَتَخَلَّفُوا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ وَلا یَرْغَبُوا بِأَنْفُسِهِمْ عَنْ نَفْسِهِ ذَلِکَ بِأَنَّهُمْ لا یُصِیبُهُمْ ظَمَأٌ وَلا نَصَبٌ وَلا مَخْمَصَةٌ فِی سَبِیلِ اللَّهِ وَلا یَطَئُونَ مَوْطِئًا یَغِیظُ الْکُفَّارَ وَلا یَنَالُونَ مِنْ عَدُوٍّ نَیْلا إِلا کُتِبَ لَهُمْ بِهِ عَمَلٌ صَالِحٌ إِنَّ اللَّهَ لا یُضِیعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِینَ ﴿١٢٠﴾ وَلا یُنْفِقُونَ نَفَقَةً صَغِیرَةً وَلا کَبِیرَةً وَلا یَقْطَعُونَ وَادِیًا إِلا کُتِبَ لَهُمْ لِیَجْزِیَهُمُ اللَّهُ أَحْسَنَ مَا کَانُوا یَعْمَلُونَ ﴿١٢١
﴾"Мәдиналықтардың және маңайлардағы бәдәуилердің А...-ның елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені олар А... жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы амал жазылады. А... игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды. (120) Олар, А... жолында үлкен-кіші бір нәрсе жұмсаса, бір ойпатты басып өтсе, А... олардың көркем амалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады. (121)"
Бұл аяттар Мәдина мен оның маңайындағы тұрғындар жайлы болғанымен, Құранның өзге аяттары секілді белгілі бір адамдарға, немесе уақыт пен заманға ғана қатысты емес, барша мұсылмандарды қамтиды. Осы аяттар бойынша, ізгі амал тек ғибадат қана емес, оған А... үшін және А... жолында көрген аштық, шөлдеу, қиыншылықтар мен басқа да істер жатады және А... оған сауап жазады. Дұшпанның экономикалық қоршауы салдарынан исламдық қоғамға таңылған түйткілдер де ізгі істерге жатады. Сондай-ақ А...-ның дұшпандарын ызаландырып, мұсылмандардың майданына арқау беретін жаппай шерулер секілді ұжымдық іс-әрекеттер де осы аятқа сәйкес ізгі амал болып саналады және А... тағала оны сауапсыз қалдырмайды. Бұл аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, исламдық қоғамның жетекшісі болып табылатын пайғамбардың (с) жанын сақтау, мұсылманның жанын сақтаудан да маңыздырақ. Мүміндер исламдық жетекшіні қорғауда өздерінің жанын пида етулері тиіс.Екіншіден, қайырлы істер аз болсын, көп болсын А... тағаланың қасында есептеледі.
"Тәубә" сүресінің 122-ші аяты:
وَمَا کَانَ الْمُؤْمِنُونَ لِیَنْفِرُوا کَافَّةً فَلَوْلا نَفَرَ مِنْ کُلِّ فِرْقَةٍ مِنْهُمْ طَائِفَةٌ لِیَتَفَقَّهُوا فِی الدِّینِ وَلِیُنْذِرُوا قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُوا إِلَیْهِمْ لَعَلَّهُمْ یَحْذَرُونَ ﴿١٢٢﴾
"Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе? (122)"
Исламдық мәдениетте білім алу мен ғылым үйрену мақсатында қоныс аудару, дұшпанмен күресу үшін қоныс аударудан кем емес. Осыған орай бұл аят мұсылмандарға былай дейді: "Қабілеті бар және дайын адамдар дінді терең түсіну үшін өздерінің қаласы мен ауылдарынан қоныс аударып, оны жақсы үйренген соң отанына оралып, өзгелерге тәлім беріп, діни үкімдерді насихаттауы тиіс". Дін негіздер мен тармақтардан тұратын кешен және әр мұсылман оны білуге міндетті. Дегенмен рауаяттарда діни үкімдер – фиқһ деп аталады. Ол парыз бен харамды және макруһты баяндайды. Қасиетті Ислам пайғамбары (с) хазірет Әлиді (ғ) Йеменге жіберерде, оған халыққа фиқһты үйретіп, олардан діни мәселелерді білетін фақиһ тәрбиелеп шығаруды тапсырады. Әли (ғ) де өзінің перзентіне: "Дінде фақиһ бол, өйткені фақиһтар пайғамбарлардың мұрагерлері",-деп өсиет айтады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, иман үшін немесе дінді білу мен оны қорғау үшін хижрат ету керек.Екіншіден, тіпті соғыс кезінде де қоғамның ой-пікірлік, сенімдік және ахлақтық мәселелерін ұмытпау керек.Үшіншіден, білім мен ғылымды сүйетіндер екі рет қоныс аударулары тиіс. Білім игеру үшін білім орталықтарына қарай көшу және халыққа білім үйрету үшін өз өлкесіне оралу.