Тәубә сүресі, 302-ші бөлім, 113-118 аяттар
Тәубә сүресі, 302-ші бөлім, 113-118 аяттар
"Тәубә" сүресінің 113-114 аяттары:
مَا کَانَ لِلنَّبِیِّ وَالَّذِینَ آمَنُوا أَنْ یَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِکِینَ وَلَوْ کَانُوا أُولِی قُرْبَى مِنْ بَعْدِ مَا تَبَیَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَابُ الْجَحِیمِ ﴿١١٣﴾ وَمَا کَانَ اسْتِغْفَارُ إِبْرَاهِیمَ لأبِیهِ إِلا عَنْ مَوْعِدَةٍ وَعَدَهَا إِیَّاهُ فَلَمَّا تَبَیَّنَ لَهُ أَنَّهُ عَدُوٌّ لِلَّهِ تَبَرَّأَ مِنْهُ إِنَّ إِبْرَاهِیمَ لأوَّاهٌ حَلِیمٌ ﴿١١٤﴾"
Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды. (113) Ыбырайымның (ғ) әкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның А...-ның дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында Ыбырайым (ғ) қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді. (114)"
Күнәнің кешірілуін сұрау жүрек сүйіспеншілігі мен мейірімділік танытудың бір белгісі болғандықтан осы аяттар мүміндердің мұнафықтар үшін, олар туған-туыстарынан болса да, жарылқау тілеуіне тыйым салады. Өйткені құдайға серік қосып өлген кісі тозаққа барады және оның азаптан құтылуды армандауы негізсіз. Аяттардың жалғасы хазірет Ыбырайымның (ғ) өз қамқоршысын жарылқауды тілеуі, ол оның тура жолға түсетініне үміттенген кезде айтылғанға ұқсайды. Өйткені ол, егер серік қосудан бас тартса, оның бұрынғы істеріне А...-дан кешірім тілейтініне уәде берген еді. Бірақ ол серік қосуын қоймаған соң, Ыбырайым (ғ) одан безеді. Ыбырайым (ғ) өз қамқоршысының бағынбаушылығына көп шыдады. Бұл аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, серік қосу – кешірілмейтін күнә. Тіпті пайғамбар да серік қосқан кісінің кешірілуін сұраса да қабыл болмайды. Тәубә қылып, райынан қайтса ол басқа.Екіншіден, сенімдік байланыстар сезімдік байланыстардан маңызды. Туысқандық сезімдер сенімдік құндылықтардан аспауы тиіс."
Тәубә" сүресінің 115-116 аяттары:
وَمَا کَانَ اللَّهُ لِیُضِلَّ قَوْمًا بَعْدَ إِذْ هَدَاهُمْ حَتَّى یُبَیِّنَ لَهُمْ مَا یَتَّقُونَ إِنَّ اللَّهَ بِکُلِّ شَیْءٍ عَلِیمٌ ﴿١١٥﴾ إِنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْکُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ یُحْیِی وَیُمِیتُ وَمَا لَکُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِیٍّ وَلا نَصِیرٍ ﴿١١٦﴾"
А... бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында А... әр нәрсені толық білуші. (115) Шынында көктердің және жердің иелігі А...-ға тән. Ол тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ сендер үшін А...-дан өзге не дос, не жәрдемші жоқ. (116)"
Адамдардың ақыл мен аян арқылы тура жол табуына жағдай жасаған А... тағала, олар илаһи үкімдер мен нұсқауларды білген соң, оған қарсы келіп, тыйым салынған істерді істеген соң ғана оларды жазалайды. Иманды жандарға төніп тұрған қауіптердің бірі – өздерін құтылғандар және жәннәттық деп ойлауы. Дегенмен әрдайым діннен шығу қаупі бар. Мүміннің кәпірге айналмауына, сондай-ақ кәпірдің мүмін болуына ешқандай кепілдік жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, илаһи дәстүрлерге саналы түрде қарсы шығу, адамды тура жол табу мүмкіндігінен айырады. Мұндай қауіп барша мүміндерге төніп тұр.Екіншіден, илаһи жазалар халыққа нұсқаулар мен үкімдер толық жеткізіліп, түсіндірілген соң ғана беріледі.Үшіншіден, мүшрік туысқандармен байланыстарды нығайтудың орнына, біздің өміріміз бен өліміміз Оның қолында тұрған А...-мен байланысымызды ойлайық.
"Тәубә" сүресінің 117-ші аяты:
لَقَدْ تَابَ اللَّهُ عَلَى النَّبِیِّ وَالْمُهَاجِرِینَ وَالأنْصَارِ الَّذِینَ اتَّبَعُوهُ فِی سَاعَةِ الْعُسْرَةِ مِنْ بَعْدِ مَا کَادَ یَزِیغُ قُلُوبُ فَرِیقٍ مِنْهُمْ ثُمَّ تَابَ عَلَیْهِمْ إِنَّهُ بِهِمْ رَءُوفٌ رَحِیمٌ ﴿١١٧
﴾"Шынында А..., бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін пайғамбарға ерген мұһажірлер мен әнсарлардың, пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. А... оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағы да олардың тәубелерін қабыл етті. (117)"
Бұл аят мұсылмандардың Тәбук соғысындағы ауыр жағдайына меңзейды. Жолдың ұзақтығы мен Арабстан шөлдерінің әсіресе жаз мезгіліндегі шалдықтыратын ыстығы салдарынан кейбір мүміндер соғысқа аттанғысы келмей, түрлі сылтаулар айтып қалалары мен елді-мекендерінде қалып, егістіктердегі жұмыстарына жетіспек болды. Бірақ А... тағаланың пайғамбарға (с) ілтипатымен мұнафық еместер әрекет етіп, бағынбаушылық білдірудің орнына, мұсылмандарға жәрдемдесуге шығады. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, әдетте ғана емес, қайта қиын жағдайларда діни жетекшілерге еру - нағыз иманның белгісі.Екіншіден, барлық адамдар тіпті пайғамбарлар да А...-ның ілтипатына зәру. А...-ның ілтипаты мен рақымдылығы көрінісінің бірі – қателік жасағанның тәубесін қабылдау болып табылады.
"Тәубә" сүресінің 118-аяты:
وَعَلَى الثَّلاثَةِ الَّذِینَ خُلِّفُوا حَتَّى إِذَا ضَاقَتْ عَلَیْهِمُ الأرْضُ بِمَا رَحُبَتْ وَضَاقَتْ عَلَیْهِمْ أَنْفُسُهُمْ وَظَنُّوا أَنْ لا مَلْجَأَ مِنَ اللَّهِ إِلا إِلَیْهِ ثُمَّ تَابَ عَلَیْهِمْ لِیَتُوبُوا إِنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِیمُ ﴿١١٨﴾"
Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, А...-дан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін А... оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол А..., тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді. (118)"
Тарихи рауаяттар бойынша, Тәбук соғысына қатыспаған үш мұсылман пайғамбардың (с) алдына келіп, өкінгендіктерін айтады. Бірақ пайғамбар (с) оларға тіл қатпай, басқалардың да олармен сөйлеспеуін және әйелдерінің де оларға жақындамауын бұйырады. Сонда олар қаладан шығып, А...-ға жалбарынады. А... тағала олардың тәубесін қабыл алып, пайғамбарға (с) оларды кешіруін хабарлайды. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, әлеуметтік ережелерді бұзғандарға қолданатын шаралардың бірі – олармен араласпау болып табылады.Екіншіден, байланыстарын бір уақыт шектеп, оларды шеттеткен соң адамдардың өкініп, түзелуіне мұрсат берейік.