Жел 21, 2016 20:09 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 301-ші бөілім, 108-112 аяттар

"Тәубә" сүресінің 108-ші аяты:

لا تَقُمْ فِیهِ أَبَدًا لَمَسْجِدٌ أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى مِنْ أَوَّلِ یَوْمٍ أَحَقُّ أَنْ تَقُومَ فِیهِ فِیهِ رِجَالٌ یُحِبُّونَ أَنْ یَتَطَهَّرُوا وَاللَّهُ یُحِبُّ الْمُطَّهِّرِینَ ﴿

١٠٨﴾"(Мұхаммед (с)) Ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. А... да өте таза болушыларды жақсы көреді. (108)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Мәдина мұнафықтары өздерінің мақсаттарын жүргізу үшін бір мешіт салады, бірақ А... тағала пайғамбарға (с) оны бұзуға бұйрық береді. Осы аят пайғамбар (с) мен мүміндерге: "Араздық орнату мен қастандық жасауға арналған емес, қайта тақуалыққа негізделген мешіт қадірлі",-дейді. Аяттың жалғасы, пайғамбардың (с) Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезінде Құба аймағында тұрғызған және ол хазірет (с) Мәдинада болған кездері әр аптада сол мешітте намаз оқып отырған Исламның ең алғашқы мешітіне меңзейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, ғибадат саясаттан бөлек емес. Намазды мешітте оқуға тапсырылғанымен, оны исламдық жүйенің қарсыластары тұрғызған мешітте оқуға болмайды.Екіншіден, мешіттің қадірі – оның көркем сәулеті мен сыртқы көрінісінде емес, намаз оқушылардың тақуалығы мен пәктігінде.

"Тәубә" сүресінің 109-110 аяттары:

أَفَمَنْ أَسَّسَ بُنْیَانَهُ عَلَى تَقْوَى مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانٍ خَیْرٌ أَمْ مَنْ أَسَّسَ بُنْیَانَهُ عَلَى شَفَا جُرُفٍ هَارٍ فَانْهَارَ بِهِ فِی نَارِ جَهَنَّمَ وَاللَّهُ لا یَهْدِی الْقَوْمَ الظَّالِمِینَ ﴿١٠٩﴾ لا یَزَالُ بُنْیَانُهُمُ الَّذِی بَنَوْا رِیبَةً فِی قُلُوبِهِمْ إِلا أَنْ تَقَطَّعَ قُلُوبُهُمْ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ ﴿١١٠﴾

"Ендеше, іргетасын А...-дан қорқып, ризалығына сәйкес салған біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне салып, онымен тозаққа құлаған біреу жақсы ма? А... залым елді тура жолға салмайды. (109) Сондай олардың салған мешіттері; жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. А... толық білуші, хикмет иесі. (110)"

Құба мешіті мен Зерар мешітін салыстырған өткен аяттан кейін осы аят сол екі мешітті тұрғызушыларды салыстырып былай дейді: "Адамдардың істерінің сыртқы көрінісі маңызды емес, оны бастаудың ниеті мен мақсаты маңызды. Кейбіреулер халық пайдаланатын аурухана салуы мүмкін. Бірақ олардың мақсаты жұрттың көзіне көріну болғандықтан, істеген ісінен пайда көрмейді. Өйткені, сырттай қарағанда қайырлы болып көрінген осындай іс, ол тәкәппарлыққа душар болып, ықылас пен тақуалықтан алшақтағандықтан, оның зиян көруіне себеп болады. Бұл, жарғабақтың шетіне салынып, әрдайым құлап кете жаздап тұрған ғимарат тәрізді". Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, кез-келген істің қадірі, оның сыртқы көрінісіне емес, орындаған кісінің ниеті мен мақсатына байланысты.Екіншіден, тұрғызған адамдарын тозаққа түсірген мешіттер қаншама! Өйткені олардың мақсаты А... тағала емес, өздері болды.Үшіншіден, мұнафықтардың сенім негіздері әлсіз және әрдайым күмәнмен бірге болады.

"Тәубә" сүресінің 111-ші аяты:

إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَى مِنَ الْمُؤْمِنِینَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ یُقَاتِلُونَ فِی سَبِیلِ اللَّهِ فَیَقْتُلُونَ وَیُقْتَلُونَ وَعْدًا عَلَیْهِ حَقًّا فِی التَّوْرَاةِ وَالإنْجِیلِ وَالْقُرْآنِ وَمَنْ أَوْفَى بِعَهْدِهِ مِنَ اللَّهِ فَاسْتَبْشِرُوا بِبَیْعِکُمُ الَّذِی بَایَعْتُمْ بِهِ وَذَلِکَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِیمُ ﴿١١١﴾

"Күдіксіз А... мүміндердің жандарын, малдарын жәннаттен айырбастап алды. Олар А... жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. А...-дан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік. (111)"

Құранның сипаттауы бойынша, дүние – базар, ал адамдар – сатушы. Осы саудада мал-мүлік пен жан сатылатын нәрсе болса, ұлы А... сатып алушы. Сауданың бағасы – жәннат. Өмірді А...-ға сатудың пайдасы зор. Ендеше өзімізді, бізді жаратқан А...-ға сатайық. Ол аз нәрсені тым жоғары бағаға сатып алады. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, жәннатқа кіру жолдарының бірі – А... жолында соғысу болып табылады. А... жолында малдан гөрі, жанмен соғысудың дәрежесі жоғары.Екіншіден, А... жолындағы міндетті атқару барысында өлу немесе тірі қалу маңызды емес.Үшіншіден, біздің А...-дан талап етуге хақымыз жоқ. Оның бізден талабы көп.

"Тәубә" сүресінің 112-ші аяты: 

التَّائِبُونَ الْعَابِدُونَ الْحَامِدُونَ السَّائِحُونَ الرَّاکِعُونَ السَّاجِدُونَ الآمِرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّاهُونَ عَنِ الْمُنْکَرِ وَالْحَافِظُونَ لِحُدُودِ اللَّهِ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِینَ ﴿

١١٢﴾"(Әй, Мұхаммед! (с)) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рұкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыйушылар және А...-ның шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле. (112)"

Өткен аят мүміндердің А...-ның жолында соғысуға әзірлігін баяндады. Бұл аят, мүміндерді тек соғысушы ғана деп ойламау үшін жауынгер мүміндердің тоғыз сипатын айтады. Мүміндер барлық кемелдіктерге ие жандар. Иманды болу үшін діни, жеке және әлеуметтік міндеттерді орындау керек. А...-ға ғибадат еткенде намаз оқу, ораза ұстау, дұға тілеу адамның өзін-өзі түзетуіне жағдай жасайды және джихад кезінде өзі үшін соғыспай, А... тағала үшін шайқасуы үшін оны өзімшілдіктен сақтайды. Қоғамда халықты жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін жанашырлық білдіру нағыз мүміннің міндеті болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, өз-өзін түзету болып табылатын үлкен джихад, дұшпанмен соғысу болып саналатын кіші джихадтан бұрын тұрады. Екіншіден, мүміндер илаһи ережелерді сақтап, А...-ның әмірін орнату үшін ішкі келеңсіздіктер және бұзықтықтармен де, сырттағы дұшпанмен де күреседі.