Жел 21, 2016 20:11 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 300-ші бөлім, 104-107 аяттар

"Тәубә" сүресінің 104-ші аяты:

 أَلَمْ یَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ هُوَ یَقْبَلُ التَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِ وَیَأْخُذُ الصَّدَقَاتِ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِیمُ ﴿١٠٤﴾

"Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын. Ол А... ғана екенін білмей ме? Шынында Ол А... тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. (104)"

Өткен аятта А... тағала зекет беру туралы нұсқау берген соң. Осы аят былай дейді: "Пайғамбар (с) сендердің зекеттеріңді алып, оны мұқтаж жандарға үйлестіріп бергенімен, оны алушы – А... . Пайғамбар (с) зекетті А...-ның бұйрығымен жинайды". Рауаяттарда айтылғандай, садақа кедейдің қолына жетпей тұрып, А...-ның қолынан өтеді. Әрине А...-ның осы және басқа да нұсқауларын бұзған кісілер, А...-ның алдында тәубе қылулары тиіс. Өйткені Ол кешірімді және тәубені қабылдаушы. Одан басқа ешкім біреудің тәубесін қабыл ете алмайды. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, тәубе қылғанда тек өкіну жеткіліксіз. Тәубе еткен соң түзеліп, қателіктің есесін толтыру үшін амал жасау керек.Екіншіден, зекет – діни қасиеті бар салық. Өйткені оны алушы – А... тағала.

"Тәубә" сүресінің 105-ші аяты: 

وَقُلِ اعْمَلُوا فَسَیَرَى اللَّهُ عَمَلَکُمْ وَرَسُولُهُ وَالْمُؤْمِنُونَ وَسَتُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَیْبِ وَالشَّهَادَةِ فَیُنَبِّئُکُمْ بِمَا کُنْتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿١٠٥﴾"

(Мұхаммед (с)) Оларға: "Істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді А..., пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші А...-ға қайтарыласыңдар да, сендерге не істегендерің білдіріледі",-де. (105)"

Бұл аят мұнафықтарға және илаһи нұсқауларды орындамағандарға ескерту жасап, былай дейді: "Сендердің істегендерің А... тағала, пайғамбар (с) мен мұсылмандардан жасырын қалады деп ойламаңдар. Жақын арада жасырғандарыңның беті ашылып, дүниеде барлығы істеген істеріңді біліп қояды. Бұған қоса қияметте, сендердің көрнеулерің мен көместеріңді білетін А...-ның алдына барасыңдар. Ол сендерге, жасырын істеген істеріңді айтып береді". Рауаяттар бойынша, пайғамбар (с) адамдардың істерін тірі кезінде ғана біліп тұрмайды, ол қазір де үмметінің істерін бақылап тұрады. Күнәсіз мұсылмандар мен А...-ның пәк әулиелері де осындай қасиетке ие. Олар дүниеден өтсе де, А...-ның рұқсатымен халықтың жақсы да, жаман істерін біліп тұрады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, біз А... тағаланың бақылауында тұрғанымызды және Ол істерімізді білетіндігін естен шығармау – күнәдан аулақ болу мен тақуалығымызды сақтаудың ең абзал жолы болып табылады.Екіншіден, істерді көріп тұрғандар неғұрлым көп болса, адамның өз қателіктерінен ұялуы да соғұрлым көп болады. Әсіресе амалдарды көріп тұрушы А... мен пайғамбар (с) және илаһи әулиелер болса.

"Тәубә" сүресінің 106-шы аяты: 

وَآخَرُونَ مُرْجَوْنَ لأمْرِ اللَّهِ إِمَّا یُعَذِّبُهُمْ وَإِمَّا یَتُوبُ عَلَیْهِمْ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ ﴿١٠٦﴾"

Соғыстан қалып А...-ның әмірін күткендер, А... оларды не азаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. А... толық білуші, хикмет иесі. (106)

"Өткен аяттарда мұнафықтардың ерекшеліктері баяндалған соң, осы аят олардың тағы бір тобына меңзеп, былай дейді: "Екіжүзділігін қоймай қасарысқандар мен тәубе етіп түзелгендерге керісінше бұзықтыққа да ұмтылмайтын өткеніне де өкінбейтін бір топ бар. Олар жазалана ма, әлде кешіріле ме А...-ға тапсырылады". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, күнәһарларды кешіру немесе жазалау туралы шешімді А...-ның өзі қабылдайды. Біз А...-ға жөн айтуға тиісті емеспіз.Екіншіден, А...-ның қаһары немесе ілтипаты себепсіз кекшілдік немесе жанашырлыққа емес, білім мен хикметке негізделген.

"Тәубә" сүресінің 107-ші аяты:

 وَالَّذِینَ اتَّخَذُوا مَسْجِدًا ضِرَارًا وَکُفْرًا وَتَفْرِیقًا بَیْنَ الْمُؤْمِنِینَ وَإِرْصَادًا لِمَنْ حَارَبَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ مِنْ قَبْلُ وَلَیَحْلِفُنَّ إِنْ أَرَدْنَا إِلا الْحُسْنَى وَاللَّهُ یَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَکَاذِبُونَ ﴿١٠٧﴾

"Сондай зиян тигізу, қарсы келу, мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан А... және елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: "Игілікті ғана қалап едік",-деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ А... олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді. (107)"

Бұл аят Зерар мешітінің оқиғасына тоқталып, былай дейді: "Мұнафықтар әлсіз және науқас адамдарға жәрдем беру сылтауымен Құба мешітіне қарама-қарсы жерден мешіттің атымен жиналып тұрулары үшін бір мешіт салады. Тәбук соғысының қарсаңында олар пайғамбардан (с) осы мешітте намаз оқып, оны ресми ашуды өтінеді. Дегенмен осы аят түсіп, пайғамбар (с) олардың мақсаты ғибадат ету мен намаз оқу емес, қайта ол жердің астыртын әрекеттер жасауға арналғанын теріс пиғылдарынан хабардар болады. Сондықтан пайғамбар (с) әлгі мешітті қиратып, ол жерді қоқыс орнына айналдыруға бұйырады". Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, мұнафықтар мен дұшпандардың әдісі - мешіт пен діни сезімдерді нағыз дінге қарсы пайдалану. Ендеше Ислам мен діннің атымен көтерілген кез-келген ұранның алдауына түспейік.Екіншіден, исламдық қоғамның бірлігін бұзу және мұсылмандардың қатарында іріткі салу А...-ға күпірлік етумен тең. Егер мешіт араздық салудың факторы болса, ол Зерар мешіті тәрізді болмақ. Сондықтан ол қиратылуы тиіс.