Тәубә сүресі, 299-шы бөлім, 100-103 аяттар
Тәубә сүресі, 299-шы бөлім, 100-103 аяттар
"Тәубә" сүресінің 100-ші аяты:
وَالسَّابِقُونَ الأوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِینَ وَالأنْصَارِ وَالَّذِینَ اتَّبَعُوهُمْ بِإِحْسَانٍ رَضِیَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِی تَحْتَهَا الأنْهَارُ خَالِدِینَ فِیهَا أَبَدًا ذَلِکَ الْفَوْزُ الْعَظِیمُ ﴿١٠٠﴾"
Мұһажір, әнсарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден А... разы болды. Әрі олар да А...-дан разы болды. Сондай-ақ А..., олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннаттар әзірледі. Осы ірі мұрат. (100)"
Өткен бағдарламада Мәдина мұнафықтарының жағдайы және олардың пайғамбар (с) мен мұсылмандарға лайықсыз мінез көрсеткендігіне тоқталғанбыз. Бұл аят былай дейді: "Әрине Мәдинада, А... тағала оларға дән риза болған мүміндер де бар. Олар Меккеде Ислам дінін қабылдап, пайғамбардың (с) жарлығы бойынша Мәдинаға қоныс аударған мұһажірлер және Мәдинада мұһажірлерге тұрғын үй мен керек-жарақтар беріп, пайғамбарды (с) Мекке мүшріктерінен қорғаған әнсарлар". Тұңғыш мұсылман әйел қасиетті пайғамбардың (с) жұбайы хазірет Хадижа болды. Ол қиыншылықтарға шыдап, жоғары әлеуметтік жағдайынан айрылса да, пайғамбар (с) мен мұсылмандарды қолдаудан ешқашан бас тартпаған. Ерлерден ең алғашқы мұсылман болған Әли ибн Әбу-Тәліп (ғ) еді. Ол әрдайым пайғамбардың (с) қасында жүріп, оған адал серік болды. Қоныс аудару кезінде, жаулар пайғамбардың (с) Мекке қаласынан шыққанын білдірмеу үшін, ол пайғамбардың (с) төсегіне жатты. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, жақсы істерде жарысу қадірлі болып саналады. Ізгі істерді бірінші болып істегендерді қадірлеп, құрметтеу керек.Екіншіден, ізгі мақсатпен қоныс аудару, қолдау көрсету және жақсы істерге еру А...-ның ризалығы мен Оның мәңгілік сауабына себеп болады.
"Тәубә" сүресінің 101-ші аяты:
وَمِمَّنْ حَوْلَکُمْ مِنَ الأعْرَابِ مُنَافِقُونَ وَمِنْ أَهْلِ الْمَدِینَةِ مَرَدُوا عَلَى النِّفَاقِ لا تَعْلَمُهُمْ نَحْنُ نَعْلَمُهُمْ سَنُعَذِّبُهُمْ مَرَّتَیْنِ ثُمَّ یُرَدُّونَ إِلَى عَذَابٍ عَظِیمٍ ﴿١٠١﴾
"Араларындағы бәдәуилерден екіжүзді кісілер бар. Сондай-ақ мәдиналықтардан да екіжүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед (с)) Оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады. (101)
"Бұл аяттар мұнафықтардың исламдық қоғамға қауіп төндіретініне тағы да меңзеп былай дейді: "Мәдина қаласының мұсылмандары мен оның маңайындағы елді-мекендер тұрғындарының арасында иман келтірдік деген және сендер оларды мүмін деп санайтын адамдар бар. Бірақ шын мәнінде олар мұнафық және А... тағала мен қиямет күніне сенбейді. Сендер оларды танымасаңдар да, А... олардың ішіндегісінен хабардар. Оларды осы дүниеде де қорлап, қияметте де қатты жазалайды". Бұл сөйлемде екі рет жазалаудың мағынасы, біріншіден, олардың екіжүзділігі халыққа жарияланып, масқара болуы және екіншіден, қиналып өлу болуы мүмкін. Бұл мәселеге "Әнфал" сүресінің 50-ші аяты меңзейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, екіжүзділіктің түрлі деңгейлері бар. Кейде ол үстірті, ал кейде терең болады. Адам оған неғұрлым көбірек шалдықса, қатері де көп және салдары да ауыр болады.Екіншіден, басқаларға күдікпен қарауға болмайды, бірақ қырағы болған жөн. Өйткені мұнафықтар мүміндердің арасында жүріп, өздерін олардың атымен таныстырады.
"Тәубә" сүресінің 102-ші аяты:
وَآخَرُونَ اعْتَرَفُوا بِذُنُوبِهِمْ خَلَطُوا عَمَلا صَالِحًا وَآخَرَ سَیِّئًا عَسَى اللَّهُ أَنْ یَتُوبَ عَلَیْهِمْ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِیمٌ ﴿١٠٢
﴾"Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істі басқа жаман іспен араластырады. А... олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер. Расында А... аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (102)
"Тарихи рауаяттар бойынша, пайғамбардың (с) дүниеге қызыққан кейбір серіктері Тәбук соғысына қатыспайды. Бірақ оларды сынайтын аяттар түскен соң, істеген істеріне өкініп, тәубе еткендерін көрсету үшін өздерін пайғамбар мешітінің тіректеріне байлайды. А... тағала олардың тәубесін қабыл алған соң, пайғамбар (с) олардың арқанын шешіп, олардың кешірілгенін сүйіншілейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, өз істерімізді сараптаған кезде оның жақсы жерлеріне ғана қарамайық, қайта кемшіліктер мен қателіктерімізді түзеуге тырысайық.Екіншіден, өкініш – А...-ның жарылқауына бөленуге жағдай жасайды. Өйткені Ол күнәһарлардың тәубе етуіне мүмкіндік береді.
"Тәубә" сүресінің 103-ші аяты:
خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَکِّیهِمْ بِهَا وَصَلِّ عَلَیْهِمْ إِنَّ صَلاتَکَ سَکَنٌ لَهُمْ وَاللَّهُ سَمِیعٌ عَلِیمٌ ﴿١٠٣﴾"
(Мұхаммед (с)) Олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. А... толық естуші, аса білуші. (103)
"Ислам тек ғибадат пен зікір және дұғаның діні ғана емес. Кедей-кепшіктерге қарайласу және қоғамның әлеуметтік шығындарын қамтамасыз ету де әр мұсылманның міндеті болғандықтан, ол өз табысының бір бөлігін осыған бөлуі тиіс және ол зекет деп аталады. Зекет беру парыз. Бұған қоса, садақа беру де сауапты іске жатады және әйгілі діни тұлғалар садақа беруді тапсырады. Хижра жыл санауы бойынша екінші жылы Мәдинада түскен бұл аят зекеттің өсіруші және тазартушы рөліне меңзеп былай дейді: "Зекет берудің маңызды салдарына – мұсылманның рухы мен жүйкесінің өзімшілдіктен тазаруы мен өзгелерге көңіл бөлуі жатады. Пайғамбар (с) зекет берген адамға дұға оқып, сәлем жолдайды". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, зекет беру – адамның иманы шын екендігінің белгісі. Сондықтан оған садақа деп айтылады. Екіншіден, басқалардың жақсы істерін қадірлеп, марапаттау керек. А...-ның парыз еткен зекетін берген адамдарға пайғамбар (с) аман-саулық тілеп, дұға оқитын.