Тәубә сүресі, 297-ші бөлім, 91-94 аяттар
Тәубә сүресі, 297-ші бөлім, 91-94 аяттар
"Тәубә" сүресінің 91-ші аяты:
لَیْسَ عَلَى الضُّعَفَاءِ وَلا عَلَى الْمَرْضَى وَلا عَلَى الَّذِینَ لا یَجِدُونَ مَا یُنْفِقُونَ حَرَجٌ إِذَا نَصَحُوا لِلَّهِ وَرَسُولِهِ مَا عَلَى الْمُحْسِنِینَ مِنْ سَبِیلٍ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِیمٌ ﴿٩١﴾
"Қашан А...-ға, елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылық істеушілерге жауапкершілік жоқ. А... тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (91)
"Өткен бағдарламада айтқанымыздай, кейбір мұнафықтар джихадтан қашу үшін сылтаулар келтіргенін және А... тағала олардың істерін күпірлік және иманнан шығу деп атады. Осы және одан кейінгі аятта Құран өзгелер сылтау айтпулары үшін, джихадқа қатыспауға рұқсаты бар топтарды баяндайды. Әйелдер мен балалар табиғи түрде джихадқа қатыспайды. Бұған қоса ерлердің арасынан шамасы келмейтін немесе науқасы бар адамдар да соғысқа қатыса алмайды. Немесе үйіндегі ер адам соғысқа кетсе, оның жанұясы күн көре алмайтын тұрмысы нашар адамдардың да соғысқа қатыспауына болады. Әрине бұл адамдар соғыс шебіндегі жауынгерлерге қолынан келгенше көмектесуге міндетті. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, Исламда адамға шамадан тыс тапсырма берілмеді. Ислам заңдары иілгіш болғандықтан, адам бір істі орындай алмаса, бұл іс оған міндеттелмейді.Екіншіден, джихадтан босатылғанымен, оған қатысуды қалайтын адамдар жүрегі және сөздерімен жауынгерлердің жеңісін тілеп, немесе жәрдемдесетін болса – игі іс істегендерден болады.
"Тәубә" сүресінің 92-ші аяты:
وَلا عَلَى الَّذِینَ إِذَا مَا أَتَوْکَ لِتَحْمِلَهُمْ قُلْتَ لا أَجِدُ مَا أَحْمِلُکُمْ عَلَیْهِ تَوَلَّوْا وَأَعْیُنُهُمْ تَفِیضُ مِنَ الدَّمْعِ حَزَنًا أَلا یَجِدُوا مَا یُنْفِقُونَ ﴿٩٢﴾
"Сондай көліктендіріп жіберуің үшін саған келгенде: "Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым",-дегенінде, өздері де жұмсайтын нәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ. (92)
"Осыдан бұрынғы аят үш топты джихадқа қатысудан босатқан болатын және осы аят оған соғысқа қатысуды қалайтын дендері сау және отбасында түйткілі жоқ, бірақ қару-жарақ пен көлігі жоқ болғандықтан соғысқа қатыса алмаған төртінші топты қосады. Ислам, оларды үкімет қару-жарақпен қамтамасыз ете алмаған адамдарды да соғыстан босатады. Олар жауынгерлердің сауабына ортақ болады. Өйткені олар соғысқа қатысқысы келді, бірақ бара алмаған соң ренжіп, жылады. Ислам пайғамбары (с) Тәбук соғысында айтқандай: "Мәдинада қалғандардың бір тобы, майданға келген сендер жауынгерлермен ортақ. Өйткені олар джихадқа қатысуды қалады, бірақ бара алмады". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, адамдардың қадірі мүмкіндігі мен әрекетінде емес, олардың ниеті мен сезімдерінде. Діни құштарлық пен ұмтылыс маңызды.Екіншіден, мүмін адам джихадқа қатыса алмағандығы үшін жылайды, бірақ мұнафық оған қуанады.
"Тәубә" сүресінің 93-ші аяты:
إِنَّمَا السَّبِیلُ عَلَى الَّذِینَ یَسْتَأْذِنُونَکَ وَهُمْ أَغْنِیَاءُ رَضُوا بِأَنْ یَکُونُوا مَعَ الْخَوَالِفِ وَطَبَعَ اللَّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لا یَعْلَمُونَ ﴿٩٣
﴾"Ал сөгіс беру; өздері бай бола тұра сенен рұқсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға тиісті. А... олардың жүректерін бітеген. Сондықтан олар білмейді. (93)
"Бұл аят малы мен байлықтарын сақтау үшін джихад майдандарына қатысудан жалтарып, қашу жолдарын іздейтін қоғамның байлары мен дәулетті адамдарын қатаң сынап былай дейді: "Дүние құмарлық олардың жүректерін баурап алып, тасқа айналдырғандықтан олар ақиқатты түсінбейді. Олар бұзақылармен бірге отырғанды жөн көреді". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, А...-ның нұсқаулары алдында кедей мен байдың жағдайы тең. Байлық иесінің ешқандай артық ұпайы жоқ.Екіншіден, жауапкершіліктен қашудың соңы жаман және ол дұрыс түсіну мүмкіндігінен айырады.
"Тәубә" сүресінің 94-ші аяты:
یَعْتَذِرُونَ إِلَیْکُمْ إِذَا رَجَعْتُمْ إِلَیْهِمْ قُلْ لا تَعْتَذِرُوا لَنْ نُؤْمِنَ لَکُمْ قَدْ نَبَّأَنَا اللَّهُ مِنْ أَخْبَارِکُمْ وَسَیَرَى اللَّهُ عَمَلَکُمْ وَرَسُولُهُ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَیْبِ وَالشَّهَادَةِ فَیُنَبِّئُکُمْ بِمَا کُنْتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿٩٤﴾"
(Соғыстан) Қайтып оларға барсаңдар, сендерге сылтауратады. (Мұхаммед (с)): "Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз! Расында А... бізге хабарларыңды білдірді. А... да елшісі де істеріңді көреді. Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші А...-ға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге не істегендерің білдіріледі",-де. (94)
"Рауаяттар бойынша, жетпіс шақты мұнафық түрлі сылтаулармен Тәбук соғысына қатыспайды. Пайғамбар (с) мен мұсылмандар оралған кезде, өздерінің істерін ақтап қалу үшін түрлі мәселелерді қозғады. Бірақ сол мезетте осы аят түсіп, олар мұсылмандарды алдап, Ислам жауынгерлерінің жеңісіне ортақ болуына жол бермеу үшін мұсылмандардан олардың сылтауларын қабылдамауды талап етті. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, сылтаулар өтірік және ойдан шығарылған болмаса, өзгелердің айтқан себебін қабылдауға болады.Екіншіден, басқаларға сабақ болу үшін өздерінің діни және әлеуметтік міндеттерін атқарудан қашатындарды қоғамнан алшақтату керек.