Жел 22, 2016 18:30 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 296-шы бөлім, 85-90 аяттар

"Тәубә" сүресінің 85-ші аяты:

وَلا تُعْجِبْکَ أَمْوَالُهُمْ وَأَوْلادُهُمْ إِنَّمَا یُرِیدُ اللَّهُ أَنْ یُعَذِّبَهُمْ بِهَا فِی الدُّنْیَا وَتَزْهَقَ أَنْفُسُهُمْ وَهُمْ کَافِرُونَ ﴿

٨٥﴾"Және сені олардың малдары, балалары таңырқатпасын. Шынында А... мұнымен, оларға дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды. (85)

"Исламның алғашқы кезеңінде мұсылмандардың көбінің ахуалы ауыр және олар қаржылай-экономикалық тапшылықтарға душар болып, ал мұнафықтардың қаржылай жағдайы жақсырақ болған кезде мұсылмандардың оларға қосылып кету қаупі болды. Сондықтан бұл аят пен осы сүренің 55-ші аятында А... тағала мүміндерге: "Мұнафықтардың жарқылдаған дүние-мүлкіне қызығып, оларға қызғанышпен қарап жүрмеңдер. Өйткені лайықсыз кісілердің қолындағы А...-ның нығметі олардың азап пен жазаға ұшырауына себеп болады. Олар осы дүниеде қорлық көреді және өмірден кәпір болған күйде өтеді",-деп ескертеді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, мал пен перзенттің көптігі кейде жақсы тұрмыс пен бақытқа емес, азап пен қорлыққа себеп болады. Байлардың өмірінің сыртқы көрінісіне қарамайық және олардың байлыққа ие болғандығы үшін өзімізді төмен санамайық.Екіншіден, бақыттың критерийі – адамдардың нәтижесі болып табылады. Байлықтың көптігі емес, жақсы нәтиже маңызды.

"Тәубә" сүресінің 86-87 аяттары:

وَإِذَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ أَنْ آمِنُوا بِاللَّهِ وَجَاهِدُوا مَعَ رَسُولِهِ اسْتَأْذَنَکَ أُولُو الطَّوْلِ مِنْهُمْ وَقَالُوا ذَرْنَا نَکُنْ مَعَ الْقَاعِدِینَ ﴿٨٦﴾ رَضُوا بِأَنْ یَکُونُوا مَعَ الْخَوَالِفِ وَطُبِعَ عَلَى قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لا یَفْقَهُونَ ﴿٨٧﴾

"Қашан оларға: "А...-ға иман келтіріңдер, А...-ның елшісімен бірге соғысыңдар",-делінген бір сүре түсірілсе, олардың дәулеттілері, сенен рұқсат сұрап: "Бізді қой, отырушылармен бірге болайық",-дейді. (86) Олар артта қалушылармен бірге болуды қоштады. Олардың жүректері бітелген. Сондықтан түсінбейді. (87)

"Өткен аятты жалғастыра келе бұл аят: "Мал-мүліктері мен байлықтары сендердің көздеріңді қызықтырып, таң қалдырған кісілердің дүниеге тәуелді болғаны соншама, соғыс пен джихад мәселесі қозғалғанда қашатын жол іздеп, соғысқа бармайтын әйелдер және қариялармен бірге қалада қалғысы келеді. Олар дүние үшін діндерінен айрылып, А...-ның елшісін (с) жаудың алдында жалғыз қалдырады. Әй, мүміндер, сендерді міндеттеріңнен бас тартқызатын байлықты қалайсыңдар ма?",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, А...-ның дінін қорғау үшін жаумен күресу А...-ға иман келтірудің шарттарына жатады.Екіншіден, дүниеге тәуелді болу соғыстан қашудың негізгі факторы. Байлықты ұстау қабілетіміз болмаса, көп байлыққа құмар болмайық.Үшіншіден, мұнафықтардың жүректері ауру болғандықтан, шындықты ажырата алмай, жолдан адасады. 

"Тәубә" сүресінің 88-89 аяттары:

لَکِنِ الرَّسُولُ وَالَّذِینَ آمَنُوا مَعَهُ جَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ وَأُولَئِکَ لَهُمُ الْخَیْرَاتُ وَأُولَئِکَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴿٨٨﴾ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِی مِنْ تَحْتِهَا الأنْهَارُ خَالِدِینَ فِیهَا ذَلِکَ الْفَوْزُ الْعَظِیمُ ﴿٨٩﴾

"Бірақ пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер, малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар. (88) А... оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішінде мәңгі қалатын бақшалар әзірледі. Осы зор қол жеткендік. (89)

"Өздерінің жаны мен мал-мүлкін сақтау үшін жаумен шайқасқа қатысудан бас тартқан мұнафықтар мен байлық жинаушыларға керісінше пайғамбар (с) мен мұсылмандар А...-ның дінін қорғау үшін малдары және жандарын қиып, А... тағаламен мәміле жасады. Олар дүние мен ақыретте нағыз бақытқа жетіп, ең абзал сыйлықтарға бөленетіндігі анық. Жаны мен малын пида қылу, қаншалықты қиын болса да адамның ізгі істер атқаруына жағдай жасады. Сондықтан мұндай адамдар дүниеде бақытқа жетеді. А... тағала да олардың дүниедегі тапшылығы мен еңбектерінің есесін қайтарып, қияметте пейіштің зор нығметтерін сыйлайды. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, мұнафықтар, олар қатардан шыққан соң Ислам діні қолдаусыз және пайғамбар (с) жалғыз қалады деп ойламасын. Нағыз мүміндер оларды әрқашан қолдайды.Екіншіден, пайғамбарға (с) иман келтіру жеткіліксіз, оған қолдау көрсету қажет. Ол үшін илаһи дінді жаю үшін талпыныс жасау керек.

"Тәубә" сүресінің 90-шы аяты:

 وَجَاءَ الْمُعَذِّرُونَ مِنَ الأعْرَابِ لِیُؤْذَنَ لَهُمْ وَقَعَدَ الَّذِینَ کَذَبُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ سَیُصِیبُ الَّذِینَ کَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ ﴿٩٠﴾

"Бәдәуилерден желеушілер, өздеріне рұқсат берілсін деп келді. Сондай-ақ А...-ға, пайғамбарға өтірік айтқандар да отырып қала берді. Олардан кәпір болғандары күйзелтуші азапқа ұшырайды. (90)

"Бұл аят халықты екі топқа бөліп, былай дейді: "Бірінші топтың соғысқа қатыспауды өтінуі шын. Олардың дұшпанмен күресуге жағдайы жоқ. Бірақ екінші топ негізсіз сылтаумен джихадқа қатыспай, дінді қорғауды ойламады". Құран бірінші топ туралы былай дейді: "Олар соғысқа қатыспау жағдайына ие болса да, пайғамбарды (с) құрметтеп, одан рұқсат сұрады. Бірақ екінші топ өтірік сылтау айтып және пайғамбар (с) оларға рұқсат берместен үйлерінде отырып қалды. Олар осы жағымсыз қылықтары үшін кәпірлердің қатарына қойылды". Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, джихад – адамның жеке басының емес, мемлекеттік іс. Сондықтан адамдар исламдық жетекшінің рұқсатынсыз амал ете алмайды.Екіншіден, өтірік тек қана ауызбен айтылмайды. Кейде адамның іс-әрекеттері де оның сөзінің өтірік екендігін аңғартады.