Тәубә сүресі, 295-ші бөлім, 80-84 аяттары
Тәубә сүресі, 295-ші бөлім, 80-84 аяттары
"Тәубә" сүресінің 80-ші аяты:
اسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِنْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِینَ مَرَّةً فَلَنْ یَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ذَلِکَ بِأَنَّهُمْ کَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَاللَّهُ لا یَهْدِی الْقَوْمَ الْفَاسِقِینَ ﴿٨٠﴾"
(Мұхаммед (с)) Мұнафықтар үшін жарылқауларын тілесең де, тілемесең де тіпті олар үшін жетпіс қайта жарылқануын тілесең де, А... оларды әсте жарылқамады. Бұл олардың А...-ға, елшісіне қарсы болғандықтарынан. А... бұзақы халықты тура жолға салмайды. (80)
"Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Исламның алғашқы кезіндегі мұнафықтар өздерінің сөздері және іс-әрекеттерімен үнемі мүміндерді мазалап, кемсітіп келді және тіпті пайғамбарды (с) өлтірмек болған, бірақ бұл мақсатына жете алмады. Бұл аят Ислам пайғамбарына (с) былай дейді: "Олар үшін жарылқау тілеуді ойлама. Өйткені олар пасық әрі күнәһар болғаны соншама, тіпті А... мен пайғамбарға күпірлік етті. Олардың қайта оралуына жағдай жоқ. Сен рақымдылық пайғамбары болғаныңмен, олар үшін жетпіс рет жарылқауды тілесең де, олар кешірілуге лайықсыз. Мысалы, бір науқасты құтқаруға шебер дәрігер қаншама тырысса да, оған еш пайда болмай, өлгені тәрізді". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, мүміндер мен діни үкімдерді масқаралау адамды күпірлік пен дінсіздікке апарып, оның құтылуына жол қалдырмайды.Екіншіден, А... тағала мен Оның елшісі кешіруге сараң емес. Бірақ кейбір адамдар кешірілу мен жарылқануға лайықсыз.
"Тәубә" сүресінің 81-82 аяттары:
فَرِحَ الْمُخَلَّفُونَ بِمَقْعَدِهِمْ خِلافَ رَسُولِ اللَّهِ وَکَرِهُوا أَنْ یُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فِی سَبِیلِ اللَّهِ وَقَالُوا لا تَنْفِرُوا فِی الْحَرِّ قُلْ نَارُ جَهَنَّمَ أَشَدُّ حَرًّا لَوْ کَانُوا یَفْقَهُونَ ﴿٨١﴾ فَلْیَضْحَکُوا قَلِیلا وَلْیَبْکُوا کَثِیرًا جَزَاءً بِمَا کَانُوا یَکْسِبُونَ ﴿٨٢﴾
"Олар А...-ның елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай отырып қалғандарына мәз болды. Сондай-ақ олар А... жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар: "Бұл ыстықта соғысқа шықпаңдар",-деді. Егер түсінетін болса: "Тозақ оты тағы қатты ыстық",-де. (81) Енді олар, істегендерінің салдарынан аз күлсін, көп жыласын (олардың күлулерінен жылаулары көп болады). (82)
"Өткен аяттарда мұнафықтарға А...-ның қаһары бар екендігі баяндалған соң, осы аяттар соның бірқатар ерекшеліктеріне тоқталып былай дейді: "Тәбук соғысы кезінде олардың өздері соғысқа қатыспаумен қатар, күннің ыстығын сылтауратып басқалардың да оған қатысуына кедергі жасады. Олар джихадтан қашып, тіпті осы қашқандығы үшін қуанды. Өздерінің соғыстан аман қалуларын зеректіктің белгісі деп санады". А... тағала оларға жауабында былай дейді: "Тым қуанбаңдар, әлі зар жылайтын күндерің келеді. Істеріңнің сазайы күлкілеріңді кетіретін жағдайларыңа жылаңдар. Күннің ыстығын сылтауратып А...-ның елшісін қолдаудан бас тартатындай қияметті ұмыттыңдар ма?". Бұл аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, қорқақ мүмін соғысқа бармағанымен, сол үшін көңілінде ренжіп, қолынан келгенше жәрдемдеседі. Алайда мұнафықтар соғысқа бармайды, ешқандай көмек бермейді де, өзінің ісіне іштей қуанады.Екіншіден, қайта тірілетін күнді еске алу дүниенің қиыншылықтарына тап болғанда адамға төзімділік беріп, оның күлкісі мен жылауын теңестіреді.
"Тәубә" сүресінің 83-ші аяты:
إِنْ رَجَعَکَ اللَّهُ إِلَى طَائِفَةٍ مِنْهُمْ فَاسْتَأْذَنُوکَ لِلْخُرُوجِ فَقُلْ لَنْ تَخْرُجُوا مَعِیَ أَبَدًا وَلَنْ تُقَاتِلُوا مَعِیَ عَدُوًّا إِنَّکُمْ رَضِیتُمْ بِالْقُعُودِ أَوَّلَ مَرَّةٍ فَاقْعُدُوا مَعَ الْخَالِفِینَ ﴿
٨٣﴾"(Мұхаммед (с)) Егер А... сені (Тәбуктен Мәдинадағы соғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа) шығуға рұқсат сұраса: "Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар",-де. (83)
"Мұнафықтардың тағы бір ерекшелігі – өзімшілдік. Пайғамбар (с) жарлық шығарып, барлығы әрекет еткен кезде олар тұрып қалды. Барлығы майданнан оралғанда, пайғамбарға (с) өзге бір соғысты ұсынып, ол хазіреттен (с) сол соғысқа қарай шығуды сұрайды. Олар пайғамбарға (с) бойсұнудың орнына, пайғамбарды өз талаптарына көндіргісі келеді. Құран былай дейді: "Тіпті егер пайғамбар олардың айтқандарын тыңдап, жауға қарай әрекет етуге әзірленсе де, олар тағы бір сылтау тауып, онымен бірге бармас еді. Олардың айтқанының барлығы өтірік, олар соғысқа дайын емес. Сондықтан пайғамбар (с) оларға: "Сендер соғысатын адам емессіңдер, бекер ұсыныс бермеңдер. Барып, қарттар, науқастар және соғысқа қатысуға шамасы келмейтіндер сияқты үйлеріңде отырыңдар",-дейді". Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, кеше қашып, ал бүгін өз еріктерімен дайынбыз деп отырған кісілерден абай болайық. Өйткені иман, ауызбен айтқан нәрседен айырмашылық етеді.Екіншіден, нағыз тәубені қабылдайық, бірақ екіжүзділердің алдауына түсіп қалмайық. Өйткені өтірік айту мұнафықтың ерекшелігі.
"Тәубә" сүресінің 84-ші аяты:
وَلا تُصَلِّ عَلَى أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلا تَقُمْ عَلَى قَبْرِهِ إِنَّهُمْ کَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَاتُوا وَهُمْ فَاسِقُونَ ﴿٨٤﴾
"Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да, қабырының басында тұрма! Өйткені олар А...-ға, пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді. (84)
"А...-ның елшісі (с) қайтыс болған мұсылмандардың денесін жерлеу рәсімдеріне қатысып, оларға дұға тілеп, жаназа намаздарын оқитын. Бірақ бұл аятта А... тағала пайғамбардан (с) мұнафықтарды жерлеуге қатыспауды талап етеді. Осылайша олардың өлігі де құрметтелмейтінін көрсетеді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, мұнафықтармен күресу әдістерінің бірі – оларды жоққа шығару және қоғамнан оқшауландыру болып табылады.Екіншіден, қайтыс болған мұсылмандардың жаназа намазына қатысу және олардың қабірін зиярат ету ізгі істерге жатады. Бұл, олардың өлгеннен кейінде құрметтелетінін көрсетеді.