Тәубә сүресі, 294-ші бөлім, 74-79 аяттар
Тәубә сүресі, 294-ші бөлім, 74-79 аяттар
"Тәубә" сүресінің 74-ші аяты:
یَحْلِفُونَ بِاللَّهِ مَا قَالُوا وَلَقَدْ قَالُوا کَلِمَةَ الْکُفْرِ وَکَفَرُوا بَعْدَ إِسْلامِهِمْ وَهَمُّوا بِمَا لَمْ یَنَالُوا وَمَا نَقَمُوا إِلا أَنْ أَغْنَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ مِنْ فَضْلِهِ فَإِنْ یَتُوبُوا یَکُ خَیْرًا لَهُمْ وَإِنْ یَتَوَلَّوْا یُعَذِّبْهُمُ اللَّهُ عَذَابًا أَلِیمًا فِی الدُّنْیَا وَالآخِرَةِ وَمَا لَهُمْ فِی الأرْضِ مِنْ وَلِیٍّ وَلا نَصِیرٍ ﴿٧٤﴾
"Олар: "Айтпадық",-деп А...-ның атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойлары жетпейтін нәрседен ой қылды (Тәбук соғысынан қайтқанда мұнафықтар пайғамбардың (с) түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады). Олар А...-ны және елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді (шүкірсіздік етеді). Егер олар тәубе қылса өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, А... оларды дүние, ақыретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос, не жәрдемші жоқ. (74)"
Бұл аят мұнафықтар ерекшеліктерінің тағы бір бөлігіне тоқталып, былай дейді: "Олар күпірлік сөздерін айтқандықтан, пайғамбардың (с) қасында ештеңе айтпадық деп ант етсе де, сол сырттай көрсететін Исламнан да айрылады. Олар сөздерінде кәпірге айналып қана қоймай, олардың бір тобы пайғамбарды (с) өлтірмек болды. Сол үшін олар бір бұрылыста жасырынып, пайғамбардың (с) түйесін үркітпек болды. Бірақ олардың қастандығының беті ашылып, олар мақсаттарына жете алмады". Осы аяттың жалғасы былай дейді: "Мұнафықтар пайғамбар (с) мен мүміндерге неліктен кек сақтап, оларға соққы беруді көздейді? Олар Ислам дінін қабылдағандықтан дүние мүліктерінен айрылды ма? Әлде олар соғыстарда қолға келген олжалардан үлессіз қалды ма?". Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, өтірік ант ішу – мұнафықтардың белгісі. Осындай жаман қасиетке шалдығудан абай болайық!Екіншіден, мұнафықтар, А... тағала оларға осы дүниеде де азабын түсіретін топтардың бірі. Сол азаптарға адасу және қорқыныш пен үрей жатады.
"Тәубә" сүресінің 75-76 аяттары:
وَمِنْهُمْ مَنْ عَاهَدَ اللَّهَ لَئِنْ آتَانَا مِنْ فَضْلِهِ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَکُونَنَّ مِنَ الصَّالِحِینَ ﴿٧٥﴾ فَلَمَّا آتَاهُمْ مِنْ فَضْلِهِ بَخِلُوا بِهِ وَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ ﴿٧٦﴾
"Тағы олардан біреулер: "Егер А... бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік",-деп А...-ға серт берді. (75) Сонда А... оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар. (76)"
Тарихи рауаяттарда жазылғандай, мәдиналық бір мұсылман пайғамбардан (с) бай болу үшін дұға оқып беруін сұрайды. Хазірет (с) оған: "Көп байлыққа шүкір ете алмай қалудан, аз байлыққа шүкір еткенің абзал",-дейді. Сонда ол: "Егер, А... тағала байлық берсе, сол байлыққа тиесілі парыздарды орындауға сөз беремін",-дейді. Осылайша пайғамбардың (с) дұғасымен әлгі адам бай болып, жамағат намаздарына қатысуды қояды. Бір күні зекет жинаушы қызметкерлер оған барғанда, зекет беруден бас тартады. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, егер адамның ұстауға шамасы келмесе, А...-ның нығметтері оған бақытсыздық әкелуі мүмкін. Өйткені ол шүкірсіздік танытып, уәделерін бұзады.Екіншіден, адамды діни парыздары мен қаржылай міндеттерін орындаудан бас тартқызатын байлық оны бақытсыздыққа апарады."Тәубә" сүресінің 77-ші аяты:
فَأَعْقَبَهُمْ نِفَاقًا فِی قُلُوبِهِمْ إِلَى یَوْمِ یَلْقَوْنَهُ بِمَا أَخْلَفُوا اللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا کَانُوا یَکْذِبُونَ ﴿٧٧﴾
"Енді А...-ға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін А... өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып қояды. (77)"
Бұл аят адамның жаны мен рухына екіжүзділіктің кіруі себептеріне тоқталып былай дейді: "Өтірік айтып, А...-ға берген сертін бұзған адам иманнан алшақтап, екіжүзділікке душар болады. Осындай тағдырға пайғамбардың (с) кейбір серіктері де душар болып, имандарынан айрылды". Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, адамның сөз бен істеріндегі екіжүзділік әлсін-әлсін оның жүрегі мен рухына енеді.Екіншіден, мұқтаж адамдарға сараңдық білдіру, адамның осы дүниедегі бақытсыздығына себеп болады."Тәубә" сүресінің 78-79 аяттары:
أَلَمْ یَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ یَعْلَمُ سِرَّهُمْ وَنَجْوَاهُمْ وَأَنَّ اللَّهَ عَلامُ الْغُیُوبِ ﴿٧٨﴾ الَّذِینَ یَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِینَ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ فِی الصَّدَقَاتِ وَالَّذِینَ لا یَجِدُونَ إِلا جُهْدَهُمْ فَیَسْخَرُونَ مِنْهُمْ سَخِرَ اللَّهُ مِنْهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ ﴿٧٩﴾
"Олар сырлары мен сыбырларын А...-ның анық білетіндігін білмеді ме? Шынайы түрде А... көместерді толық біледі. (78) Сондай мүміндерден садақаларда ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді тәлкектегендерді А... мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар. (79)"
Өткен аяттардан мұнафықтардың парыз етілген зекетті беруде сараңдық танытатындығын оқыдық. Бұл аят былай дейді: "Олар өздерінің міндеттерін орындамақ түгілі, соғыс кезінде зекетпен қоса қаржылай көмек көрсеткен мүміндерді кекетіп, масқаралайды. Дәулетті адамдардың көмегін "екіжүзділік", ал кейбір бейшара адамдардың аз көмегін "түкке тұрмайды" деп атап, оларды сайқымазақ етеді". Құран мұнафықтардың осы жағымсыз әрекеттерін айыптап былай дейді: "А... тағала олардың іштегі күпірлігін, жаман пиғылдары мен жасырын сөздерін білмейді деп ойлайды ма? Керек болса оларды қатты жазалайтындығын білмейді ме?". Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, мүміндерді кекетіп, масқаралау – мұнафықтардың белгісі. Игі істер істемесек те, басқалардың істерін мазақ қылмайық.Екіншіден, әркімнің міндеті оның шамасына байланысты. Садақаның мөлшерімен қатар, ниеті де маңызды.