Жел 22, 2016 18:37 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 292-ші бөлім, 66-69 аяттар

"Тәубә" сүресінің 66-шы аяты:

"Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәһар болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз. (66)"

Өткен бағдарламаларда мұнафықтардың Ислам пайғамбары (с) мен өзге мұсылмандарға көрсеткен жағымсыз мінездерінен мысал келтірілген еді. Бұл аят оларға былай дейді: "Діни қасиеттіліктер мен мүміндерді масқаралауды неліктен әзіл деп ақтайсыңдар? Мұндай мәселелермен ойнауға болмайды. Әркім осылай істесе күпірлікке душар болады". Сонан соң бұл аят: "Сендерден кейбіреулер мұны ешқандай мақсатсыз істеген шығар. Олар кешіріледі. Алайда мұны әдейі істегендер, күнәларының сазайын тартады",-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, илаһи аяттарды масқаралау күпірлік пен ауыр азапқа апарады.

Екіншіден, бұзақыларға шара қолданған кезде, нағыз қылмыскерлерді надан адамдардан ажырату керек.

"Тәубә" сүресінің 67-ші аяты:

"Мұнафық ерлер мен әйелдер, бір-бірінен (бәрі бір). Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады (сараңдық қылады). Олар А...-ны ұмытты. Сондықтан А... оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар. (67)"

Мұнафық кісілердің ең маңызды ерекшелігі – иман келтіргендерді кемсіту мен олардың игі істерін масқаралау және күнәһарлармен дос болып, олардың істерін жақсы деп санау болып табылады. Мұндай қылықтар, халықты жақсы істерден тыйдырып, жамандыққа азғырады. Олар қияметке шын сенбегендіктен, А...-ның жолында садақа бергісі келмейді және олардың іші тар. Сондықтан оларға, бұл аяттың жалғасында айтылған: "Олар А...-ны ұмытқан. Ендеше А...-да оларды ұмытып, оларды өз бетімен қоя береді",-сөйлемін қолдануға болатын шығар. А... тағаланың ұмытпайтындығы анық. Сондықтан бұл аятта А...-ның ұмытуы дегеніміз – А...-ның көңіл аудармауы. Осылайша олар көптеген жақсылықтан құр қалады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қоғамның түзелуі немесе азғындыққа салынуына әйел мен ердің екеуінің де қатысы бар.

Екіншіден, илаһи жазалар адамдардың істеріне сәйкес беріледі. А...-ны ұмытқан адамды, А... да ұмытып, оны өз бетімен қоя береді.

"Тәубә" сүресінің 68-ші аяты:

"А... мұнафық ерлер мен әйелдерге және кәпірлерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті. Сол, оларға жетеді. Сондай-ақ А... оларға лағынет етті. Әрі оларға тұрақты қинау бар. (68)"

Осыдан бұрынғы аяттарда А... тағала пайғамбар мен илаһи аяттарға қатысты мұнафықтардың ісін – күпірлік деп санады. Осы аят, қияметте мұнафықтардың кәпірлермен мәңгі бірге болып, одан құтыла алмайтындығын және А...-ның ашуы мен лағынетіне ұшырайтынын айтады. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мұнафықтар осы дүниеде өздерін мұсылмандарға қанша жақын ұстаса, қияметте кәпірлерге сонша жақын болады.

Екіншіден, А... тағала мұнафықтарды лағынет етеді. Ол тозақтың отынан да жоғары. Сол сияқты мүміндер бөленетін А...-ның рақымдығы мен ризалығы пейіштің бақшаларынан да жоғары.

"Тәубә" сүресінің 69-шы аяты:

"(Мұнафықтар!) Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар дүниеде несібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелерінен пайдаланғандай несібелеріңнен пайдаланыңдар. Сондай-ақ жамандыққа олар сүңгігендей сендер де сүңгіңдер. Солардың дүние, ақыреттегі амалдары жойылып кетті. Міне солар зиян етушілер. (69)"

Бұл аят екіжүзділіктің тарих бойында болып келгендігіне тоқталып, мұнафықтарға былай дейді: "Мүміндерді алдап, діни тұлғалардың көзінше өздерің қалағандай көрініп, қалағандарыңды істейтіндей ақылды әрі пәле адамбыз деп ойламаңдар. Сендерден бұрын да, байлықтары мен билік-құдіреттері жағынан сендерден артық болған кісілер болды. Бірақ олардың барлығы ақыр аяғында дүниеден қорлықпен өтіп, қияметке бос қолмен барды". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, әскери күш, экономикалық қабілет пен адамдардың күші А...-ның қаһарына кедергі бола алмайды. Осының барлығына мақтанбау керек. Өйткені, егер А...-ның қаһары келсе, мұның барлығы істен шығады.

Екіншіден, дүниенің бақыты өтпелі әрі тұрақсыз. Оған тәуелді болмайық, өйткені қияметте зиян көреміз.

Үшіншіден, тәубе етіп, кешірілетін қателік болмаса, қылмыс пен күнәға салыну және дінмен жауласу аса қауіпті.