Жел 22, 2016 18:38 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 291-ші бөлім, 61-65 аяттар

"Тәубә" сүресінің 61-ші аяты:

"Олардың кейбіреуі пайғамбарға: "Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)",-деп жапа береді. (Мұхаммед (с)) Оларға: "Ол сендер үшін бір қайырлы құлақ А...-ға иман келтіреді де мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. А...-ның елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар" (61)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, "Тәубә" сүресі аяттарының басым бөлігі мұнафықтардың мүміндерге, әсіресе А...-ның елшісіне (с) қатысты жаман мінез көрсетуі жайлы. Бұл аят сол аяттарды жалғастыра келе былай дейді: "Пайғамбар (с) халықпен қарым-қатынас жасағанда кең пейілдік пен сабырлық танытып, олардың ешқайсысының сөзін бөлмейтін және ешкімге немқұрайлық етпейтін. Мұнафықтар кемсітушілікпен: "Әркімнің сөзін тыңдап, ешкімнің сөзін қабылдамай тастамайтын ол не қылған қарапайым пайғамбар?",-дейтін". А... тағала оларға: "Сендер, пайғамбардың кемшілігі деп отырған тұстарың, оның көркем мінезі болып саналады. Ол, ешкімнің сөзіне құлақ аспайтын тек қана бұйрық беретін әкімдер мен сұлтандар сияқты емес және даналардың ғана сөзін тыңдайтын данышпандар сияқты да емес. Ол А...-ның елшісі және барша халықты уағыздау мен тура жолға бастауға келді. Сондықтан ол халықтың көңілінен орын алып, оларға өз сөзін жеткізу үшін олардың алдында кішіпейіл болуы тиіс. Дегенмен ол мүміндердің сөзін ғана қабылдап растайды және оларға мейірімділік білдіреді",-деп жауап береді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, исламдық жүйеде жауапты басшылар әсіресе қоғамның жетекшілері халықтың сөзін тыңдаулары тиіс.

Екіншіден, тыңдау әдептерінің бірі – сөзді мұқият тыңдау болып табылады.

"Тәубә" сүресінің 62-63 аяттары:

"Олар сендерді разы қылу үшін А...-ның атымен ант береді. Егер олар иман келтірген болса, А...-ны және елшісін разы қылуларына тиіс еді. (62) Олар, біреу А...-ға әрі елшісіне қарсы келсе, расында соған ішінде мәңгі қалатұғын тозақ оты бар екенін білмей ме? Міне, ірі қорлық осы. (63)"

Бұл аят мұнафықтардың айқын ерекшеліктерінің біріне, яғни екіжүзділікке меңзеп, былай дейді: "Олар А... тағаланың ризалығын ойлаудың орнына, халықты риза қылуды және иманды жандар оларға қатысты күмәнданбауын ойлайды. Бір қызығы, олар илаһи жетекшіге қарсылық білдіруден қорықпайды және түрлі сылтаулармен әлеуметтік және діни міндеттерден қашады. Сонымен қатар өтірік ант беріп, қарапайым халықты алдауға тырысады". Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, халықтың діни қасиеттері мен сенімдерін кері мақсатта пайдалану – мұнафықтардың әдеттегі әдісіне жатады.

Екіншіден, мүмін үшін ең алдымен А... тағаланың ризалығы маңызды. Бірақ мұнафық үшін басқалардың ризалығы маңызды.

"Тәубә" сүресінің 64-ші аяты:

"Екіжүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед (с)): Қылжақтай тұрыңдар. Расында А... сескенгендеріңді жарыққа шығарады",-де. (64)"

Тәпсірлерде келтірілгендей, мұнафықтардың бір тобы Тәбук соғысынан оралып келе жатқан жолда, пайғамбарды (с) өлтіру үшін оның түйесін үркітіп жібермек болады. Бірақ А... тағала осы аяттарды түсіріп, пайғамбарға (с) аян арқылы осы қастандықтан хабар береді. Бұл арада мұнафықтардың мұсылмандарға рим әскеріне қарсы қолдау көрсетудің орнына, пайғамбар (с) мен оның серіктерін масқаралап: "Олар Шам сарайларын басып алып, билік жүргізбекші",-деп айтулары таң қалдырады. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағала кемшіліктер мен қателерді жабушы болғанымен, мұнафықтардың қылықтарын әшкерелеу илаһи дәстүрлерге жатады.

Екіншіден, мүміндерге жолыққанда оларды масқаралап, кекету – мұнафықтардың әдеті. Өйткені олар қисын мен дәлелді түсінбейді.

"Тәубә" сүресінің 65-ші аяты:

"Егер олардан сұрасаң: "Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік",-дейді. Оларға: "А...-мен, аяттарымен және елшісімен қалжақтаған болдыңдар ма?",-де. (65)"

Мұнафықтар мүміндерге сылтауратып: "Сендерді шынымен кекетуді ойламадық, тек ойнап бірдеңе атқанбыз, бізге ренжімеңдер",-дейтін. А... тағала: "Сендер ауыздарыңа не келсе соны айтатып, сонан соң оны қалжың дейтіндей А...-ның аяттары мен Оның елшісі (с) сендерге ойыншық па?",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діни қасиеттіліктермен ойнауға болмайды.

Екіншіден, діни тұлға болсын, жазбалар болсын діни қасиеттіліктерді масқаралаудың қатаң илаһи жазасы бар.