Тәубә сүресі, 290-шы бөлім, 56-60 аяттар
Тәубә сүресі, 290-шы бөлім, 56-60 аяттар
"Тәубә" сүресінің 56-57-ші аяттары:
« و يحلفون با... انٌهم لمنکم و ما هم منکم و لکنٌٌهم قوم يفرقون ، لو يجدون ملجا او مغارات او مدٌخلا لولٌوا اليه و هم يجمحون »
"Олар: "Рас біз де сендерденбіз",-деп А...-ның атымен ант ішеді. Негізінде олар сендермен емес. Бірақ олар қорқақ халық. (56) Егер олар бір пана тапса, немесе үңгірлер, не бір кірерге тесік тапса, әрине олар солай бұрылып ұмтылар еді. (57)"
Өткен бағдарламаларда пайғамбар (с) заманындағы мұнафықтардың түрлі ерекшеліктері баяндалды. Бұл аят олардың нашар және әлсіз рухына меңзеп былай дейді: "Олар, кейде сендерді таң қалдыратын байлық пен билікке ие бола тұра, бір күні екіжүзділіктері паш етіледі деп үнемі қорқады. Сондықтан олар түрлі сылтаулар айтып, сендермен біргеміз дейді. Бірақ шындығында олар сендермен емес. Мұны қорыққаннан айтады. Егер өтірігі шығып қалса, сендерден аман қалу үшін барар жер таба алмайды". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, ант ішу мұнафықтардың әдеті болғандықтан, оған алданбаңдар.
Екіншіден, екіжүзділіктің нәтижесі – қоғамнан қуылу болып табылады.
"Тәубә" сүресінің 58-59 аяттары:
« و منهم من يلمزک في الصدقات فان اعطوا منها رضوا و ان لم يعطوا منها اذا هم يسخطون ، و لو انٌهم رضوا ما اتاهم ا... و رسوله و قالوا حسبنا ا... سيؤتينا ا... من فضله و رسوله انٌا الي ا... راغبون »
"(Мұхаммед (с)) Олардың кейбіреуі садақалар жайында сені сөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ыза болады. (58) Егер олар рас А...-ның, елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және : "А... бізге жеткілікті. Жақында А... және елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз А...-ға ынтықбыз",-десе еді. (59)"
Осы аят мұнафықтардың кемшілік іздеу әдетіне меңзеп, былай дейді: "Зекетті үйлестірген кезде олар пайғамбарды (с) да әділетсіздікке айыптап, мін тағып, наразылық білдіреді. Шындығында олар әділет пен туралықты іздемейді. Сондықтан олардың өздеріне үлес берілсе, ауыздарын жауып, тіпті риза болады. Олар зекеттен құр қалғанда ғана ашуланып, мін таға бастайды". Аяттардың жалғасы былай дейді: "Кедей-кепшіктер мен мұқтаждарға арналған зекетке көз салғанша, А...-ның ілтипаты мен жомарттығына үміт артыңдар да: "А... тағала бізге жеткілікті",-деңдер". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, араларыңдағы мұнафықтардың жаман сөздерінен қорықпаңдар. Бұл олардың материалдық және дүниелік мүдделерге жетуінің әдісі.
Екіншіден, біз А...-ға міндетсімейік. Бізге берілгені – Оның жомарттығы. Ендеше Оның бергеніне риза болайық.
"Тәубә" сүресінің 60-шы аяты:
« انما الصدقات للفقراء و المساکين و العاملين عليها و المؤلفة قلوبهم و في الرقاب و الغارمين و في سبيل ا... و ابن السبيل فريضة من ا ... و ا ... عليم حکيم »
"Шын мәнінде садақалар (зекеттер), А... тарапынан бір парыз; қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгіленгендерге, көңілдері алынатындарға (жаңа мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, А... жолына және жолда қалғандарға беріледі. А... әр нәрсені білуші, хикмет иесі. (60)"
Кейбір адамдардың зекеттен үлес алуды күтетінін баяндаған аяттардан кейін, бұл аят Исламдағы қаржылай парыздың бірі болып табылатын зекеттің жұмсалу жағдайларын белгілеп былай дейді: "Зекет, кедейлікке душар болып тұрмысы нашар болғандарға, немесе қарыз алып қайтара алмағандарға жұмсалады. Зекет сондай-ақ сапарда қиыншылыққа тап болып жолда қалып қойғандарға беріледі. Зекет мұсылман еместердің көңілін Исламға аударту немесе құлдарды сатып алып, азат ету үшін де жұмсалуы мүмкін. Егер соғыс бола қалса, зекетті қасиетті соғыстың шығындарына жұмсауға болады. Сонымен қатар зекет жинау және оны үйлестірумен айналысатын кісілердің шығындары да зекеттен қамтамасыз етіледі".
Бұл арадағы қызықты жайт, Құранда зекет көбінесе намазбен қатар келтірілген. Рауаяттар бойынша, намаз қабыл болу үшін зекет беру керек. Бұл мәселе А... тағала мен Оның жаратқандары арасындағы байланысты көрсетеді. Жаратылғандардың байланысынсыз Жаратушының арасында байланыс орнатылмайды. Рауаяттар бойынша, А... тағала байлардың мал-мүлкінен мұқтаждарға бір үлес белгілеген. Сондықтан егер олар зекеттерін беріп тұрса, ешуақытта кедей болмас еді. Зекетті жоғарыда айтылған сегіз топтың арасында бірдей үйлестіру міндетті емес, қайта исламдық басшының шешімі бойынша жағдайға қарап, қажетті мөлшерде жұмсалады. Зекет – қоғамда байлықты теңестіріп, кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылықты азайтуға себеп болады. Зекет адамның бойында жанашырлық пен жомарттық сезімін жандандырып, дүниеқұмарлықты және материалдық тәуелділікті азайтады. Зекет – қоғамдағы әлеуметтік қамсыздандыру тірегі және еріксіз әрі табиғи жағдайда кедейлік пен қарызға тап болған, немесе науқастанып тұрмысын қамтамасыз ете алмай қалғандарға жәрдем болып табылады. Оларға ұмтылыс жасап, қалыпты жағдайға қайта оралуға жәрдемдеседі. Исламдық нұсқаулардың бірі болып табылатын зекет, кедейлікті жою мен әлеуметтік әділетті орнатудың ең абзал жолы. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, имандағы шындықтың белгісі – қаржылай парыздарды, соның ішінде зекетті төлеу болып табылады. (Құран "зекет" сөзінің орнына "садақа" яғни "шындық" деген сөзді қолданған).
Екіншіден, зекет берушілер, оны алушыларға міндетсімеуі тиіс. Өйткені зекеттің үлесі оларға тиесілі. Бұл үлесті оларға А... тағала белгілеген.
Үшіншіден, үкіметтер құлиеленушілікті жайған кезеңде, Ислам құлдарды азат етуге қаржы бөлген.
Төртіншіден, Ислам тек ғибадаттың діні емес, бұл дінде қоғамның экономикалық қиыншылықтарына да қатысты заңдар бар.