Жел 22, 2016 18:40 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 289-шы бөлім, 52-55 аяттар

"Тәубә" сүресінің 52-ші аяты:

"Оларға: "Сендер, бізге (жеңіс немесе шәһидтік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз А...-ның сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал сонда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық",-де. (52)"

Өткен аяттарда мұнафықтардың пайғамбар (с) және мұсылмандармен қарым-қатынасын оқыған болатынбыз. Олар джихадқа қатысудан қашумен қатар, әрдайым өздерінің сөздерімен жауынгерлердің рухын түсіру ниетінде болады. Олар дұшпанның күш-құдіретін үлкейтіп көрсетіп, Ислам майданының жеңілісін күтеді. Бұл аят оларға былай деп жауап қайтарады: "А... жолында күрескендерді жақсылықтан басқа еш нәрсе күтіп тұрған жоқ. Бұл шайқастың екі нәтижесі бар. Біріншісі, дұшпанды жеңіп мақсатқа жету. Екіншісі, А...-ның жолында шәһид болу. Бұл иманды жандар үшін бақыттың ең үлкен дәрежесі. Сондықтан жеңіс әрқашанда мүміндікі. Ол жеңілмейді. Бірақ соғыстан қашатын сендер А...-ның азабына ұшырайсыңдар. А... тағаланың қалауынша сендер дүние мен ақыретте ауыр азап көресіңдер. Немесе соғыстан қашқандарың үшін біздің қолымыздан жазаланасыңдар. Осылайша сендер кез-келген жағдайда қорлық көресіңдер". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мүмін ешқашанда жеңілмейді. Нәтиже қандай болса да, ол міндетін атқару соңында және осы жолда талпыныс жасайды.

Екіншіден, иманды жандар үшін тірі қалу немесе өлу маңызды емес. Оған дұрыс жолда болу маңызды.

"Тәубә" сүресінің 53-ші аяты:

"Оларға: "Малдарыңды мейлі пейілді, немесе пейілсіз түрде жұмсаңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер",-де. (53)"

Тәбук соғысына қатыспаған кейбір мұнафықтар, соғыс майданына ақшалай және заттай көмек көрсету арқылы, өздерін жеңіске ортақ етіп көрсетіп, қашуларын ақтамақ болады. Бірақ бұл аят былай дейді: "Сендердің міндеттерің соғысқа қатысу еді. Бұйрыққа бағынбаған екенсіңдер, мына көмектерің қабылданбайды. Сендер міндеттеріңді орындамадыңдар". "Бұл көмектерді сендер шын жүректен беріп жатырсыңдар ма, белгісіз? Мүмкін көңілдеріңде мұсылмандардың жеңісіне қуанбай, жағдай осылай болған соң жәрдем беріп жатқан шығарсыңдар",-дейді осы аят. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, кез-келген адамның көмегін қабылдамайық. Қасиетті және діни істер адал адамдардың қаржылай көмектерімен атқарылуы тиіс.

Екіншіден, А...-ның алдында амалдар қабылдануының шарты – тақуалық пен тазалық. Жамандық істің қабылданбауына себеп болады.

"Тәубә" сүресінің 54-ші аяты:

"Тек қана олардың жұмсағандарын олардан қабыл болуына кедергі болған жағдай: А...-ға, елшісіне қарсы болғандықтары, намазға өте алқаулықпен келулері және олардың аса жек көрген түрде мал жұмсаулары. (54)"

Бұл аят мұнафықтардың қаржылай көмектерінің қабылданбауының дәлелдеріне меңзеп былай дейді: "Ақида жағынан олар іштегі күпірлікке шалдыққан және А... тағала мен Оның пайғамбарына (с) сенбейді. Олардың ешбір діни парызды орындауға ниеті жоқ. Намаз оқығанда немесе садақа бергенде жақтырмай, жалқаулық көрсетеді". Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, имансыз амал қабылданбайды. Әр істегі шарт - А...-ға жақындау ниеті.

Екіншіден, намаз оқу мен садақа беру кезінде біздің бойымызда жалқаулық пен жақтырмау секілді екіжүзділіктің белгілері пайда болмасын.

"Тәубә" сүресінің 55-ші аяты:

"(Мұхаммед (с)) Онда сені олардың малдары, балалары таңыртқатпасын. Шынында А... ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды. (55)"

Бұл аят мұнафықтардың дүниелік жағдайына меңзеп, былай дейді: "Дүниенің істері мен мал-мүлік жинау мәселесіне назар аударатын болсақ, мал-мүлік пен перзент жағынан олардың жағдайы мүміндерден жақсырақ. Бірақ осы мал-мүлік пен перзенттерге сендер таңданып, қамықпаңдар. Өйткені мұның барлығы осы дүниеде мұнафықтың азабына себеп болады. А... тағала оларды бұл дүниеде дәл осы малдары және перзенттерімен азаптайды. Оларға өкініштен басқа ештеңе қалдырмайды. Мұнафық дүниеге құмар болғандықтан, жан тапсырған шақта кәпір күйінде өледі. Дүниеде ізгі істер атқарған болса да, оның барлығы жойылады". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, көзге көрінетін нығметтер, іште азапқа себеп болуы мүмкін.

Екіншіден, өлім жойылу емес. Жанның, қияметте қайта қосылу үшін денеден бөлінуі болып табылады.

Үшіншіден, жұрттың тұрмысындағы дүниелік көріністерге көңіл бөлмеңдер. Олардың істерінің нәтижесін ойлаңдар.