Жел 22, 2016 18:41 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 288-ші бөлім, 48-51 аяттар

"Тәубә" сүресінің 48-ші аяты:

"(Мұхаммед (с)) Расында бұлар бұрын (Ұхыд соғысында) да фитна іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыры олар жек көрсе де ақиқат келіп, А...-ның әмірі үстем болды. (48)"

Өткен бағдарламада дұшпанмен күресу мәселесіндегі мұнафықтардың кейбір бұзақылықтарына меңзеп, олардың ақиқат пен жалғанның арасындағы күрес майданына қатысуы жауынгерлердің рухын әлсіретуге және олардың арасында араздықтың пайда болуына себеп болатындығын түсінгенбіз. Бұл аят былай дейді: "Олар осыдан бұрын да қоғамның түрлі салаларында ақиқатты бұрмалап, халықты тіпті қоғам жетекшілерін алдамақ болған" Мұнафықтар қоғамда өздерінің жағдайын сақтау үшін жасайтын әрекеттеріне фитна салу, араздық орнату, шындықты өзгерту, өсек пен қауесет тарату, шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтер тарату жатады. Сондықтан исламдық қоғамның жетекшілері тым қырағы болып, мұндай істердің ықпалына түспеуі тиіс. Әрине А... тағала ақиқаттың белгілі және мұнафықтардың рәсуа болатынындай оқиғалар орнатады. Олар үнемі осыдан алаңдайды. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қоғамда фитна мен араздық пайда болған кезде, мұнафықтардың іздерін қараңдар. Адамдардың істеген істерін зерттеп, оларды анықтаңдар.

Екіншіден, илаһи жәрдемдер әрдайым мұнафықтардың жоспарларын залалсыздандырады. Барлық қастандықтарға қарамастан Ислам ілгерілеп, тарала бермек.

"Тәубә" сүресінің 49-шы аяты:

"Олардан кей адам: "Маған рұқсат бер, әлекке салма",-дейді. Байқаңдар, олар негізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ кәпірлерді орап алады. (49)"

Қоян жүрек мұнафықтардың Табук соғысына қатысудан жалтару үшін келтірген сылтауларының бірі: "Егер көзіміз римдік бикеш түссе, олардың қармағына ілігіп, күнәға батамыз, сондықтан мұндай фитнаға душар болмауымыз үшін бізді соғысқа қатысудан босат",- деп айтқаны еді. Құран осындай кісілерге берген жауабында: "Ең ауыр күнә мен фитна – олар оған душар болған соғыстан қашу болып табылады. Мұның бәрі сылтау. Ол күпірлік пен дінсіздікке апарады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, соғыс дегеніміз – шыншылдар мен өтірікшілерді ажырудың сынағы.

Екіншіден, кейбіреулер сырттай қарағанда А...-ның елшісі мен діни жетекшілерден де ілгері әрі діндар болып көрінеді. Олар күнәдан құтылу сылтауымен, соғыс майданынан қашады.

"Тәубә" сүресінің 50-ші аяты: 

"(Мұхаммед (с)) Егер саған бір игілік жетсе, олар оны жек көреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: "Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік",-дейді де, олар сүйініп қайтады. (50)"

Бұл аят мұнафықтардың көңіліндегі нағыз ниеттерін әшкерелеп былай дейді: "Олардың өздері соғысқа қатыспай, өзгелерді де джихадқа қатыспауға азғыруының себебі, сендердің дұшпандарды жеңулеріңді қаламағандықтан. Егер сендер жеңілсеңдер, мақтанып: "Біз осындай күнді болжағандықтан, соғысқа қатыспадық. Олар болашақты болжап, сол бойынша шешім қабылдай алатындай",-дейді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, соғыстан кейінгі қорытындылар мен сараптаулар адамдардың оған қатысты көзқарасын білдіреді. Осындайда дос пен дұшпанды жақсы тануға болады.

 Екіншіден, пайғамбардың (с) соғыстарында жеңіс те, жеңіліс те бар. Бірақ жеңіліс, пайғамбардың (с) жолының бұрыстығын білдірмейді, қайта мұсылмандардың осалдығынан.

"Тәубә" сүресінің 51-ші аяты:

"(Мұғаммед (с)): "Бізге А...-ның жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер А...-ға тәуекел қылсын",-де. (51)"

Бұл аят тәкәппарлықен мүміндерді кемсітетіндерге және өздерін көріпкел және саясаткер деп санайтындарға қатаң жауап. Пайғамбар (с) А...-ның тарапынан осы мұнафықтарға: "Сендер біздің жеңілісімізді осылайша сараптайтындай, біз соғысқа дүние жинау немесе басқаларға үстемдік жүргізу үшін қатысқан жоқпыз. Біз А...-ның пендесіміз және Оныңризалығы үшін соғысамыз. Жеңіс пе, жеңіліс пе тек А...-ның жазғаны болады. Сондықтан джихадқа қажетті нәрселерді дайындаймыз. Сондай-ақ тек бір А...-ға ғана тәуекел етіп, Оның атымен майданға шығамыз",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мұсылман міндетін ғана атқарады. Нәтиже оның қолында емес. Нәтижесі қандай болса да джихад – парыз.

Екіншіден, адамның өмірі мен өлімі А...-ның қолында. Соғысқа барған әркім өлмейтін секілді, үйде қалған әркім де өлімнен құтылмайды.