Жел 22, 2016 18:42 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 287-ші бөлім, 43-47 аяттар

"Тәубә" сүресінің 43-ші аяты:

"(Мұхаммед (с) А... сені кешірсін. Саған шын айтқандар анықталып, өтірікшілерді білмейінше оларға неге рұқсат бердің? (43)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, Ислам пайғамбары (с) римдіктерге қарсы тұру үшін мұсылмандардан Арабстан түбегінің ең солтүстігіндегі Тәбук аймағына жолға шығуды талап еткен еді. Бірақ джихадқа қатысуды қаламаған кейбір мұсылмандар жолдың тым ұзақтығы, жаздың ыстығы және ауылшаруашылық өнімдерді жинап теру мезгілі келді деген сылтаулар айтып, пайғамбардан (с) рұқсат сұрады. Пайғамбар (с) да олардың кейбіреуіне рұқсатын берді. Осы аят пайғамбарды (с) ишаралап сөгіп, былай дейді: "Майданға қатыспауға рұқсат алғандардың көбінің сылтауы шын емес еді". Дегенмен бұл аят пайғамбарды (с) айыптамайды. Өйткені келесі аяттар, мұнафықтардың джихадқа қатысуын А... тағала жақтырмайтынын айқындайды. Бұл аят шын сылтаусыз пайғамбардан (с) рұқсат сұраған кісілерді айыптайды. А... тағала: "Сендердің өтірік айтқандарыңды біз түсінбеді деп ойламаңдар. Біз білеміз, бірақ сендердің джихадқа қатысуларыңды қаламаймыз",-деп ескертеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А...-ның сынауы кешірім және рақымдылықпен бірге жүреді. Ол ескертумен қатар, кешіретінін мәлімдейді.

Екіншіден, соғыс пен джихад майданы – шыншылдар мен өтірікшілерді танитын жер.

"Тәубә" сүресінің 44-45 аяттары:

"Өйткені А...-ға, ақырет күніне иман келтіргендер А... жолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. А... тақуаларды жақсы біледі. (44) Шынында сенен, А...-ға, ақырет күніне сенбегендер, жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұқсат сұрап сылтауратады. (45)"

Бұл аяттар мүміндерді мұнафықтардың қатарынан ажыратып, олардың әрқайсысының ішкі сезімдерін баяндап, былай дейді: "А... тағала мен қиямет күніне сенетін кісі, сылтау іздеп, қашуды ойлайтындай А...-ның жолында өлу мен өлтірілуден қорықпайды. Сылтауратып, өлімнен қорқатындар А... тағала мен қиямет күніне әлі иман келтірмеген, олар әлі күмән келтіруде". Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, тақуалықтың шарты – оқшаулану емес, джихадқа қатысу болып табылады. Тақуа адамды үйдің бұрышында емес, соғыс майданында тану керек.

Екіншіден, күмәндану ойлану мен ғылыми дамудың бастамасы. Бірақ күмәнда қалу қауіпті, өйткені ол қаңғыруға себеп болады.

"Тәубә" сүресінің 46-шы аяты:

"Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшін бір әзірлік көрер еді. Бірақ А..., олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтан оларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: "Отырушылармен бірге отырыңдар",-делінді. (46)"

Бұл аят мұнафықтар мен Тәбук соғысынан қашқандардың ішкі сезімдеріне меңзеп былай дейді: "Пайғамбардан (с) рұқсат сұрамақ болғандар, шын мәнінде соғысқа қатысуға дайын емес еді. Олар ешқандай құрал-жабдықтарын әзірлемеді. Негізінде А... тағала мұндай кісілердің джихадқа қатысуынан көңілі толмайды. Сондықтан олардың қатысуына мүмкіндік бермеді. Осылайша пайғамбар (с) оларға қатыспауға рұқсат берді және олар ешқандай міндеттері жоқ деп ойлады. Алайда олардың сылтауы өтірік болғанын А... біледі. Пайғамбар (с) оларға рұқсат бергенімен, олардан міндет алынып тасталған жоқ". Осы аяттың жалғасы: "Олар балалар мен әйелдер және науқастар тәрізді үйлерінде қалып, қаладан шықпады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, джихадқа қатысу А...-ның берген мүмкіндігі болып табылады. Ол лайықсыз адамдарға берілмейді.

Екіншіден, мақсат пен ниеттің бір өзі жеткіліксіз. Амалға да жағдай жасалу керек. Парыздың бастамасын орындау да парыз.

"Тәубә" сүресінің 47-ші аяты: 

"Егер олар іштеріңде шықса да сұрақылықты ғана арттырады. Әрине араларыңда фитна ізденіп жүрер еді. Іштеріңде олардың тыңшылары да бар. А... залымдарды жақсы біледі. (47)"

Бұл аят А... тағаланың иманы нашар мұнафықтардың соғыс майданына қатысуына көңілі толмауының себебін баяндап, былай дейді: "А... тағала мұндай адамдардың джихадқа қатысуына мүмкіндік бермеді. Өйткені егер олар соғысқа қатысса, фитна мен араздық салар еді. Әрине аңқау адамдар олардың сөзін тыңдаған соң, әлсіреп мақсаттан айрылады. Осылайша Ислам әскерінің арасында күмән мен абыржу пайда болады. Бұған қоса осы мұнафықтар дұшпанның тыңшысы қызметін атқарып, сендердің араларыңда олардың құлағы болуы ықтимал". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жеңіске жету үшін жауынгерлердің саны маңызды емес, сенім мен иман және адалдық пен шындық қажет.

Екіншіден, исламдық қоғам мен халықтың арасында өмір сүретін фитна салушыларға абай болу керек. Олар қауесет таратып, аңқау адамдардың ойын жаңылыстырып, қоғамның ішінде араздық орнатады.