Жел 22, 2016 18:43 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 286-шы бөлім, 40-42 аяттар

"Тәубә" сүресінің 40-шы аяты:

"Егер сендер пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, Кәпірлер Меккеден шығарған кезде, үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған А... жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед (с)) жолдасына: "Кейіме! Расында А... бізбен бірге",-дегенде, А... оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. А...-ның сөзі жоғары. А... өте үстем, хикмет иесі. (40)"

Бұл аят мүшріктердің пайғамбарды (с) өлтіру үшін жасаған қастандығына меңзейді. Олар пайғамбар (с) мен мұсылмандарға қарсы жоспарларынан үмітсізденген соң, пайғамбарды (с) өлтірмек болады. Сондықтан оны бір адамның қолымен өлтірмеу үшін, әр тайпадан бір кісіні таңдап, пайғамбардың (с) үйіне топтасып шабуыл жасап, істі аяқтауға келіседі. Бірақ А... тағала мүшріктердің бұл қастандығын өзінің елшісіне (с) хабарлайды. Осылайша дұшпан пайғамбардың (с) қимылынан бейхабар болып және тыңшыларға оның Меккеден шығып кеткенін білдірмеу үшін хазірет Әли (ғ) пайғамбардың (с) үйіне барып, оның төсегіне жатады. Жол бойында пайғамбарға (с) Әбу-Бакр қосылып, екеуі Меккенің оңтүстік жағындағы Сәур үңгіріне қарай бет алады. Пайғамбардың (с) шығып кеткенін білген соң дұшпандар олардың ізіне түсіп, үңгірге келеді. Бірақ үңгірдің аузынан өрмекшінің торын көріп, оған кірмейді. Пайғамбар (с) үңгірде үш күн тұрғаннан кейін, Мәдинаға қоныс аударады. Сол себептен бұл аят, А...-ның жәрдемінсіз мүшріктерден құтылуға болмайтын қоныс аудару оқиғасына меңзеп, түрлі жағдайларда атап айтқанда Тәбук соғысында пайғамбарды (с) қолдағысы келмеген кісілерді сынап: "Пайғамбарға (с) көмектесетін адам болмаған кезде, А... тағала оны жалғыз қалдырмады. Ендеше пайғамбарға (с) міндетсімей, міндеттеріңді орындаңдар. Кәпірлердің жоспарлары залалсызданатынын және А...-ның діні мәңгі қалатынын біліңдер",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Исламның сақталуы біздің қолдауымызға тәуелді емес. А... тағала өз дінінің қорғаушысы. Сондықтан дінді қолдағанымызға мақтанбайық.

Екіншіден, тыныштық пен сенім А... тағаланың берген сыйы. Ол материалдық нәрселермен келмейді.

Үшіншіден, А...-ның қалауы баршаның қалауынан үстем. Сондықтан кәпірлердің жоспары ақырында залалсызданады.

"Тәубә" сүресінің 41-ші аяты:  

"(Әй, мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ А... жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін қайырлы, егер білген болсаңдар. (41)"

Өткен бағдарламада оқылған Тәбук жаққа қарай аттануға шақырған аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: "Джихад жарлығы шыққан соң, қандайда болмасын жағдайда әрекет етіңдер. Оңай болсын, қиын болсын, жандарың мен малдарыңды жұмсасаңдар да, А...-ның діні мен пайғамбарын (с) қорғау соның барлығынан да артық". Бұған қоса осы жарлық, А... жолында жаны мен перзентін, үй-күйін пида етуге дайын екендігін біліп, нағыз мүмінді сөз жүзіндегі кісілерден ажырату сынағы болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, кейбір жағдайларда ресми жауынгерлердің қатысуы жеткіліксіз болғандықтан, исламдық қоғамды қорғау үшін халықтың барлығын майданға шақыру қажет.

Екіншіден, джихад садақа берумен бірге болады. Джихад шығындарының бір бөлігі мүміндердің мойнында. Әрине әркімнің шамасына қарай.

"Тәубә" сүресінің 42-ші аяты:

"(Мұхаммед (с)) Егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбук жолы) өздерін әлекке салады. А... олардың мүлде суайт екенін біледі. (42)"

Барлығына Тәбук майданына қатысуға бұйрық берген аяттан кейін, осы аят былай дейді: "Сөз жүзінде иман келтіргендер Тәбукке барудан бас тартып, сылтаулар айтады. Олар бірде: "Біздің денсаулығымыз мұндай ұзақ жолға шыдамайды",-десе, бірде: "Жолға алып шығатын азық-түлігіміз бен керек-жарағымыз жоқ",-десті. Олар А...-мен ант ішіп, майданға бара алмайтындарын мәлімдейді. Алайда егер жол ұзақ болмай, жеңіл олжадан сөз болса, олар ешқандай сылтау айтпастан, міндетті түрде баратын еді. Бірақ олар А...-ны алдаймын деп ойламасын. Өйткені А... тағала олардың ішіндегісін біледі. Шын мәнінде олар өздерін алдап, құрдымға түседі". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, джихад – адамдарды сынауға арналған жақсы емтихан алаңы.

Екіншіден, жеңіл әрі пайдалы істерді қабылдау кемелдіктің белгісі емес. Кәміл адамдар қиын істерді қабылдайды.

Үшіншіден, соғыс майданынан қашудың салдары қашқандардың өздеріне тиеді. Мүміндер оларды өздерінің қатарынан шығарып тастауы тиіс.