Тәубә сүресі, 285-ші бөлім, 36-39 аяттар
Тәубә сүресі, 285-ші бөлім, 36-39 аяттар
"Тәубә" сүресінің 36-шы аяты:
"Расында А...-ның қасында көктер мен жерді жаратқалы А...-ның кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында А... тақуалармен бірге екенін біліңдер. (36)"
Өткен бағдарламада, сертті бұзған мүшріктермен соғысуға бұйрық беретін аяттармен танысқанбыз. Осы аят былай дейді: "Әрине жылдың төрт айында соғысу харам болып саналады. Сондықтан зил-қағде, зил-хадже, мұхаррам және рәжәб айларында соғыс бастауға болмайды. Бірақ дұшпан осы айлардың құрметін сақтамайтын болса, онда міндетті түрде қорғану керек". Бұл жердегі қызықты жайт, аяттың басында бір табиғи мәселеге меңзеп: "А... тағала көктер мен жерді жаратқаннан бері, айдың жерді айналуы бойынша әр жылда он екі айдың болуын орнатты",-делінген. "Бақара" сүресінің 189-шы аятында: "Осы табиғи құбылыстың мағыналарының бірі, адамзат тарихында уақыттың бір табиғи күнтізбесін орнату болып табылады. Ол өзгермейтін болғандықтан, уақыт пен тарихты есептеуді бір жүйеге түсіреді",-делінген. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам соғысқұмар дін емес. Онда соғысты доғарып, баянды бейбітшілікке жағдай орнату үшін әр жылдың төрт айында міндетті соғыс бітімі белгіленген.
Екіншіден, дұшпандардың илаһи заңдарды кері мақсатта пайдалануына жол бермеу керек. Сендер осы төрт харам айында соғыспаңдар, алайда егер дұшпан оны кері мақсатта пайдаланатын болса, оны бар күшпен шегіндіріңдер.
"Тәубә" сүресінің 37-ші аяты:
"Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. А...-ның харам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл харам етіп, бір жыл халал етеді. Сөйтіп А...-ның харам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбәт көрсетіледі. А... қарсы елді тура жолға салмайды. (37)"
Өткен аятты жалғастыра келе осы аят былай дейді: "Мекке мүшріктері осы төрт харам айында соғысуға болмайтынын білгенімен және олардың арасында болған ибраһимдық шариғат бойынша оны орындап жүргенімен, бірақ кейде соғысты тоқтату өз мүдделеріне сай болған кездері харам айлар мен халал айларды алмастырып: "Жылдың кез-келген төрт айында соғыс болмаса жарайды, ал оның қандай ай екендігі маңызды емес",-дейтұғын". Құран сырттай қарағанда ағартушылық болып көрінген осы адасқан көзқарасты жоққа шығарып: "Илаһи үкімдерді ойын қылу - күпірлік. Мұндай адамдар А...-ның тура жолынан мақрұм қалады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, халықтың адасуы себептерінің бірі – илаһи үкімдерін өзгертіп, бұрмалау үшін қате тәпсірлеу болып табылады.
Екіншіден, егер адам өзінің ісін жаман деп білсе, тәубе қылып, оның есесін толтыруға ұмтылады. Бұл арадағы қауіпті нәрсе өзінің жаман істерін жақсы деп санау болып табылады. Мұндайда ол тура жолға салынбайды.
"Тәубә" сүресінің 38-39 аяттары:
"Әй, мүміндер! Сендерге не болды? "А... жолында соғысқа шығыңдар",-делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар (жерден қозғалғыларың келмеді). Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштатыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ақыретке қарағанда өте аз ғана. (38) Егер соғысқа шықпасаңдар, А... сендерді жан түршігерлік азапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарына басқа қауым келтіреді. Сендер А...-ға ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. А... - әр нәрсеге күші жетуші. (39)"
Хижри қамари жыл санауы бойынша тоғызыншы жылы римдіктер мұсылмандарға шабуыл жасағалы тұр деген хабар келеді. Осыған орай пайғамбар (с) мұсылмандарды исламдық өлкелерді қорғауға шақырады. Дегенмен бір жағынан жол тым ұзақ болып, келесі жағынан жаз мезгілі және алда Арабстанның құмды шөлдері тұрған еді. Бұған қоса ауылшаруашылық өнімдерін жинау кезі де келіп қалған-тын. Мәдина мұнафықтарының азғырулары салдарынан кейбір мұсылмандар Тәбук соғысына қатысудан жалтармақ болады. Сонда осы аят түсіп, оларға: "Джихадқа қатысу бұйрығы келген шақта, дүниеге қызыққандықтан үйлеріңде отырып, сылтау іздеп, ақыретті ұмыттыңдар ма? Сендердің дүниелерің ақыретте көретін нығметтерден тым аз екенін біліңдер. Әлбетте соғыс майданына бармасаңдар да, А...-ның діні жеңілмейді. А... тағала сендердің орындарыңа басқаларды жібереді. Өйткені өзінің діні мен пайғамбарын (с) қорғауға Оның күші жетеді және сендерге мұқтаж емес". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, джихадқа қатыспаудың жазасы – дүниеде қорлық көру мен ақыретте ауыр азапқа душар болу. Джихадтан қашып, тыныш өмір мен рахатқа жетеміз деп ойламаңдар.
Екіншіден, А... тағаланың нұсқауларын орындау немесе орындамау Оған пайда да, зиян да тигізбейді. Ендеше А...-ға міндетсінбейік те, Оны мұқтаж деп те санамайық.