Тәубә сүресі, 283-ші бөлім, 28-30 аяттар
Тәубә сүресі, 283-ші бөлім, 28-30 аяттар
"Тәубә" сүресінің 28-ші аяты:
"Әй, иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтан биылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаңдар, егер А... қаласа сендерді өз кеңшілігімен байытады. Расында А... толық білуші, хикмет иесі. (28)"
Мұсылмандар Меккені басып алып, Қағбаның ішіндегі мүшріктердің пұттарын қиратқан соң да мүшріктер Харам Мешітіне кіріп, тәуап жасай берді. Осылайша хижра жыл санауы бойынша тоғызыншы жылы А... тағала тарапынан берілген және қажылық рәсімінде оны хазірет Әли (ғ) мүшріктерге жария еткен бұйрық бойынша, келесі жылдан бастап олардың Харам Мешітіне кіруге тыйым салынды. Әрине осы жарлықтың салдарынан Меккеге жыл сайын Арабстан түбегінің түпкір-түпкірінен келетін мүшріктердің саны тым азаяды. Мұсылмандардың негізгі шұғылы зиярат етушілер және сауда керуендерімен сауда-саттық болғандықтан, саудалары жүрмейді. Сол себепті А... тағала оларға: "Ризықтарың Менің қолымда, кедейліктен қорықпаңдар",-деп уәде береді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, серік қосу – жамандық. Нағыз пәктік бір А...-ға иманның арқасында болады.
Екіншіден, кәпірлермен экономикалық байланыстарды үзуден алаңдамайық. Өйткені ризығымыз олардың қолында емес. Ендеше экономикалық қиыншылықтар мен қаржы тапшылығы біздің дінге немқұрайлық етуімізге себеп болмасын.
"Тәубә" сүресінің 29-шы аяты:
"Кітап берілгендерден, А...-ға, ақырет күніне иман келтірмегендер мен А...-ның әрі елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп білмегендер және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар. (29)"
Өткен аят мүшріктермен қалай қарым-қатынастар құру туралы болса, бұл аят кітап иелері жайлы. Мәдинада исламдық билік құрылған соң, христиандар мен яһудилер мұсылмандардың билігін қабылдап, олармен қатар бейбіт тұрмыс кешу немесе бұл жерден кетудің біреуін таңдаулары тиіс еді. Бірақ тарихи куәліктер бойынша, кітап иелерінің кейбір топтары үнемі исламдық жүйеге қарсы қастандық жасауға ниеттеніп, Ислам пайғамбарының (с) билігіне бойсұнбайтын. Бұл аят мұсылмандарды, олар бағынып, қастандықтарынан бас тарқанға дейін және үкіметті басқару үшін қазынаға мұсылмандар сынды "зекет" деп аталатын салық төлеуі үшін олармен күресуге шақырады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, мұсылман немесе христиан немесе яһуди деп аталу маңызды емес. Егер адам иманның шарттарын орындамаса, ол А...-ға, Оның пайғамбарына және қиямет күніне иман келтірмегендей болады.
Екіншіден, діни азшылықтар исламдық жүйеге бағынышты болулары тиіс. Исламдық биліктің беделі, басқалар оған бағынатындай деңгейде болу керек.
"Тәубә" сүресінің 30-шы аяты:
"(Өйткені) Яһудилер: "Ғұзайыр А...-ның ұлы",-деді. Және христиандар да: "Иса А...-ның ұлы",-деді. Бұл, бұрынғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр. (30)"
Бұл аят кітап иелерінің бұрыс наным-сенімдерін баяндамақ. Олар бір А...-ға сенбейді деген өткен аяттан кейін бұл аят былай дейді: "Кейбір яһудилер, А...-ның әмірімен жүз жыл өткен соң қайта тірілткен Ғұзайыр есімді пайғамбарды "құдайдың ұлы" деп санады. Христиандардың басым бөлігі де, жұбайсыз анасынан туған хазірет Мәсіхті (ғ) "құдайдың ұлы" деп біледі. Олардың бұл сөздері, періштелерді құдайдың қыздары деп ойлап, құдайдың перзенттері бар екеніне сенген кәпірлер мен мүшріктердің айтқандарына ұқсайды. Мүшріктер мен кәпірлердің бұл жаласы А...-ны ашуландырғаны соншама, оларды өлімге шақырып: "Қасиетті А...-ға мұндай жаланы жапқандары үшін А... оларды өлтірсін",-деді". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, пайғамбарлар мен илаһи әулиелер секілді ұлы діни тұлғаларға қатысты шектен шығып, оларды адамнан жоғары көтеріп жүрмейік. Не болса да олар адамның баласы және ешқашан құдайдың перзенті бола алмайды.
Екіншіден, илаһи діндерге төніп тұрған ең маңызды қауіп – ырымдар. Өкінішке орай Тәурат пен Інжіл соған душар болған.
Үшіншіден, әр діннің үлкендерінің басты міндеті – дінді таза ұстау үшін ырымдармен күресу болып табылады.