Тәубә сүресі, 282-ші бөлім, 23-27 аяттар
Тәубә сүресі, 282-ші бөлім, 23-27 аяттар
"Тәубә" сүресінің 23-ші аяты:
"Әй, мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі қарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар. (23)"
Бұл сүренің осыдан бұрынғы аяттары А...-ның жолында қоныс аудару мен джихадқа қатысу қажеттігі туралы болды. Бұл аят былай дейді: "Егер ата-аналарың мен ағаларың мұсылман болмаса немесе қоныс аударып, джихадқа қатысатындай болмаса, олар үшін А...-ның дінінен бас тартпаңдар. Отбасылық байланыстарды сақтау үшін А... тағала мен Оның елшісімен (с) байланыстарыңды үзбеңдер. Мұндай жағдайда ата-ананың қамқорлығы мен ағайындық байланысты сақтасаңдар, А...-ның алдында залым болып есептелесіңдер". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, дінді сақтау өте маңызды. Адамның діні мен ақидасын сақтау үшін кейде үй мен отбасынан көшуге тура келеді.
Екіншіден, әкенің балаға қамқорлығы, А...-ның адамға қамқорлығына қарсы келмегенше дейін жүреді. Әйтпесе оның қадірі жоқ.
"Тәубә" сүресінің 24-ші аяты:
"(Мұхаммед (с)): "Егер әкелерің, балаларың, туыстарың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарың, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге А...-дан, пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, А...-ның әмірі келгенге дейін күтіңдер",-де. А... бұзық қауымды тура жолға салмайды. (24)"
Бұл аят, өткен аяттағы тақырыпты толықтырып былай дейді: "А... тағаланы, пайғамбарды (с) және А...-ның жолында соғысуды ма, әлде ата-аналарыңды, жұбайларың мен бала-шағаларыңды, үйлерің мен сауда-кәсіптеріңді жақсы көресіңдер ме? Соны білу үшін имандарыңды сынаңдар. Сақ болыңдар, егер дүниеге қызығушылықтарың діндеріңнен артық болса, дүние мен ақыретте болашақтарың жаман болмақ. Дүниеде тура жолдан мақрұм қалып, ақыретте тозақтың ауыр азабына душар боласыңдар". Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ның нұсқауы мен өз қалауыңның арасында қалған кезде иманның дәрежесі анықталады.
Екіншіден, жақсы тұрмыс қажет, бірақ діннен айрылу мен илаһи парыздардан алшақтау құнымен емес.
Үшіншіден, сезімдер А...-ның жолында соғысуға кедергі болмай, қайта А...-ның жолында жан мен малды, жұбай мен бала-шағаны пида қылу керек.
"Тәубә" сүресінің 25-ші аяты:
"Расында А... сендерге көп жерлерде нұсрат берді. Сондай-ақ Хұнайын күні де сендерге нұсрат берді. Сол уақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда ол сендерге түк пайда бермеді. Сондай-ақ кең бола тұра жер, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайта қаштыңдар. (25)"
Өткен аяттар джихад үкімінен жалтару туралы ескерту жасаса, бұл аят джихадқа қатысудың ниетін нығайту үшін Хұнайын соғысындағы илаһи жәрдемдерді баяндайды. Хижри жыл санауы бойынша сегізінші жылы Мекке басып алынған соң пайғамбар (с) мен бір топ мұсылман Таеф маңайында бір тайпамен соғысу үшін сол жаққа аттанады. Бірақ мұсылмандарға аяқ астынан шабуыл жасалғанда, олардың бір тобы қашады. Пайғамбар (с) қашқандарды шақырып алып, қайта шабуыл жасағанда, мұсылмандар жеңіске жетеді. Бұл соғыста олар тұтқындар мен мол олжа түсіреді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, соғыста шешуші рөлді адамдардың көптігі емес, иман мен илаһи жәрдем атқарады.
Екіншіден, адамның көптігі кейде мақтанышқа себеп болып, жеңіліс пен қорлыққа әкеліп соғуы мүмкін. Жамағаттың санына қарамай, А...-ның жәрдеміне сүйенейік.
"Тәубә" сүресінің 26-27 аяттары:
"Сонан кейін А..., елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды. Сондай-ақ сендерге көрмеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Міне кәпірлердің жазасы осы. (26) Сонымен бірге А..., бұл соғыстан кейін қалаған кісісіне тәубә нәсіп етер. А... тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (27)"
Өткен аяттарды жалғастыра келе бұл аят былай дейді: "Сендер жамағаттарыңның санына сеніп қалып, дұшпан шабуыл жасаған кезде қаша жөнелдіңдер. Бірақ А... тағала бір жағынан пайғамбарына (с) қолдау көрсетіп, қорғау үшін, келесі жағынан мүміндерді соғыс майданына қайтарып, дұшпанды жеңу үшін адам кейпінде періштелерін жібереді. Бұл жеңіліс олардың дүниедегі жазасы. Әрине А... тағала тәубә еткендерді жарылқап, күнәларын кешіреді". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, жеңістің маңызды факторларының бірі – рухани тыныштық пен сенім. Ол А...-ға сенімнің арқасында келеді.
Екіншіден, адамға әрдайым тәубә ету мүмкіндігі бар. А... тағала тәубә етушілерді жақсы көреді.