Тәубә сүресі, 280-ші бөлім, 12-16 аяттар
Тәубә сүресі, 280-ші бөлім, 12-16 аяттар
"Тәубә" сүресінің 12-13 аяттары:
"Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діндеріңе тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар, өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар. (12) (Әй, мүміндер!) Анттарын бұзған, пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа А... тағы лайығырақ. (13)"
Өткен бағдарламада аяттарға сүйене отырып, егер мүшріктер тәубе етіп, бұрынғы қылықтарын қоятын болса, оларды жылы қарсы алып, өзге діни ағайындарыңа секілді қараңдар деп айтқанбыз. Осы аяттар былай дейді: "Бірақ егер олар өздерінің әдіс-тәсілдерін жалғастырып, діндеріңе тіл тигізіп, оны масқаралайтын және сендермен жасасқан келісімдерін бұзатын болса, үндемей отырмаңдар. Өздеріңді және А... тағаланың дінін қорғауға шығып, қастандық істеушілердің басшыларымен күресіңдер. Сендердің қатаң шараларыңнан соң ғана жағымсыз қылықтардан тыйылар. Сендердің сабыр сақтап, үнсіздік танытуларың оларды тындырады деп ойламаңдар. Олар пайғамбарды (с) Мәдинадан қуып шыққан, тіпті оны өлтірмек болған кісілер. Олар пайғамбармен (с) жасасқан серттеріне берік болмады. Ендеше неліктен осалдық білдіріп, олармен күрескілерің келмейді? Егер олармен күреспеуге қорыққандықтарың себеп болса, имандарың нашар екен. Өйткені мүмін А...-дан басқа ешкімнен қорықпайды". Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам қисынды қабылдайды және үнемі өзінің қарсыластарынан дәлел мен дәйек сұрайды. Бірақ діни қасиеттерге тіл тигізуді қабылдамайды.
Екіншіден, дұшпанмен соғыста және джихадта күпірліктің басшыларын көздеңдер. Барлық азғындық солардан шығады.
Үшіншіден, исламдық джихад – шабуылдық емес, қорғаныстық. Джихад шабуыл жасау мен өлкелерді басып алу емес, дінді қорғау үшін.
"Тәубә" сүресінің 14-15 аяттары:
"Олармен соғысыңдар. А... оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де, оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын. (14) Және (олардан жапа шеккендер) жүректерінің ашуын тарқатсын. А... кімді қаласа тәубесін қабыл етеді. А... толық білуші, аса дана. (15)"
А...-ның дініне қарсы шыққан жау кәпірлерге берілетін илаһи жазалардың бірі – дүниеде мүміндердің қолынан жараланып, қырылуы болып табылады. Осылайша олар қорлық көреді. Сондықтан бұл аяттар мүміндерді әлгіндей жаулармен күресуге шақырып, былай дейді: "Егер майданға шықсаңдар, А... тағала сендердің жеңістеріңе жағдай жасайды. Бұл жеңіс қысым көрген мүміндердің дерттерін жазып, ашу-ызасын басады". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, илаһи көмек пен жеңіс талпыныс пен еңбектің арқасында түседі.
Екіншіден, джиһадтың аясындағы абырой мен қауіпсіздік бірнеше мұджаһидтің шәһид болуынан артық.
Үшіншіден, тәубенің жолы әрқашанда ашық. Джихадқа қатыспай қалғандар, қайта қосылса, оларды қумаңдар. А... тағала олардың тәубәсін қабылдауы мүмкін.
"Тәубә" сүресінің 16-шы аяты:
"Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ А...-дан, пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етпегендерді А..., анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? А... істегендеріңді толық білуші. (16)"
Мүміндерді кәпірлердің басшыларымен соғысуға шақырған аяттардан кейін, бұл аят: "Иман дегеніміз тек намаз бен ораза деп ойлайсыңдар ма? А... тағала сендердің қайсыбірің сөзінде тұратынын, ал кімнің тек сөз жүзінде ғана иман келтіргенін анықтау үшін сынайтынын білмейсіңдер ме? Джихад – Ислам дінінің бір буыны. Мүмін оған қатысуы тиіс. Ол өзінің өмірі мен байлығын сақтау үшін А...-дан басқаға еріп, оларға мұсылмандардың сырын айтудың орнына, жаны мен мал-мүлкін А...-ның жолында жұмсауы тиіс. А... тағала сендердің айтқандарың мен істегендеріңнен хабардар екенін білмейсіңдер ме?",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, сынақ пен емтихан А... тағаланың міндетті дәстүрлерінің бірі және одан ешкім құтыла алмайды.
Екіншіден, джихад – илаһи сынақтың майданы. Джихадтан қашқандар, түнімен сәжде етіп шықса да өздерін мүмін деп санамасын.
Үшіншіден, исламдық қоғамның құпиясын сақтау баршаға міндет. Бөтендермен араласқан кезде мұсылмандардың әскери, экономикалық және ғылыми сырларын білдірмеу керек.