Жел 22, 2016 18:52 Asia/Almaty

Тәубә сүресі, 278-ші бөлім, 4-6 аяттар

"Тәубә" сүресінің 4-ші аяты:

"Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе, олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында А... тақуаларды жақсы көреді. (4)"

Естеріңізде болар, өткен бағдарламада оқылған "Тәубә" сүресінің алғашқы аяттарында А... тағала мен Оның елшісі (с) мүшріктер мен олардың қисынға жатпайтын, ырымшылдық істерінен безуді мәлімдеп, оларға бұрыс сенім-нанымдардан бас тартуға немесе тәухид жерінен кетуге төрт ай мұрсат берілгені айтылды. Осы аят былай дейді: "Сендермен келісімшарт бекітіп, оны бұзбаған және дұшпандарыңа көмек көрсетпеген мүшріктер бұл ережеден тыс. Олар келісімшарттары аяқталғанша дейін Меккеде тұра алады және оның мерзімі аяқталған соң, бұл үкім де оларға жүреді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мүшріктермен және дұшпандармен жасалған келісімшартқа да берік болу керек. Олар келісімді бұзса, оның жөні басқа.

Екіншіден, келісімге берік болу – тақуалықтың белгісі. Тақуа адам тек намаз оықп, ораза ұстамайды қайта әлеуметтік келісімдерді де құрметтейді.

"Тәубә" сүресінің 5-ші аяты:

"Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың барлық жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында А... жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5)"

Келісімдеріне берік болған және оны бұзған мүшріктердің арасындағы айырмашылықты баяндаған аяттардан кейін, бұл аят: "Келісімдерін бұзғандар, жауларыңа қолдау көрсеткендер немесе сендерге қарсы шыққандар төрт айлық мерзім аяқталған соң Меккеде қалууына болмайды. Егер қалатын болса, олардың жаны мен мал-мүліктері қауіпсіздікте болмайды. Меккеде он үш жыл бойы және қоныс аударғаннан кейін де мұсылмандарға қарсы қастандықтарын аямағандарға қатаң шаралар қолданыңдар",-дейді. Өйткені олар х.ж.с.б 8-ші жылы Мекке басып алынған кезде пайғамбар (с) жариялаған қоғамдық кешірімді де кері мақсатта пайдаланды. Осы орайда Құран былай дейді: "Белгіленген мерзім аяқталған соң келісім бұзғандарды қай жерден тапсаңдар да қоршап, тұтқындаңдар, егер қарсыласып, қақтығысатын болса, оларды өлтіріңдер. Оларда екі жол ғана бар. Меккеден кету немесе иман келтіріп, серік қосумен араласқан қылықтарын доғару. Пұттарға табынудың орнына А...-ға құлшылық ету. Пұттарға нәзір-садақа берудің орнына, кедей-кепшіктерге зекет беру. Егер осылай ететін болса, А... тағала олардың бұрынғы күнәларын кешіреді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, келісімді бұзған дұшпандарға қатал болу керек. Қаскүнем дұшпандарға емес, мүміндерге мейірімді болу керек.

Екіншіден, Исламда тығырық жоқ. Тәубе етуге әрдайым, тіпті соғыс кезінде де мүмкіндік бар.

"Тәубә" сүресінің 6-шы аяты:

"(Мұхаммед (с)) Егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған А...-ның сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен. (6)"

Өткен аятта қасарысқан және келісім бұзушы дұшпандарға қатысты қатаң болу мәселесі баяндалған соң, бұл аят былай дейді: "Исламдық джихад пен соғыс кек алу үшін емес, әлеуметтік зұлымдық пен ой-пікірдің азғындығымен күресу үшін болады. Сондықтан егер сендерге қарсы соғысып жатқан тараптан мүшріктердің біреуі сендерден пана сұраса, сөздеріңді тыңдап, А...-ның дінімен танысуы үшін оған мұрсат беріңдер. Сонан соң оны өз орнына жеткізіңдер. Ол иман келтірсе де, келтірмесе де, қабылдаса да, қабылдамаса да сөздеріңді естуге құқылы". Бұл, тіпті соғыс алаңында да дұшпанға иман келтірмесе де мұсылмандардың арасына келіп, сонан соң қайта оралуына мүмкіндік беретін Ислам діні мен пайғамбардың (с) ұлылығын көрсетеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, дұшпанға да ойланып, таңдауға және оны А...-ның дініне шақыруға мүмкіндік беру керек.

Екіншіден, көптеген адамдар білмегендіктен адасады. Сондықтан мұсылмандар мен исламдық биліктің міндеті діни жолдауды баршаға жеткізіп, олардың тура жолға түсуіне жағдай жасау болып табылады.

Үшіншіден, Ислам адамның таңдауын құрметтейді. Ол халықтың қорқыныш пен үрейден емес, құрметпен иман келтіруін қалайды.